Қарағанды облысының бірқатар білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 890 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Қарағанды облысының білім басқармасының "Нұра көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына – Болат Әбдікәрімовтің есімі;

      2) Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№ 68 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Мартбек Мамыраевтың есімі;

      3) Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "№ 132 тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Еламан Шахановтың есімі;

      4) Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің " № 9 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Қазыбек Нұржановтың есімі;

      5) Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№ 104 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі;

      6) Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№ 34 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Жақып Ақбаевтың есімі;

      7) Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№ 101 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ыбырай Алтынсариннің есімі;

      8) Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 9 Жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Қаныш Сәтбаевтың есімі;

      9) Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 15 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Әлкей Марғұланның есімі;

      10) Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының есімі;

      11) Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің "№ 19 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ыбырай Алтынсариннің есімі;

      12) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Әлихан Бөкейханның есімі;

      13) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 5 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Жамбылдың есімі;

      14) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 21 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

      15) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 23 тірек мектебі (ресурстық орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Қаныш Сәтбаевтың есімі;

      16) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 26 тірек мектебі (ресурстық орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімі;

      17) Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "№ 29 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ыбырай Алтынсариннің есімі;

      18) Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 8 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының есімі;

      19) Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – әл-Фарабидің есімі;

      20) Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 17 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Әлімхан Ермековтың есімі;

      21) Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ағыбай батыр есімі берілсін.

      2. Қарағанды облысының мынадай білім беру ұйымдарының атауы:

      1) Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Красно-Поляна жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі – Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қарағанды облысы білім басқармасының "Өркен" мамандандырылған мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарағанды облысы білім басқармасының Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады