"Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 938 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы

      2019 жылғы 7 тамызда Сингапурда жасалған Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясы (бұдан әрі - Конвенция) мынадай ескертпелермен ратификациялансын:

      1. Конвенцияның 8-бабы 1-тармағының a) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны өзі тарапы болып табылатын немесе кез келген үкіметтік мекемелер немесе үкіметтік мекеме атынан әрекет ететін кез келген тұлға тарапы болып табылатын татуласу келісімдеріне қолданбайды.

      2. Конвенцияның 8-бабы 1-тармағының b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияны татуласу келісімінің тараптары Конвенцияны қолдануға келіскен дәрежеде ғана қолданады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады