"Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысының қолданысын тоқтата тұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 947 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 30.12.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 қаулысының қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады