"Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулысымен бекітілген Аджип Карачаганак Б.В. ("Аджип"), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ"), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани ("Тексако") компаниялары, "ЛУКойл" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы ("ЛУКойл"), "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ("Қазақойл") мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықта:

      47-тармақта:

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "(а) негізгі құрал-жабдықтардың құны амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатқызылады. Негізгі құрал-жабдықтар осы Нұсқаулықтың № 1 қосымшасына сәйкес амортизацияның белгіленген шекті нормалары бар топтарға бөлінеді, осы 47-тармақтың (9) және (11) тармақшаларына сәйкес 100 % амортизацияға жататын шығыстар қосылмайды, олар әрбір Мердігер компанияның қалауы бойынша қолданылатын амортизация нормасы 100 %-ға дейінгі жеке салық тобын құрайды. Салықтық есептілікті беру мақсаттары үшін амортизация нормасы 100 %-ға дейінгі осындай жеке салық тобы бөлінуге жатпайды;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Келісімге сәйкес және оған байланысты өзінің құрылысы бойынша шығындар, сатып алынған пайдалану мерзімі үш жылдан астам технологиялық жабдықтың құны Келісім күшіне енген сәтінен бастап әр Мердігер компанияның шешімі бойынша 100 %-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша амортизация арқылы шегеруге жатады.

      Келісімнің 19.3 (d) (VIII) бөлімінің ережелерін ескере отырып, мұндай шығыстар тиісті активті пайдалану басталғаннан бастап 100 %-ға дейінгі амортизация нормасы бар бірыңғай жеке салық тобын құрайды;";

      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Республиканың Мердігерге пайдалануға берген активтері мен құрылыстарын ұстауға, жөндеуге және жаңартуға шығындар ағымдағы кезеңде не "Бухгалтерлік есеп тәртібінің" VI Қосымшасының және Келісімнің 19.3 (d) (VIII) бөлімінің ережелеріне сәйкес амортизациялық аударымдар арқылы Келісім күшіне енген сәттен бастап шегерімдерге жатқызылуға тиіс, сондай-ақ көрсетілген шығыстар, егер осы шығыстар жұмсалған сәтте олар ағымдағы шегерімдерге жатқызылмаса, тиісті активтер мен құрылыстарды пайдалану басталғаннан бастап 100 %-ға дейінгі амортизация нормасымен бірыңғай жеке салық тобына да енгізіледі;

      12) жергілікті персоналды оқыту, инфрақұрылымды дамыту шығыстары, қоршаған ортаны қорғау шығыстары, әлеуметтік сала шығыстары, Ақсай қаласына және маңындағы елді мекендерге электр энергиясын өндіру және жеткізу шығыстары, сондай-ақ өндірістік гигиена мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету шығыстары және Келісімде белгіленген Қазақстан Республикасының ішінде, сондай-ақ оның аумағынан тыс жерлерде кез келген басқа да шығыстарға салық шегерімі, амортизациясы немесе тозуы есептелуге тиіс.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін қоршаған ортаны қорғауға арналған шығыстар, оның ішінде:

      (i) Мердігер компаниялардың Қарашығанақ кен орнының санитариялық-қорғаныш аймағын кеңейтуге байланысты шеккен шығыстары (қаржыландырылуы "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының есептік санитариялық-қорғау аймағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарын көшіруді қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 595 қаулысымен бекітілген жаңадан анықталған/жоспарланып отырған санитариялық-қорғаныш аймағының шекаралары шегіндегі елді мекендердің тұрғындарын көшіру және жайластыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда);

      (ii) Келісімнің 17-бөліміне сәйкес жүргізілетін ШКС зерттеу және мониторинг бағдарламасына байланысты Мердігер орындайтын жұмыстарға жататын шығыстар;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының пайдалы мұнай-газ шикізатымен берілген немесе төленген үлесінің құны заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы үшін салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерім болып табылмайды.

      Келісімнің 9-бабына сәйкес мұнай-газ шикізатын бірлесіп өткізуге байланысты барлық шығындар Келісім күшіне енген сәттен бастап Мердігер мен Республика арасында барабар негізде бөлінуге тиіс.

      Мұнай-газ шикізатын бірлесіп өткізуге байланысты шығындарды қоспағанда, Мердігердің Жол қорына төлемдерін қоса алғанда, Келісімге сәйкес Мердігер шеккен барлық шығыстар Мердігер мен Республика арасында бөлінбейді және Салық кодексінің 14-бабы мен осы Нұсқаулықтың ережелері ескеріле отырып, толық көлемде шегерімге жатқызылуға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Пайдалы мұнай-газ шикізатындағы үлесі болып табылатын көмірсутектер құнының Мердігердің жылдық жиынтық кірісіне қосылмауы осы Нұсқаулықтың 46-тармағының ережелеріне сәйкес мұндай шегерімдерді айқындауға әсер етпейді.

      10-1 мысал.

      Салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін Келісім бойынша шеккен шығыстар:

      (i) Қазақстан Республикасына қатысты Мұнай-газ шикізатын бірлесіп өткізуге байланысты шығыстар –2 000 000 АҚШ $ (барабар бөлінген);

      (ii) Мердігерге қатысты Мұнай-газ шикізатын бірлесіп өткізуге байланысты шығыстар – 8 000 000 АҚШ $ (барабар бөлінген);

      (iii) жол қорына төлемдер – 1 000 000 АҚШ $;

      (iv) барлық өзге шығыстар – 30 000 000 АҚШ $.

      Салық кезеңі (күнтізбелік жыл) үшін заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының мақсаттары үшін шегерімге жататын Мердігердің шығыстары:

Атауы

Барлық келтірілген шығыстар

Мың АҚШ $
Шегерімдер

Түсіндірмелер

Мердігер

Республика

Барлығы

Мердігер

Мұнай-газ шикізатын бірлесіп өткізуге байланысты шығыстар

8,000

2,000

10,000

8,000

Бұл шығыстар Мердігер мен Республика арасында барабар негізде бөлінеді және Мердігердің 8000 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі есептелген үлесіне сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады

Жол қорына төлемдер

1,000

0

1,000

1,000

Мұндай шығыстар Мердігер мен Республика арасында бөлінбейді және толық мөлшерде шегерімге жатқызылуға тиіс

Барлық өзге шығыстар

30,000

0

30,000

30,000

Мұндай шығыстар Мердігер мен Республика арасында бөлінбейді және толық мөлшерде шегерімге жатқызылуға тиіс

Барлық шығыстар

39,000

2,000

41,000

39,000


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады