"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 975 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттiк сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, аудиторлық қызмет, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;";

      мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-1) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 54-1) және 54-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "54-1) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту;

      54-2) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын айқындау;";

      364) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "364) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 364-1), 364-2), 364-3), 364-4), 364-5) және 364-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "364-1) Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      364-2) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшарт жасасу және орындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      364-3) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті салалардың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      364-4) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      364-5) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының офтейк-келісімшартты жасасу және орындау тәртібін келісу;

      364-6) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он сегізінші абзацын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады