Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 981 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Uranium One Holland B.V. компаниясына "Заречное" Қазақстан – Ресей – Қырғыз шетелдік инвестицияларымен бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы акциялары пакетінің 49,979 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      2. Uranium One Amsterdam B.V. компаниясына "Ақбастау" бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы акциялары пакетінің 50 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      3. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

"Заречное" Қазақстан – Ресей – Қырғыз шетелдік инвестицияларымен бірлескен кәсіпорны" АҚ акциялары пакетінің 49,979 %

  ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.

"Заречное" Қазақстан – Ресей – Қырғыз шетелдік инвестицияларымен бірлескен кәсіпорны" АҚ акциялары пакетінің 50,021 %

  ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады