Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 38 қаулысы

      Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар және Ақтөбе облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
бекітілген

Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары

Кіріспе

      Ақтөбе облысы елдің стратегиялық индустриялық-аграрлық өңірі болып табылады. Республика бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімінің 2020 жылғы үлес салмағы 4,2 %-ды құрады.

      Өнеркәсіп экономиканың негізгі драйвері болып табылады, ол облыстың жалпы өңірлік өнімінің 40 %-ға жуығын құрайды.

      Металлургия, химия және мұнай-газ салаларын дамыту үшін өңірдің әлеуеті зор, облыстың жер қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық дерлік пайдалы қазбалардың кендері бар. Мысалы, облыс хром кендерінің қоры бойынша әлемде 2-ші орынға ие, көмірсутек шикізаты мен мыс кендерінің қорлары бойынша Қазақстанда 3-ші орынға ие.

      Облыс дамыған жол-көлік айрығы мен транзиттік мамандануының арқасында маңызды стратегиялық торап болып табылады.

      Орта Азияны Ресейдің еуропалық бөлігімен байланыстыратын авиа және автомобиль магистральдарының бірнеше бағыттары қиылысады.

      Тікелей жақын жерде тұрақты өткізу нарықтары орналасқан – 900 километр радиуста Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының 7 ірі қаласы бар, нарық көлемі 12 млн астам адамды құрайды.

      Жалпы өңірде тармақталған көлік инфрақұрылымының қуатты негізі қалыптасқан. Алайда экономиканы дамытуға қосымша серпін беретін көліктік-логистикалық әлеуетті одан әрі жетілдіру қажет.

      2016 – 2020 жылдары оң демографиялық сальдо қалыптасты, 59,5 мың адам келіп қосылды. Ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халық саны 1,8 %-ға немесе 7,8 мың адамға артып, 437,3 мың адамды құрады.

      Алайда облыс шешуді талап ететін бірқатар жүйелі тәуекелдерге тап болуда:

      1) батыс Қазақстан өңірлерінің арасында Ақтөбе облысындағы орташа айлық жалақы ең төмен;

      2) 2030 жылға қарай жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі 2 есе артады;

      3) қалыптасатын агломерацияда өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инфрақұрылымды белсенді түрде салу қажет.

      Үдемелі жаңғырту, әлеуетті инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыру және өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу мақсатында Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді.

      Жоспар 92 ұйымдастырушылық және іске асырылатын іс-шаралардан тұрады.

      Кешенді жоспарды іске асырудан мынадай нәтижелер күтіледі:

      1) Ақтөбе агломерациясы: агломерация орталығы – Ақтөбе қаласы батыс Қазақстан өңірлерінің аумағында хаб-қалаға және негізгі контрмагнитке айналады (қабылданатын шаралар өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл халықтың агломерация аймағына, ең алдымен, Қазақстанның басқа облыстарынан және шекара маңындағы елдерден көшіп-қонуының едәуір өсуіне ықпал етеді);

      2) Ақтөбе облысының аумағында жаңа кен орындарын игеру мұнай өндірудің одан әрі төмендеуін болғызбауға және оның жыл сайын 3 %-дан астам өсуін қалпына келтіруге мүмкіндік береді;

      3) технологиялық жаңғыртуды жүргізу, сондай-ақ ірі кәсіпорындарды іске қосу жалпы өңірлік өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2025 жылға қарай 16 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, 4 жыл ішінде 39 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру, сондай-ақ шамамен 4,8 трлн теңге тарту жоспарлануда, оның ішінде 3,6 трлн теңге – жеке инвестициялар, олар орта есеппен инвестициялардың жалпы көлемінің 75 %-ына жуығын құрайды;

      4) көліктік және инженерлік инфрақұрылым. Ақтөбе облысы барлық экономикалық өсу орталықтарымен байланыс орнатқан. Өңіраралық байланысты нығайту қолданыстағы автомобиль жолдарын реконструкциялау және санаттарын көтеру есебінен қамтамасыз етіледі. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66 %-дан 95 %-ға дейін артады.

      Агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланған әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру жөніндегі іс-шаралар ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді және өнімнің жалпы көлемінің жыл сайын 30 млрд теңгеге дейінгі өсімін қамтамасыз етеді.

      Денсаулық сақтау саласында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу 16 мың ауыл халқы үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға, ауруларды уақтылы анықтауды және олардың уақтылы профилактикасын қамтамасыз етуге, 1000 туған нәрестеге шаққанда нәрестелер өлімін
7,6 жағдайға дейін төмендетуге, аналар өлімі жағдайларын болдырмауға, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75,5 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Экология саласындағы жобаларды іске асыру өңір тұрғындарын ластаушы заттардың теріс әсерінен қорғауға, ластанған су қоймаларының экожүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ су тасқынының жойқын салдарын болдырмауға мүмкіндік береді.

      Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды іске асыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл халықты толғандыратын өткір мәселелердің бірі болып табылады. Бұдан басқа, шағын және орта бизнес объектілеріне инфрақұрылым жүргізу жаңа өндірістер құруға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Учаскелік полиция пункттерін салу немесе сатып алу азаматтардың қауіпсіздігін және өңірдегі құқық қорғау жүйесі жұмысының тиімділігін жедел қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

      Білім беру саласында білім беру базасын одан әрі дамыту білім беру қызметтерінің сапасын айтарлықтай жақсартуға, кадрлар тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

      Осы іс-шаралар кешенін іске асыру өңірдің дамуына сапалы жаңа серпін береді, халық санын арттырады, облыстың шикізатқа тәуелділігін төмендетеді және орта мерзімді перспективада жалпы өңірлік өнімнің жыл сайын 5-6%-ға өсуіне мүмкіндік береді, бұл халықтың әл-ауқатына оң әсер етеді және көші-қон процесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.


Р/с

Іс-шараның атауы

Іс-шараның аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар, бірлесіп орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі,
млн теңге*

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1) өңірдің жалпы өңірлік өнімін номиналды мәнде 2,9-дан 3,8 трлн теңгеге дейін ұлғайту;
2) 39 мың жаңа жұмыс орнын құру, оның ішінде 20 мың тұрақты жұмыс орны;
3) негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 1,5 трлн теңгеге дейін жеткізіп 2,5 еседен астам өсіру;
4) өнеркәсіп көлемін 1,8-ден 2,8 трлн теңгеге дейін жеткізіп 1,6 есе өсіру;
5) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 61 %-дан 95 %-ға дейін ұлғайту.

1. Инфрақұрылымдық даму

1

Ақтөбе қаласында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

300,0

ЖИ

2024 жыл

10 000,0

2025 жыл

10 000,0

2

Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ, Қаржымині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

8 166,9

РБ

810,0

ЖБ

2023 жыл

15 000,0

РБ

1 500,0

ЖБ

2024 жыл

15 000,0

РБ

1 500,0

ЖБ

2025 жыл

15 000,0

РБ

1 500,0

ЖБ

3

Халықтың осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін 20 мың шаршы м тұрғын үй салу

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1683,6

РБ

500,6

ЖБ

4

87,2 мың шаршы м кредиттік тұрғын үй салу

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

15 326,0

ЖБ

2023 жыл

13 748,0

2024 жыл

13 600,0

2025 жыл

13 757,0

5

"Орталық-Батыс" дәлізін реконструкциялау (Қандыағаш-Шалқар учаскесі, 3 учаске, 1215-1259 км, 1174-1215 км, 1125-1174 км)

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

1 000,0

РБ

6

Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасы бойындағы "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолын реконструкциялау, 763-1025 км учаске

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1 700,0

РБ

2023 жыл

8 500,0

2024 жыл

8 500,0

2025 жыл

15 000,0

7

149 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Қаржымині,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

3928,3

РБ

3570,5

ЖБ

2023 жыл

4832,6

РБ

4849,9

ЖБ

2024 жыл

3762,5

РБ

3762,5

ЖБ

2025 жыл

3150,0

РБ

3150,0

ЖБ

8

Ақтөбе қаласының көше-жол инфрақұрылымын дамыту

қабылдау комиссияларының актілері

 
ҰЭМ,
Қаржымині,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

5 589,7

РБ

2 350,0

ЖБ

2023 жыл

3 000,0

РБ

1 500,0

ЖБ

2024 жыл

2 000,0

РБ

1 000,0

ЖБ

2025 жыл

1 350,0

РБ

150

ЖБ

9

1107,5 км жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеу (облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары)

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Қаржымині,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

10 400,0

РБ

10 400,0

ЖБ

2023 жыл

10 400,0

РБ

10 400,0

ЖБ

2024 жыл

10 400,0

РБ

10 400,0

ЖБ

10

Ақтөбе қаласында магистральдық газ құбырының үшінші желісін салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі, ЭМ, "QazaqGaz" ҰҚ" (келісу бойынша), "Интергаз Орталық Азия" (келісу бойынша)

2022 жыл

14 600,0

ЖИ
 

2023 жыл

14 600,0

2024 жыл

14 600,0

11

Ақтөбе облысының 85 ауылдық елді мекендерін газдандыру

қабылдау комиссияларының актілері

ЭМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі,

2022 жыл

7 200,0

РБ

837,3

ЖБ

2023 жыл

9 100,0

РБ

900,0

ЖБ

2024 жыл

9 000,0

РБ

1 000,0

ЖБ

2025 жыл

9 000,0

РБ

1 000,0

ЖБ

12

Ақтөбе облысының 2 қалалық елді мекенін сумен жабдықтау және су бұру

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

6 080,0

РБ

1 520,0

ЖБ

2024 жыл

14 880,0

РБ

3 720,0

ЖБ

2025 жыл

8 800,0

РБ

2 200,0

ЖБ

13

Ақтөбе облысының 33 ауылдық елді мекенін сумен жабдықтау

қабылдау комиссияларының актілері

ИИДМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

4 080,2

РБ

1 266,1

ЖБ

2023 жыл

3 635,4

РБ

908,8

ЖБ

2024 жыл

-

РБ

-

ЖБ

2025 жыл

560,0

РБ

140,0

ЖБ

14

Ақтөбе қаласының Батыс-3 шағын ауданында қазандық салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі, ЭМ, ИИДМ

2023 жыл

1 000,0

РБ

100,0

ЖБ

2024 жыл

1 000,0

РБ

100,0

ЖБ

15

Ақтөбе қаласында көше жарығын орнату

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

2 000,0

ЖИ

2023 жыл

2 800,0

2024 жыл

120

16

Ақтөбе облысы әкімінің қалалық қосалқы басқару пунктін күрделі жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

180,0

ЖБ

17

Ақтөбе облысы әкімінің қала сыртындағы басқару пунктін күрделі жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

180,0

ЖБ

18

Ақтөбе су қоймасы тұстамасынан Ақтөбе қаласының Қурайлы кентіне дейін Елек өзені арнасындағы тазалау, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары

қабылдау-тапсыру актісі

ЭГТРМ, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

2 093,7

РБ

19

Садовое кентінен Елек өзеніне дейін Қарғалы өзені арнасындағы тазалау, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары

қабылдау-тапсыру актісі

ЭГТРМ, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

942,7

РБ

20

Жаңақоныс кентінен бастап Елек өзеніне құяр жеріне дейін Жіңішке өзенінің он бойының арнасын тазалау, тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары

қабылдау-тапсыру актісі

ЭГТРМ, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

1 505,4

РБ

21

Темір ауданы Құмсай кентінің қорғаныш бөгетін салу

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

90,0

ЖБ

22

Темір ауданы Шитүбек кентінің қорғаныш бөгетін салу

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

70,0

ЖБ

23

Темір ауданы Қопа кентінің қорғаныш бөгетін салу

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

80,0

ЖБ

24

Ақтөбе облысының құлақтандыру жүйесін қосымша жарақтандыру

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі
 
 

2023 жыл

302,8

ЖБ

2024 жыл

302,7

25

Ақтөбе облысын цифрлық радиобайланыс құралдарымен жете жарақтандыру

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

107,1

ЖБ

2024 жыл

107,1

26

Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету (22 ауылдық елді мекен)

22 елді мекеннің интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі

ЦДИАӨМ, Ақтөбе облысының әкімдігі, "Восток Телеком" ЖШС (келісу бойынша)

2022 жыл

көзделген қаражат шеңберінде

ЖИ

2023 жыл

2024 жыл

27

Ақтөбе қаласында тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерін салу немесе сатып алу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

240,0

ЖБ

2023 жыл

288,0

2024 жыл

144,0


169,0

ЖБ

28

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасының арнайы қабылдау орнын салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

6,9

ЖБ

2024 жыл

1 030,4

2025 жыл

687,0

2. Индустриялық даму

29

Ақтөбе қаласының өнеркәсіп аймағын электрмен қамтамасыз ету үшін 57 МВт газ турбинасын орнату арқылы жылу электр орталығын жаңғырту және онда 10 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

20 000,0

ЖИ

30

Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылындағы Бенқала кен орнында темір кендерін құрғақ магнитті бөлу фабрикасын салу (жылына 1 млн тонна темір рудасын бастапқы өңдеу), онда 60 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

7 000,0

ЖИ

31

Ақтөбе қаласында мұнай өндіру үшін ұтқыр бұрғылау қондырғыларын өндіретін зауыт салу (жылына 24 ұтқыр қондырғы өндіру), онда 70 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

3 100,0

ЖИ

32

Ақтөбе қаласында шөлмектелген ауыз су өндіретін зауыт салу (сағатына 5 мың шөлмек өндіру), онда 20 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

2 000,0

ЖИ

33

Ақтөбе қаласында биологиялық ыдырайтын пакеттер өндіретін зауыт салу (жылына 6 мың тонна пакет өндіру), онда 60 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1 500,0

ЖИ

34

Ақтөбе қаласында мұнай өндіру кезінде пайдаланылатын мұнай-химия реагенттерін (бұрғылау қондырғыларына арналған майлау қоспасы) өндіру зауытын салу (жыл бойына 2,5-3 мың тонна реагенттер өндіру), онда 20 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

300,0

ЖИ

35

Ақтөбе қаласында 15 жұмыс орнын құра отырып, ПВХ және алюминийден терезе-есік және қасбеттік бұйымдар өндірісі бойынша жобаны іске асыру (өндірісі жылына 32000 ш. м), онда 20 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

130

ЖИ

36

Хромтау ауданында жылына қуаты
150 МВт "Хромтау 1" жел электр станциясын салу (өндірілген электр энергиясымен Хромтау ауданының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары қамтамасыз етілетін болады), онда 20 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

84 000,0

ЖИ

37

Хромтау ауданында Лиманное кен орнын игеру (жылына 1,3 млн тонна мыс кенін өндіру), онда 300 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

41 000,0

ЖИ

38

Ақтөбе қаласында химиялық реагенттер (антифриз және мотор майы) өндіру бойынша жобаны іске асыру (жылына
10 мың тонна өндіру), онда 50 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

700,0

ЖИ

39

Ақтөбе қаласында қасбеттік материалдар (жылу оқшаулағыш материалдар) өндіретін зауыт салу (жылына 150 мың ш. м өндіру), онда 25 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

385,0

ЖИ

40

Мұғалжар ауданының Алтынды ауылында AltynEX тау-кен металлургиялық комбинатын салу (доре қорытпасы "алтынды алғашқы өңдеу"), (жылына 5 млн тонна кен өңдеу), онда 500 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

120 000,0

ЖИ

41

Хромтау ауданында жылына қуаты
90 МВт "Хромтау 2" жел электр станциясын салу (өндірілген электр энергиясымен Хромтау ауданының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары қамтамасыз етілетін болады), онда 20 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

84 000,0

ЖИ

42

Байғанин ауданында цемент өндіретін зауыт салу, онда 250 жұмыс орнын құру (портланд маркалы цемент пен клинкер өндірісі, жылына 1,2 млн тонна)

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

70 000,0

ЖИ

43

Қарғалы ауданының Бадамша ауылында қоңыр көмірден органикалық тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу (ауыл шаруашылығында пайдалану үшін тыңайтқыштар мен гербицидтер өндіру), (сұйық және түйіршіктелген түрдегі қоңыр көмірден жылына 4 мың тонна органикалық гуминді топырақ оқшаулағыш өндіру), онда 80 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

13 500,0

ЖИ

44

Ерекше индустриялық аймақ құру (инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін технологиялар трансфері мен басқару моделі үшін)

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы

Ақтөбе облысының әкімдігі, ИИДМ

2024 жыл

талап етілмейді

-

45

Ерекше индустриялық аймақтың шекарасына дейін сыртқы инфрақұрылымды (газбен жабдықтау желілері, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, автомобильді және теміржол кірме жолдары мен жолдар) салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі, ИИДМ

2024 жыл

11 000,0

РБ

2025 жыл

11 000,0

46

Ақтөбе қаласында диализаторлар (токсиндерді жоятын және қанды пайдалы заттармен байытатын зарарсыздандырылған сүзгі) өндірісі бойынша жобаны іске асыру (жылына
1 млн диализатор өндіру), онда 60 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

3 700,0

ЖИ

47

Хромтау ауданында қуаты жылына
250 МВт жел электр станциясын салу (өндірілген электр энергиясымен облыс тұрғындары және өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етіледі), онда 30 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

450 000,0

ЖИ

48

Титан-цирконий кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешенін салу (металлургиялық және авиағарыш өнеркәсібінің мұқтажына арналған концентрат) (жылына 2,2 млн тонна кенді қайта өңдеу), онда 150 жұмыс орнын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

152 000,0

ЖИ

3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

49

Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының 100 %-ын цифрландыру

ҰЭМ-ге ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

талап етілмейді

-

50

Ақтөбе қаласында 400 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

382,0

ЖИ

51

Әйтеке би ауданында 1000 бас ірі қара малды бордақылау алаңын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

400,0

ЖИ

52

Мәртөк ауданында 400 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

400,0

ЖИ

53

Мәртөк ауданында 1000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын құру

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

650,0

ЖИ

54

Хромтау ауданындағы өсімдік майын тазарту цехын салу

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

400,0

ЖИ

55

Ақтөбе қаласында құс фабрикасын салу

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2025 жыл

32 000,0

ЖИ

56

Әлеуметтік нан өндіру үшін "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бидайының құнын 90,0 мың теңгеден субсидиялау

бюджет қаражатын бөлу

АШМ, Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

475,0

РБ

2023 жыл

590,4

2024 жыл

713,6

57

АӨК субъектілерін субсидиялау

бюджет қаражатын бөлу
 
 

Ақтөбе облысының әкімдігі, АШМ

2022 жыл

6 861,0

РБ

2023 жыл

7 205,0

2024 жыл

7 565,0

2025 жыл

7 950,0

58

Ұлттық жобалар шеңберінде АӨК субъектілеріне кредит беру

бюджет қаражатын бөлу

Ақтөбе облысының әкімдігі, АШМ

2022 жыл

4 000,0

РБ

2023 жыл

4 500,0

2024 жыл

5 000,0

2025 жыл

5 500,0

59

Темір, Қобда, Ойыл және Қарғалы аудандарында 4 ветеринариялық станция салу

қабылдау комиссияларының актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі, АШМ

2023 жыл

109,0

ЖБ

60

45 модульді ветеринариялық пункт салу

қабылдау комиссияларының актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі, АШМ

2023 жыл

285,0

ЖБ

2024 жыл

285,0

2025 жыл

285,0

61

Балық өсіру шаруашылықтарын құру және дамыту үшін жер учаскелерін беру

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 – 2025 жылдар

талап етілмейді

-

62

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау

көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімі бойынша субсидиялар төлеу

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

111,5

ЖБ

2023 жыл

205,9

2024 жыл

371,5

2025 жыл

518,7

63

Жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындары мен басқа да білім беру мекемелерінің базасында балық өсіруге оқытуды ұйымдастыру

шарт және басқа да растайтын құжаттар

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1,5

ЖБ

2023 жыл

1,5

2024 жыл

2,7

2025 жыл

2,7

64

Қайта өңделген балық өнімінің килограмын субсидиялау түрінде балық өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау мәселесін пысықтау

ЭГТРМ-ге тиісті есептеулері бар ұсыныстар

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

талап етілмейді

-

65

Балық өсіру шаруашылықтарын кеңейту және салу үшін инфрақұрылым құру жөнінде шаралар қабылдау

пайдалануға беру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

43,0

ЖБ

2023 жыл

56,0

2024 жыл

49,4

2025 жыл

20,3

66

Торда балық өсіру шаруашылықтарын құру үшін инвесторлар тарту

балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттар

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

120,0

ЖИ

2023 жыл

150,0

4. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

67

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру

ҰЭМ-ге ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі, Қаржымині

2023 жыл

5 000,0

ЖБ (РБ-дан субвенция түрінде түсетін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде)

2024 жыл

5 000,0

2025 жыл

5 000,0

68

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 –2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ШОБ объектілеріне жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі, Қаржымині

2022 жыл

1 000,0

РБ

500,0

ЖБ

2023 жыл

2 000,0

РБ

500,0

ЖБ

2024 жыл

2 000,0

РБ

500,0

ЖБ

2025 жыл

2 000,0

РБ

500,0

ЖБ

69

Жол бойындағы сервис объектілерін салу және реконструкциялау бойынша шығындардың бір бөлігін субсидиялау

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ, Қаржымині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

субъектілерден РБ бойынша қаражат трансфертіне өтінімдердің түсуіне қарай

РБ

2024 жыл

2025 жыл

70

Орналастыру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша шығындардың бір бөлігін субсидиялау

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ, Қаржымині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

субъектілерден РБ бойынша қаражат трансфертіне өтінімдердің түсуіне қарай

РБ

2024 жыл

2025 жыл

71

Автомобиль көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ, Қаржымині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

субъектілерден РБ бойынша қаражат трансфертіне өтінімдердің түсуіне қарай

РБ

2024 жыл

2025 жыл

72

Санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ, Қаржымині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

5,0

РБ

2024 жыл

5,0

2025 жыл

5,0

5. Әлеуметтік саланы дамыту

73

Ақтөбе облысының тірек және спутниктік 18 ауылда дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі, ҰЭМ

2022 жыл

600,0

РБ

60,0

ЖБ

2023 жыл

1000,0

РБ

100,0

ЖБ

2024 жыл

500,0

РБ

200,0

ЖБ

74

Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу

қабылдау комиссияларының актілері

Еңбекмині, Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1 000,0

РБ

317,6

ЖБ

2023 жыл

4716,0

РБ

318,4

ЖБ

75

Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 224 мектепті жаңғырту (2022 жылы – 56 мектеп, 2023 жылы – 56 мектеп, 2024 жылы – 56 мектеп, 2025 жылы – 56 мектеп)

БҒМ-ға
ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

2 027,0

ЖБ

2023 жыл

1 700,0

2024 жыл

1 862,0

2025 жыл

1 200,0

76

Ақтөбе қаласында колледж студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін екі жатақхана салу
 

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

1 060,0

ЖБ

2023 жыл

270,0

77

Лизинг есебінен жалпы білім беретін мектептер үшін 32 автобус сатып алу

қабылдау-тапсыру актісі

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

394,0

РБ

2024 жыл

300,5

2025 жыл

284,9

6. Экологиялық жағдайды жақсарту

78

Орман қорында 29,7 мың гектарға
60,2 млн ағаш отырғызу

ЭГТРМ-ға ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

79,2

ЖБ

2024 жыл

67,9

2025 жыл

82,5

79

Елді мекендерде 0,46 млн ағаш отырғызу

ЭГТРМ-ға ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

51,2

ЖБ

2023 жыл

68,3

2024 жыл

68,3

2025 жыл

68,3

80

Көкжиде құмының жерасты және жерүсті сулары сапасының мониторингі

ҰЭМ-ға ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

100,0

ЖБ

81

Елек өзенінің жерасты суларының алты валентті хроммен ластану ошағының жай-күйін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

ҰЭМ-ге ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

96,5

ЖБ

82

Елек өзенінің жерасты суларының алты валентті хроммен ластану ошағын жоюдың ТЭН әзірлеу

ТЭН

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

170,0

ЖБ

83

Бұрынғы Алға химия зауытының, оның ішінде қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды түгендеу. Қалдықтардың паспорттарын жасау

орындалған жұмыстар актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

50,0

ЖБ

84

"Ақтөбе облысы, Киров атындағы бұрынғы Алға химия зауытының аумағында орналасқан қауіпті қалдықтарды (химиялық және өнеркәсіптік қалдықтарды, шламжинағыш қалдықтарды) жою" ЖСҚ түзету

ЖСҚ

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

150,0

ЖБ

85

Киров атындағы бұрынғы Алға химия зауытының аумағында орналасқан қауіпті қалдықтарды (химиялық және өнеркәсіптік қалдықтарды, шламжинағыш қалдықтарды) жою

орындалған жұмыстар актілері

ЭГТРМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

3 000,0

РБ

2025 жыл

5 000,0

86

Ақтөбе облысының 10 шағын су қоймасын салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

2 000,0

ЖБ

2024 жыл

2 000,0

87

Жем өзенінің арнасын тазарту

орындалған жұмыстар актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2024 жыл

4 000, 0

РБ

88

Ақтөбе облысының 6 ірі су қоймасын салу

қабылдау комиссияларының актілері

Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

3 500,0

РБ

2024 жыл

3 500,0

89

Жем өзені бассейніндегі су шаруашылығы құрылыстарын, оның ішінде иесіз және экономикалық тұрғыдан орынсыз құрылыстарды түгендеу

ЭГТРМ-ға ақпарат

Ақтөбе облысының әкімдігі

2022 жыл

талап етілмейді

-

90

Ойыл өзенін зерттеп-қарау актісінің қорытындысы бойынша әзірленген Ойыл өзенін сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру

Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі есеп

ЭГТРМ,
Ақтөбе облысының әкімдігі

2023 жыл

4 800, 0

РБ

91

Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау

қабылдау комиссияларының актілері

ЭГТРМ

2023 жыл

1 100, 0

РБ

92

Қарғалы су қоймасын реконструкциялау

қабылдау комиссияларының актілері

ЭГТРМ

2023 жыл

1 000,0

РБ

2024 жыл

1 000,0

2025 жыл

1 000, 0




Қаржыландыру көзі

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

БАРЛЫҒЫ

Республикалық бюджет

56 684,6

96 900,2

103 126,6

86 599,9

343 311,3

Жергілікті бюджет

39 718,8

47 619,0

47 253,9

30 997,1

165 588,8

Жеке инвестициялар

51 532,0

145 385,0

315 800,0

644 000,0

1 156 717,0

ЖИЫНЫ

147 935,4

289 904,2

466 180,5

761 597,0

1 665 617,1


      Ескертпе:

      * - республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі бюджет заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:


АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖБ

жергілікті бюджет

ЖИ

жеке инвестициялар

ЖСҚ

жобалау сметалық құжаттама

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

"Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МСМ

Мәдениет және спорт министрлігі

РБ

республикалық бюджет

ТЭН

техникалық экономикалық негіздеме

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ШОБ

шағын және орта бизнес

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

"QazaqGaz" ҰҚ" АҚ

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады