"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және "Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және "Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және "Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2433

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2446

      ";


      2) "Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 Жарлығында:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Жарлыққа қосымшада ("қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар) көрсетілген штат санының лимиттері қысқартылуға жатпайтын органдарды, сондай-ақ қысқартылмайтын жекелеген тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын органдардың штат санының лимиттерін 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін 15 пайызға қысқартуды;";

      4) қызмет бабында пайдалану үшін;

      5) қызмет бабында пайдалану үшін;

      5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      8-тармақтың 1) тармақшасы "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 5-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі." деп жазылып, 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады