Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
қызмет бабында пайдалану үшін;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 874 қаулысында:
1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
2) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "алтыншы абзацтарын;" деген сөздер "алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақша алып тасталсын;
2 және 4-қосымшалар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |