Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 587 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғаның, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан олар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындай алады.";
106-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Қағидалардың 105-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары ашылмайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |