"Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады