Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 107 қаулысы

      "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41) тармақшасын және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 3 наурыздағы
№ 107 қаулысына
қосымша

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41) тармақшасына және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына сәйкес әзірленді және 226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 074 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 074 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      3. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес 2022 жылға жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары, оның ішінде:

      1) ана мен баланы қорғау жөнінде қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;

      3) облыстық мамандандырылған медициналық жабдықтау базалары;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің қосымша көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге пайдаланылады.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 074 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.

      5. Жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу қалыптасқан жағдайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 074 бюджеттік бағдарлама бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын түзету туралы ұсыныс енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады