Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 109 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Кеңес" орман шаруашылығы мекемесі", "Краснобор орман шаруашылығы мекемесі" және "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы алаңы 312,94 гектар жер учаскесі орман қорының жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен елді мекендер шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 109 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


 
Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

жайылым
 

шабындық

қолайсыз (батпақты және өзгелері)

1

2

3

4

5

6

7

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Кеңес" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Кеңес ауылы )

56,44

1,44

55,0

-

-

-

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Ақкөл орман шаруашылығы ауылы )

90,5

10,49

-

9,01

70,7

0,3

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Краснобор орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Талқара ауылы)
 

127,0

11,7

-

57,3

-

58,0

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Айдарлы ауылы )

39,0

7,7

-

29,3

2,0

-

Барлығы:

312,94

31,33

55,0

95,61

72,7

58,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады