"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 35032 ер азаматты 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.09.2022 № 662 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |