"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 және "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 129 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту;

      39-2) кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту;".

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 қаулысы;

      2) "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады