Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігін ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылсын.
2. "Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |