ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі" шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру, дербес деректер мен оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезия мен картография саласын, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, байланыс қызметінің тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";
мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:
"66-1) "бір терезе" қағидаты бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды ұйымдастыру кезінде мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеуді үйлестіру;";
225) тармақша алып тасталсын;
227) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"227) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
мынадай мазмұндағы 227-1) тармақшамен толықтырылсын:
"227-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;";
231) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"231) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту;";
232) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 232-1) тармақшамен толықтырылсын:
232-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;";
233) тармақша алып тасталсын;
234) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"234) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту;";
235) тармақша алып тасталсын;
236) және 237) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"236) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
237) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;";
мынадай мазмұндағы 237-1), 237-2), 237-3), 237-4) жəне 237-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"237-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын инновациялық және технологиялық даму бөлігінде келісу;
237-2) жобалардың инновациялылығы өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту;
237-3) цифрлық трансформация және 4.0 индустриясын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
237-4) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
237-5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;";
244) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"244) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде келісу;";
257) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"257) ғылым саласындағы уәкілетті органға тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі және іске асырылуы туралы ақпарат беру;";
мынадай мазмұндағы 257-1), 257-2), 257-3), 257-4), 257-5), 257-6), 257-7), 257-8), 257-9), 257-10) және 257-11) тармақшалармен толықтырылсын:
"257-1) құзыреті шегінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
257-2) құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шаралар әзірлеу және оны ілгерілетуді жүзеге асыру;
257-3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша жетекшілік ететін салалардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын айқындау;
257-4) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын пайдалану арқылы жәрдем көрсету;
257-5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
257-6) құзыреті шегінде әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
257-7) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
257-8) құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
257-9) құзыреті шегінде жұмыс істеп тұрған инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
257-10) бірлескен өндірістерді құру үшін құзыретi шегiнде инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
257-11) қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру үшін құзыреті шегінде трансұлттық корпорацияларды тарту;".
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |