Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 199 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі
№ 199 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 9-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі № 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 936 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1098 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 және "Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 523 қаулысы.

      8. "Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 8 қарашадағы № 677 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады