"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 265 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспары";

      мазмұнында:

      мына:

      "

1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған стратегиясына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер

5

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер

5

                                                                                    ";

      мына:

      "

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымша

1

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымша

3

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша

1

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша

3

      ";

      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл құжат өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бағыттары бойынша өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріліп әзірленді және оның миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, 2014 – 2023 жылдарға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: сыртқы ортаны талдау" деген 1-бөлімде:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған стратегиясына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер" деген 1.1-кіші бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер";

      алпыс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму жоспарда (бұдан әрі – Жоспар) (бұрын – Стратегия) өз миссиясын іске асыру бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тарапынан күшейтуді талап ететін ағымдағы макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер көрініс тапқан. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік саясатты іске асыру және "Қазақстан-2050" cтратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" (бұдан әрі – "Стратегия – 2050") cтратегиясында қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының орнықты дамуына бағытталған.";

      "Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары" деген 1.2-кіші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз қызметінде өнеркәсіптік-инновациялық даму, ұлттық өнімнің экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру және халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады.";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ағымдағы жай-күйін талдау: ішкі ортаны талдау" деген 2-бөлімде:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы" деген 2.1-кіші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамына бұрын әртүрлі мемлекеттік органдардың және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқаруында болған 9 ЕҰ (осы Жоспарға 2-қосымша) кіреді.";

      "ҚТК орындалуы мен SWOT атқарылуын талдау" деген 2.2-кіші бөлімде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұған дейін Жоспарда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасу міндетін орындау және қызметтің үш стратегиялық бағытын іске асыру үшін қызметтің 12 түйінді көрсеткіші айқындалған болатын.";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мен пайымы" деген 3-бөлімде:

      он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жоспардың 5-бөліміндегі стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша 2023 жылға арналған нысаналы мәні айқындала отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің ҚТК көзделген.

      Жылдық аралық нысаналы мәндері мен іс-шаралары бар егжей-тегжейлі кіші тапсырмалар "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесі бес жылға бекітетін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның іс-шаралар жоспары шеңберінде көзделетін болады.";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары" деген 4-бөлімде:

      "Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау" деген 4.1.1-кіші бөлімде:

      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолдау ұсыну үшін жобаларды іріктеу еңбек өнімділігінің ұлғаюы, өткізу нарықтарының кеңеюі, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылықтың ұлғаюы ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.";

      "Жаңа құзыреттерді және жұмысты ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру" деген 4.4.4-кіші бөлімде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық технологияларды дамыту Жоспардада келтірілген басты міндеттерді шешуге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2021 – 2023 жылдарға арналған цифрландыру Стратегиясы бекітілді, онда ішкі бизнес-процестерді автоматтандыруға, көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлануын дамытуға, істен шығуға төзімді инфрақұрылымды құруға, "paper free" қағидатын енгізуге, деректерді басқаруға, сондай-ақ цифрлық технологияларды басқарудың заманауи әдістерін енгізуге басты назар аударылады.";

      қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орнықты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ өз миссиясына, Жоспар ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ орнықты даму саласындағы халықаралық стандарттарда бекітілген мінез-құлық нормалары мен қағидаттарды пайдаланады.";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2023 жылға дейінгі ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы" деген 5-бөлімде:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі" деген қызметтің 1-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс-шаралар жоспары/есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есеп, кредиттік және инвестициялық қызметті жүзеге асыратын ЕҰ деректері";

      "Кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі" деген қызметтің 4-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс-шаралар жоспары/есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі есеп, кредиттік қызметті жүзеге асыратын ЕҰ деректері";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындар түсімінің көлемі (жылдың ішінде)3" деген қызметтің 8-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДБ, Даму, АНК мен ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындауы жөніндегі есептері";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі (жылдың ішінде)3" қызметтің 9-шы түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДБ, KazakhExport, АНК мен ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындауы жөніндегі есептері";

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаражатының бірлігіне шаққанда ҚР-ға тартылған инвестициялардың коэффициенті" деген қызметтің 10-шы түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бекітілген іс-шаралар жоспары, есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындау туралы ҚКМ-нің бекітілген есебі, осы көрсеткіштің орындалуына және (немесе) мониторингіне жауапты ҚКМ бөлімшесінің ЕҰ лауазымды адамы қол қойған есебі, онда ТИҚ атаулары, есепті кезеңде ҚР жобаларына нақты инвестициялар туралы ақпарат (есепті күнге абсолюттік мәндер), осы ТИҚ-тегі инвесторлар (оның ішінде шетелдік) мен ҚКМ үлестері және өзге де параметрлер көрсетіледі.";

      "АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі (жылдың ішінде)3" деген қызметтің 11-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "АНК, ҚКМ және ҚДБ-ның есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындауы жөніндегі есептері";

      "Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемі (жылдың ішінде)3" деген қызметтің 12-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚДБ, ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындауы жөніндегі есептері";

      "Қазақстан Республикасындағы қолжетімді тұрғын үй құрылысына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қосқан үлесі (жылдың ішінде)" деген қызметтің 13-ші түйінді көрсеткішіндегі 7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отбасы банк пен Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының есепті жылдың ішінде іс-шаралар жоспарын орындауы жөніндегі есептері, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының, ЖАО деректері";

      "Ескертпе: Стратегия мәтінінде пайдаланылған аббревиатуралардың толық жазылуы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Жоспар мәтінінде пайдаланылған аббревиатуралардың толық жазылуы";

      1-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек" ұлттық басқарушы
холдингі" акционерлік
қоғамының 2014 – 2023
жылдарға арналған даму
жоспарына 1-қосымша";

      2-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Бәйтерек" ұлттық басқарушы
холдингі" акционерлік
қоғамының 2014 – 2023
жылдарға арналған
даму жоспарына
2-қосымша";

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады