Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 321 қаулысы.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 98-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 321 қаулысына
қосымша

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 564 қаулысымен.

      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы.

      2. "QazTech Ventures" акционерлік қоғамы.

      3. "Астана Innovations" акционерлiк қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады