"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші өндірген тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатыстыруға рұқсат етілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 322 қаулысына қосымша |
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын, шет мемлекеттерден шығарылатын тауарлар тізбесі
Р/с | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ТЖКҚ БНА |
1 | Есептеу машиналары және олардың блоктары |
8471300000 |
262013.000.000011 |