Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә.Смайылов |
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттамаға қол қою туралы
"Қазакстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы № Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ТӨРТІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Жарғыға мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Жарғының 8-бабының үшінші абзацы "ақпараттық қауіпсіздік," деген сөздерден кейін "биологиялық қауіпсіздік," деген сөздермен толықтырылсын;
б) Жарғының 17-бабының екінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бас хатшының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді СІМК-нің ұсынуы бойынша Кеңес қабылдайды.".
2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
202_ жылғы "__" _______ ________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшінРесей Федерациясы үшінТәжікстан Республикасы үшін |