Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 991 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
"
16-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | МҚІА | шілде | тамыз | қазан | А.С. Жолманов |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |