ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен төрт пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |