Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қасіретті қаңтар" сабағы: қоғам тұтастығы - тәуелсіздік кепілі" атты Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының әкімдері, "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы:

      1) Қағидаларды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

      2) Қағидалардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жартыжылдықта бір рет ақпарат ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін Қағидалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып тұрсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 390 қаулысымен
бекітілген

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қасіретті қаңтар" сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі" 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

      Қағидаларды іске асыру мерзімі:

      2022 жылғы 1 қыркүйек – 2027 жылғы 25 мамыр аралығы.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық адалдық – білім беру процесінің барлық қатысушыларының мінез-құлық нормаларын белгілейтін, олардың жеке адалдығы мен оқуға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін білім беру процесіндегі құндылықтар мен қағидаттардың жиынтығы;

      2) педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құзыреттері (бұдан әрі - педагогтердің АКТ-құзыреттері) – педагогтің білім беру процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, білім алушыларды оқытудың дербестендірілген және бейімделген тәсілдерін жүзеге асыру, кері байланыс алу және ұсыну қабілеті;

      3) кадрлық резерв мектебі - өз саласындағы көшбасшылар қатарынан басқарушылардың кадрлық резерві;

      4) мектеп командалары – жалпы мақсатпен және құндылықтармен біріккен педагогтер мен басқарушылар тобы (кейде оларға оқушылар да қосылуы мүмкін);

      5) нысаналы өңірлер – білікті және ынталы педагогтерді тарту мен тұрақтандырудың орнықты моделін құру және білім беру сапасын жақсарту үшін таңдалған өңірлер;

      6) транскрипт (Transcript) – тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер және (немесе) модульдер тізбесін және оқу жұмысының басқа түрлерін қамтитын, кредиттер мен бағалар көрсетілген құжат;

      7) "Шабыт" бағдарламасы – ғылым, мәдениет, өнер және ағарту салаларындағы ұлы, атақты қазақ қайраткерлерінің еңбектерін педагогикалық қоғамдастық өкілдері арасында насихаттауға бағытталған жоба. Жоба мынадай нысандарды пайдалану арқылы іске асырылады: дәріс, пікірталас, сұхбат, телекоммуникациялық құралдар арқылы.

2-тарау. Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тартудың мақсаты, негізгі міндеттері және шаралары

      3. Мақсаты – өңірлік білім беру жүйелерінде білікті және ынталы педагогтерді тартудың және тұрақтандырудың орнықты моделін құру арқылы білім беру сапасын жақсарту.

      4. Міндеттері:

      педагогтерді тарту, іріктеу жүйесін және оларды қолдаудың ынталандырушы шараларының пакетін әзірлеу;

      біліктілікті арттыру және оқу-әдістемелік сүйемелдеу арқылы педагогтерді кәсіби дамыту.

      5. Мақсат мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қағидаларда мынадай шаралар айқындалды:

      1) нысаналы өңірлердің – Алматы, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының педагог кадрларға қажеттілігінің мониторингін жүргізу;

      2) педагогтерді тарту мен тұрақтандыру тетігін әзірлеу;

      3) қолдаудың ынталандырушы шараларының арнайы пакетін әзірлеу.

      6. Нысаналы өңірлерде педагогтерге қажеттілікті талдауды білім беруді басқару органдары жүргізеді.

      7. Педагогтерді бос лауазымдарға тарту үшін нысаналы өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан үйлестіру кеңестері (бұдан әрі – ҮК) құрылады.

      8. ҮК кемінде жеті адамнан, оның ішінде ҮК мүшелері қатарынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады.

      ҮК құрамына педагогтерге қажеттілік бар білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының әдіскерлері, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның, облыстық білім басқармасының, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.

      ҮК құрамын облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Төраға ҮК қызметіне жетекшілік етеді. Хатшы ҮК отырыстарын ұйымдастырады, отырыстар хаттамаларын ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      9. ҮК өз қызметін жариялылық, объективтілік, бүкпесіздік қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырады.

      10. ҮК қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      11. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде ҮК құрамы қайта қаралады. ҮК құрамын өзгерту өңір әкімінің әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      12. ҮК отырыстары төраға, отырысқа қатысқан ҮК мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      13. Егер Кеңестің жалпы құрамы мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан болса, ҮК отырысы өтті, ал оның шешімі заңды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қатысып отырған ҮК мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде ҮК төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      14. ҮК отырыстары аудио- және бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудио- және бейнежазбалар конкурс жариялаған білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.

      15. ҮК негізгі функциялары:

      1) ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      2) педагогтерді конкурстық іріктеуге (бұдан әрі – конкурс) қатысушылардың тізімін қалыптастыру және конкурс өткізу үшін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына беру үшін үміткерлердің құжаттарын осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      3) конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия ұсыным берген үміткерлердің тізімін алу;

      4) конкурстық комиссия бекіткен тізімге сәйкес нысаналы өңірлердің білім беру ұйымдарындағы бос орындарға педагогтерді жұмысқа қабылдауды үйлестіру;

      5) педагогтерді көшіру, орналастыру, қолдаудың ынталандырушы шаралары пакетімен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді үйлестіру;

      6) кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын іске асыру мәселелерін үйлестіру;

      7) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында нысаналы өңірде бос орындардың бар екені туралы хабарландыру жариялау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастыру;

      8) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік кепілдіктерді шешуге жәрдемдесу болып табылады.

3-тарау. Педагогтерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      16. Конкурстың негізгі қағидаттары:

      1) тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық үміткерлер құқықтарының теңдігі;

      2) үміткерлер арасындағы адал бәсекелестік;

      3) өткізудің объективтілігі, бүкпесіздігі, жариялылығы болып табылады.

      17. Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіндері бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өткен), сондай-ақ "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер, оның ішінде гуманитарлық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратураны бітірушілер қатысады.

      18. Конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия – құрамына "НЗМ" ДБҰ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері кіретін алқалы орган.

      19. Конкурс қажеттілігіне қарай өткізіледі және мыналарды қамтиды:

      1) Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлау;

      2) құжаттар қабылдау;

      3) компьютерлік тестілеу және эссе;

      4) әңгімелесу.

      20. ҮК Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының интернет-ресурсында орналастырады.

      21. Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлер осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қажетті құжаттармен қоса хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға жолдайды. Үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ҮК конкурс жарияланғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      22. ҮК құжаттардың түсуіне қарай үміткерлердің құжаттарын педагогикалық қызмет талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      23. ҮК кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстың және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылғаны туралы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне сұрау салу жібереді.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыстың және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны және (немесе) педагогикалық әдеп нормаларының бұзылғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог конкурстан кез келген кезеңде шеттетіледі.

      24. Конкурсқа қатысуға:

      1) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ психикасында, мінез-құлқында ауытқу (аурулары), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты ауытқуы бар;

      2) заңды күшіне енген сот үкіміне немесе медициналық қорытындыға сәйкес педагогтік қызметке тыйым салынған үміткерлер;

      3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

      25. ҮК конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімін бекітеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "НЗМ" ДБҰ-ға береді.

      26. Барлық ақпарат жергілікті атқарушы органдардың және "НЗМ" ДБҰ-ның ақпараттық ресурстарында орналастырылады.

      Конкурс "НЗМ" ДБҰ-да:

      бірінші кезең – компьютерлік тестілеу және эссе жазу форматында;

      екінші кезең – әңгімелесу нысанында өткізіледі.

      27. Конкурстың бірінші кезеңін өткізу үшін "НЗМ" ДБҰ жанынан емтихан кеңесі конкурстың бірінші кезеңінің рәсімдері мен нәтижелерінің сақталуын қарайтын, сондай-ақ үміткерлерді конкурстың екінші кезеңіне жіберу бойынша ұсынымдар туралы шешім қабылдауға уәкілетті алқалы орган құрылады. Емтихан кеңесінің төрағасы және құрамы "НЗМ" ДБҰ бұйрығымен айқындалады және бекітіледі.

      28. Конкурстың бірінші кезеңін бағалау рәсімдері мен құралдарын әзірлеуді "НЗМ" ДБҰ жүзеге асырады.

      29. "НЗМ" ДБҰ ҮК ұсынған тізімдер бойынша конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын қалыптастырады.

      30. Тестілеу және эссе жазу компьютерлік форматта үміткердің таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізіледі.

      31. Бейіндік пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, эссе көлемі – 350 сөз.

      32. Үміткерлерге нұсқама өткізу уақытын есепке алмағанда, тестіні орындау және эссе жазу ұзақтығы мыналарды құрайды:

      1) "математика", "физика", "информатика", "химия", "биология", "қазақ тілі мен әдебиеті", "орыс тілі мен әдебиеті", "ағылшын тілі" пәндеріне арналған тест – 80 минут, қалған пәндер үшін – 40 минут;

      2) эссе – 50 минут.

      33. Тестілеу және эссе жазу рәсімін "НЗМ" ДБҰ елдің 17 өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өткізеді.

      34. Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелерін өңдеуді "НЗМ" ДБҰ күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізеді.

      35. Тестілеу нәтижелерін өңдеу жауаптарды статистикалық талдау әдісімен жүзеге асырылады, онда әрбір үміткердің белгіленген стандарттарға сәйкес тест тапсырмаларын орындауы тексеріледі, сондай-ақ белгілі бір қиындық деңгейіндегі шешілген тест тапсырмаларының саны негізінде үміткердің білімі мен дағдылары туралы объективті қорытынды жасауға мүмкіндік беретін тестілеу деректеріне психометриялық талдау қолданылады.

      36. Эссені "НЗМ" ДБҰ бағалау жөніндегі сертификатталған сарапшылары мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды:

      1) талдау, синтездеу және бағалау – эсседе өзекті зерттеулер мен тәжірибе негізінде келтірілген дәлелдер мен іс-әрекеттердің болуы;

      2) тіл және ұйымдастыру – баяндаудың қисындылығы мен дәйектілігінің таңдап алынған тақырыпқа сәйкестігі, ұсынылған терминдердің орынды қолданылуы, сауаттылық.

      Эссені "НЗМ" ДБҰ бағалау жөніндегі сертификатталған сарапшылары мынадай тәртіппен бағалайды:

      1) жеке ақпаратты жою арқылы үміткерлердің эсселерін кодтау;

      2) мәтін көшірмелерін интернет-көздерден іздеу арқылы үміткерлердің эсселерін плагиатқа тексеру;

      3) үміткерлердің кодталған эсселерін өлшемшарттарға сәйкес бағалау.

      37. "НЗМ" ДБҰ емтихан кеңесі конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелерін қарайды және үміткерлерді конкурстың екінші кезеңіне жіберу жөнінде ұсыным беру туралы шешім қабылдайды.

      38. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша оң нәтижелердің 60 %-ы үміткерлердің конкурстың екінші кезеңіне қатысуына негіз болып табылады.

      39. Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша апелляция өткізілмейді.

      40. Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылады және конкурстық комиссияға беріледі.

      41. Үміткерлерге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮК ұсынған тізімде көрсетілген электрондық поштаға конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.

      42. Конкурстың екінші кезеңін конкурстық комиссия әңгімелесу нысанында өткізеді.

      43. Үміткерлер өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен Microsoft Teams платформасы арқылы бетпе-бет немесе қашықтан әңгімелесуден өтеді.

      44. Әңгімелесу барысы және үміткерлердің конкурсқа қатысуына ұсыным беру туралы конкурстық комиссияның шешім қабылдауы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді.

      45. Үміткерлердің конкурсқа қатысуына ұсыным беру туралы конкурстық комиссияның шешімі үміткер болмаған кезде ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      46. Үміткерлерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҮК ұсынған тізімде көрсетілген электрондық поштаға Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.

      47. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша ұсыным берілген үміткерлердің тізімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісімен нысаналы өңірдің ҮК-не беріледі.

      48. Үміткердің конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен апелляциялық комиссияға жүгінуге құқығы бар. Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен апелляцияға өтініштер қаралмайды.

      49. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды және бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамы кемінде бес адамнан тұрады.

      50. Төраға апелляциялық комиссияның қызметіне жетекшілік етеді. Хатшы апелляциялық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады, отырыстардың хаттамаларын ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ. Апелляциялық комиссияның отырыстары қашық форматта өткізіледі.

      51. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде апелляциялық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.

      52. Апелляциялық комиссияның шешімдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалатын тәртіппен шағым жасауға болады.

      53. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бекіткен тізімге сәйкес ҮК үміткерлерді бос лауазымдарға қабылдау үшін нысаналы өңірлердің орта білім беру ұйымдарына жібереді. Өңірлердің ҮК білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде қазіргі қажеттілікті ескере отырып, педагогтерді командалық қағидат бойынша, яғни бір білім беру ұйымына 2-3 және одан да көп педагогтен жібереді. ҮК мыналарды:

      "Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына сәйкес республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен есептелетін лауазымдық айлықақының 150 %-ы мөлшеріндегі ынталандырушы қосымша ақыны;

      тартылған педагогтерді білім беру ұйымдары басшыларының, басшылар орынбасарларының кадрлық резервіне қосуды, оларды оқытуды ұйымдастыруды;

      екі жылда бір рет "Жылдың үздік жас мұғалімі" конкурсын өткізуді (жүлде қоры ретінде Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдама, орта білім беру мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға жіберу көзделеді) қамтитын педагогтерді көшіру, орналастыру, еңбекақы төлеу және оларды қолдаудың тиісті ынталандырушы шаралары пакетімен қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіреді.

      54. Осы Қағидаларға сәйкес жұмыс істеу үшін қабылданған педагогтің құқықтары, міндеттері мен міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарттары еңбек шартында көзделеді.

4-тарау. Мұғалімдерді әдістемелік қолдау және курстан кейін сүйемелдеу жөнінде қабылданатын шаралар

      55. Мұғалімдерге тиімді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында "НЗМ" ДБҰ нысаналы өңірлердегі педагогтердің кәсіптік қажеттіліктеріне диагностика мен зерттеу жүргізеді. Диагностика мен зерттеу педагогтердің кәсіптік қажеттіліктерін айқындау бойынша мұғалімдерге, мектеп басшыларына сауалнама жүргізуді, мұғалімдердің АКТ-құзыреттері деңгейін анықтауды, 1 – 11-сыныптарда сабақтарды кері байланыс беру арқылы байқауды қамтиды.

      56. Конкурстық іріктеуден өткен педагогтер "НЗМ" ДБҰ-да 4 апталық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, сондай-ақ алғашқы оқу жылы ішінде педагогтердің осы санаттары үшін курстан кейінгі сүйемелдеу көрсетіледі.

      57. Педагогтердің, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің, психологтардың кәсіптік дамуындағы маңызды құрамдас әртүрлі бағыттар: оқыту әдістемесі мен технологиялары, Lesson Study /Action Research, бағалау жүйесі мен басқа да кәсіптік қажеттіліктер бойынша педагогтердің жұмыс істеп жүрген құрамының біліктілігін тұрақты түрде арттыру болып табылады. Нысаналы өңірлердегі мектеп басшылары мен педагогтерін оқыту көзделген қаражат және көлем шеңберінде бейінді магистратурада оқу үшін білім беру гранттарын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

      58. АКТ-ны мектептегі білімге тиімді интеграциялау мақсатында нысаналы өңірлерде респонденттердің АКТ-құзыреттілігін айқындау жөнінде онлайн форматта жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің АКТ-құзыреттерін айқындау және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізіледі.

      59. Мұғалімді кәсіпте тұрақтандыру, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген және болашақ басшылардың әлеуетін өрістету үшін кадрлық резерв мектебі құрылады, онда педагогтер нормативтік құқықтық актілер негізінде басқару, мектепішілік бақылау, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша оқытудан өтеді.

      60. Мектеп басшылары (директор, директордың орынбасары және көшбасшы мұғалім) үшін мектеп қызметін қайта құруға бағытталған "Мектеп командасы: тиімді басқару және сапалы білім беру" бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылады. Курс бағдарламасы тыңдаушылардың практикалық кейстерді, мектептің көшбасшы командаларын қалыптастыру бойынша ұсынымдарды алуын көздейді.

      61. Нысаналы өңірлерде келесі 5 жылға (2022 – 2027 жылдар) білім сапасын арттыру үшін жұмыс істеп жүрген педагогтердің: 1 – 11-сынып пәндері мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестіктер басшыларының, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің, мектептер әкімшілігінің біліктілігін арттыру курстары мынадай түйінді бағыттар:

      пәнді оқыту әдістемесі және бағалау жүйесі;

      мұғалімнің мектеп практикасын зерттеу;

      мектептегі басқару мен көшбасшылық;

      оқушыларды тәрбиелеу мен олардың хал-ахуалы бойынша ұйымдастырылады.

      Біліктілікті арттыру бағдарламаларының контенті курс алдындағы мониторинг деректерінің негізінде өзектілендіріледі.

      62. Нысаналы өңірлердің мектептеріндегі педагогикалық ұжымдардың шығармашылық және рухани дамуы мақсатында "Шабыт" ашық мультимедиалық алаңы бағдарламасы іске асырылады, оның шеңберінде педагогтер ұлы қазақ ағартушыларының еңбектерімен танысады, Қазақстанның белгілі ғалымдарымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездеседі.

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
1-қосымша
  Нысан

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту конкурсына қатысуға өтініш

      Мен, __________________________________________________________,

      (педагогтің Т.А.Ә. (бар болса)

      ЖСН________________________________________________________________

      ЖОО атауы __________________________________________________________

      Диплом бойынша мамандығы ___________________________________________

      Оқыту тілі___________________________________________________________

      Біліктілік санаты (бар болса)___________________________________________

      Өңір________________________________________________________________

      Мені 20 ____ жылы конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


      Жеке деректерді өңдеуге келісемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      3) Транскрипт (Transcript) (ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін);

      4) ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты;

      5) фотосуреті бар түйіндеме;

      6) білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

      7) электрондық форматтағы 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығының жай-күйі туралы медициналық анықтама;

      9) қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, академиялық және ғылыми дәрежелер беру, кәсіптік жетістіктері мен жарияланымдары және т.б. туралы құжаттардың көшірмелері).

      20__ ж. "___" ________ _____________________ (қолы)

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
2-қосымша

      Нысан

_______________ облысы бойынша конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімі Үйлестіру кеңесі хаттама негізінде конкурс өткізу үшін үміткерлердің құжаттарын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарына жібереді

Р/с №

Үміткердің
Т.А.Ә. (бар болса)

Пән

Тестілеу тілі

Электрондық пошта мекенжайы

Байланыс телефоны

1






2






3






      ҮК төрағасы: ___________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар боса), лауазымы)

      ҮК мүшелері:

      1 ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      2 ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      3 ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      4 ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      ҮК хатшысы: _________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
3-қосымша
(Арнаулы бағдарлама)

      Нысан

Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша үміткерлердің тізімі ("НЗМ" ДБҰ жанындағы емтихан кеңесі толтырады және конкурстық комиссияға жібереді)

Р/с

Үміткердің
Т.А.Ә. (бар болса)

Пән

Тілі

Нәтиже
(орындау%)

Шешім (ұсыным берілді/
ұсыным берілген жоқ)

1






2






3






      Емтихан кеңесінің төрағасы: _____________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      Емтихан кеңесінің мүшелері:


      ___________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      ___________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      Емтихан кеңесінің хатшысы: _________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
4-қосымша

      Нысан

Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама

      1-нысан

      Құрметті ______________________ !

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері негізінде Сізге конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсыным берілгенін хабарлайды.

      2-нысан

      Құрметті ______________________ !

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері негізінде Сізге конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсыным берілмегенін хабарлайды.

Конкурстың бірінші кезеңі бойынша кері байланыс парағы

Үміткер


Пән


Орындалу пайызы


Ұсынымдар

Тақырыптар бойынша пәндік дайындық қажет

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
5-қосымша

      Нысан

Конкурстың екінші кезеңін (әңгімелесу) өткізу хаттамасы

      20__ ж. "___" ________

      Қатысқандар:

      Конкурстық комиссия төрағасы: ______________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      Конкурстық комиссия мүшелері:

      1 __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      2 __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      3 __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      4 __________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      Конкурстық комиссия хатшысы: _______________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      Конкурстың екінші кезеңін (қашықтан әңгімелесу) өткізу барысында үміткермен аудио- және бейне жазба жүргізілді.

      1) Үміткердің Т.А.Ә. (бар болса) __________________________

      2) Пән _______________________________________________________

      3) Біліктілік санаты ____________________________________________

      4) Еңбек өтілі, оның ішінде педагогикалық ________________________

      5) Жұмыс орны, лауазымы/ оқу орны, курсы, мамандығы ____________

      6) Оқыту/оқу тілі______________________________________________

      7) Байланыс телефоны _________________________________________

      Үміткерге мынадай сұрақтар қойылды:

      1)__________________________________________

      2)__________________________________________

      1. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мынадай үміткерлерге ұсыным беруге шешім қабылдады

Р/с

Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы




      2. Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мынадай үміткерлерге ұсыным бермеуге шешім қабылдады

Р/с

Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы




      Конкурстық комиссия төрағасы: ______________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      Конкурстық комиссия мүшелері:

      1 ________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      2 ________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      3 ________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      4 ________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

      Конкурстық комиссия хатшысы: ______________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
6-қосымша

      Нысан

Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері туралы хабарлама

      1-нысан

      Құрметті ______________________ !

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша Сізге ұсыным берілгенін хабарлайды.

      2-нысан

      Құрметті ___________________________ !

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша Сізге ұсыным берілмегенін хабарлайды.

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
7-қосымша
  Нысан

Қабылдау-тапсыру актісі

      Нұр-Сұлтан қ. 20___жылғы ___ ________

      Бір жағынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тартудың қағидаларын (Арнаулы бағдарлама) іске асыру шеңберінде конкурстық іріктеудің екінші кезеңін өткізу жөніндегі конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия) атынан конкурстық комиссияның төрағасы ______________________ және екінші жағынан ________________ облысы білім басқармасының үйлестіру кеңесінің атынан (бұдан әрі – үйлестіру кеңесі) үйлестіру кеңесінің төрағасы _______________ төмендегі туралы осы актіні жасады.

      Конкурстық комиссия Бағдарлама шеңберінде Конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша ұсыным берілген педагогтердің тізімін тапсырады, ал ________________ облысының үйлестіру кеңесі қабылдайды.

      Бағдарлама шеңберінде конкурстың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша ұсыным берілген педагогтердің тізімі

Р/с

Т.А.Ә. (бар болса)

Пән




Тапсырды

Қабылдады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі конкурстық комиссиясының төрағасы

__________облысының білім басқармасы үйлестіру кеңесінің төрағасы

_________________________________________________

___________________________________________

(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
8-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларының
(Арнаулы бағдарлама)
шеңберінде педагогтерді
конкурстық іріктеу нәтижелерін
қайта қарау жөніндегі
апелляциялық комиссияның
төрағасы _________________________
 

ӨТІНІШ

Т.А.Ә. (бар болса)


Педагогтерді конкурстық іріктеу өткізілген жер

__________қ.

Электрондық пошта мекенжайы
(толық, мысалы, trainer@mail.ru),
байланыс телефоны


      ____________________________________________________________________

      (себептердің қысқаша мазмұны, дәлелдер келтіру)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      байланысты конкурстық іріктеу нәтижелерін қайта қарауды сұраймын

      Күні ____________________

      Қолы ___________________

  Мұғалімдер тапшылығы бар
өңірлерге үздік педагогтерді
тиісті қолдау шараларының
пакетімен тарту қағидаларына
(Арнаулы бағдарлама)
9-қосымша

      Нысан

Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидалары (Арнаулы бағдарлама) шеңберінде педагогтерді конкурстық іріктеу нәтижелерін қайта қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

      20____ жылғы "___" __________________

      Апелляциялық комиссияның төрағасы: ________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      Апелляциялық комиссия мүшелері:

      1. _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      2. _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      3. _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      4. _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      Апелляциялық комиссия хатшысы: __________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      Күн тәртібі:

      1. Педагогтің апелляциялық өтінішінде баяндалған фактілерді қарау

      ________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      2. Педагогтің конкурстық іріктеу материалдарын қарау.

      3. Шешім қабылдау.

      Апелляциялық комиссияның жұмысы барысында мынадай әрекеттер жүзеге асырылды:

      1. Әрекеттер сипаттамасы

      2. Әрекеттер сипаттамасы

      Апелляциялық комиссияның шешімі:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Апелляциялық комиссияның төрағасы _____________ __________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      Апелляциялық комиссия мүшелері:

      1. _______________ ______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      2. _______________ ______________________________

      (қолы) (Т.А Ә. (бар болса)

      3. _______________ ______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      4. _______________ ______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      Хатшы: _______________ _________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады