"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 24 лингвистикалық мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін.
2. "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Новый орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |