Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Жоба | |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Рсспубликасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,
екі халық арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне жәрдемдесетінін мойындай отырып,
Тараптар мемлекеттері үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын қауіпті сезіне отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың Тараптар мемлекеттері үшін пайдалы екенін ескере отырып,
Тараптардың бірінің күштерімен және құралдарымен жою мүмкін болмайтын төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігін және төтенше жағдайлардың алдын aлy және оларды жою мақсатында осыдан туындайтын екі мемлекеттің үйлестірілген іс-қимылдарының қажеттілігін назарға ала отырып,
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін тиімді практикалық шараларды әзірлеуде және қабылдауда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігіне кәміл сене отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ролін ескере отырып,
мемлекеттік егемендік пен тең құқықтылық қағидаттарын құрметтей отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар:
"сұрау салушы Тарап" - екінші Тарапқа көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақтарды және қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтінішпен жүгінетін Тарап;
"ұсынушы Тарап" - екінші Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақтарды және қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтінішін қанағаттандыратын Тарап;
"төтенше жағдай" - адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге, елеулі материалдық шығындарға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан авария, техногендік және табиғи апат, дүлей немесе өзге де зілзала салдарынан белгілі бір аумақта қалыптасқан жағдай;
"төтенше жағдайлардың алдын алу" - Тараптар алдын ала жүргізетін және төтенше жағдайлардың туындау қаупін мүмкіндігінше неғұрлым азайтуға, сондай-ақ олар туындаған жағдайда адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға келтірілетін зиян мен материалдық шығындар мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
"авариялық-құтқару жұмыстары" - адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайлар аймағында қоршаған табиғи ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және оларға тән қауіпті факторлардың әсерін жою немесе барынша төмен деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар;
"төтенше жағдайды жою" - төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаға келтірілетін зиян мен материалдық шығындар мөлшерлерін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдай аймағын оқшаулауға және оған тән қауіпті факторлардың әрекетін тоқтатуға бағытталған авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;
"төтенше жағдай аймағы" - төтенше жағдай қалыптасқан Тарап мемлекетінің ayмағы;
"уәкілетті орган" - осы Келісімді іске асырумен байланысты жұмыстарға басшылық ету және оларды үйлестіру үшін Тараптардың әрқайсысы тағайындайтын мемлекеттік орган;
"көмек көрсету жөніндегі топ" - көмек көрсетуге арналған және төтенше жағдай аймағында іс-қимылдар жүргізуге қажетті жарақтармен жеткілікті қамтамасыз етілген, ұсынушы Тарап мамандарының (қажет болған кезде қызметтік иттерімен) ұйымдасқан тобы;
"жарақ" - көмек көрсету жөніндегі топтың материалдары, техникалық және көлік құралдары, құрал-жабдығы, оның ішінде қызметтік иттер, топ мүшелерінің жеке құрал-жабдығы, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдық;
"қамтамасыз ету материалдары" - төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен халық арасында тегін бөлуге арналған материалдық құралдар.
Тараптар осы Келісімді іске асыру үшін мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
Өзбек Тарапынан - Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.
Басқа уәкілетті органдарды тағайындаған немесе қазіргі уәкілетті органдардың атауларын өзгерткен жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Ынтымақтастық нысандары
Осы Келісімге сәйкес барлық қызмет Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Тараптардың әрқайсысының қажетті қаражатының болуымен негізделеді.
Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық:
қауіпті техногендік және экологиялық процестердің, табиғи құбылыстардың мониторингін ұйымдастыру мен жүргізуді;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мониторингі және оларды болжау туралы тұрақты түрде ақпарат алмасуды, халықты төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындауды ұйымдастыруда тәжірибе алмасуды;
төтенше жағдайларды жою кезінде тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды;
өнеркәсіптік авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар салдарынан ықтимал ластануларға байланысты қоршаған табиғи орта мен халыққа келетін қатерді бағалауды;
дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды;
ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жоспарлауды, әзірлеуді және жүзеге асыруды, ғылыми-техникалық әдебиетпен және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуды;
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында ақпарат, мерзімді басылымдар, әдістемелік және басқа да әдебиет, бейне- және фотоматериалдар, сондай-ақ технологиялар алмасуды;
бірлескен конференциялар, семинарлар, жұмыс кеңестерін, оқу-жаттығулар мен жаттығулар ұйымдастыруды;
бірлескен жарияланымдар мен баяндамалар дайындауды;
екінші Тарап мемлекетінің оқу орындарында мамандар даярлауды, тағылымдамадан өтушілермен, оқытушылармен, ғалымдармен және мамандармен алмасуды;
төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсетуді;
үшінші елден немесе үшінші елге Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жеткізілетін гуманитарлық жүкті өткізуге жәрдемдесуді;
трансшекаралық аумақтарда болған жер сілкіністері салдарын бірлескен макросейсмикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуді;
Тараптардың уәкілетті органдарымен келісілетін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басқа да қызметті көздейді.
Ұйымдар мен мекемелер арасындағы ынтымақтастық
Тараптар, қажет болған кезде Тараптар мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдары мен мекемелері, заңды және жеке тұлғалары арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Тараптардың өкілдерін қабылдау шарттары
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, жіберуші Тарап төтенше жағдайларды жоюға көмек керсетумен тікелей байланысты емес, осы Келісімнің 3-бабында белгіленген қызметке қатысу кезінде өз өкілдерінің межелі пунктке дейін жол жүруі, өз өкілдерінің тұруы және тамақтануы жөніндегі шығыстарды көтереді.
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, қабылдаушы Тарап бірлескен конференциялар, семинарлар, жұмыс кеңестерін, оқу-жаттығулар мен жаттығулар ұйымдастыру, сондай-ақ өз мемлекетінің аумағында жіберуші Тарап өкілдерінің жүріп-тұруы жөніндегі шығыстарды көтереді.
Көмек көрсету
Көмек жазбаша сұрау салу негізінде көрсетіледі, онда сұрау салушы Тарап төтенше жағдайдың сипаты туралы ақпарат ұсынады, қажетті көмектің түрін, көлемін, орны мен ұсыну мерзімін көрсетеді.
Ұсынушы Тарап сұрау салуды қысқа мерзімде қарайды және сұрау салушы Тарапқа көмек көрсету мүмкіндігі, көлемі мен шарттары туралы немесе көмек көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
Көмек көрсету жөніндегі топтарға басшылық етуді осы топтардың жетекшілері арқылы сұрау салушы Тараптың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Көмек түрлері
Төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету жөніндегі топтарды, тиісті жарақтарды, қамтамасыз ету материалдарын жіберу арқылы не өзге де сұралатын нысанда көмек көрсетіледі.
Көмек көрсету жөніндегі топтар төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын орындайды.
Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарының жетекшілеріне төтенше жағдай аймағында және нақты жұмыс учаскелерінде қалыптасқан жағдай туралы хабарлайды, қажет болған кезде осы топтарды аудармашылармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қауіпсіздікті, жедел медициналық жәрдемді қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады.
Көмек көрсету жөніндегі топтарды жарақтандыру төтенше жағдай аймағында 72 сағат бойы дербес іс-қимылдар жүргізу үшін жеткілікті болуға тиіс. Егер Тараптар өзгені қосымша ескертпесе, жарақтардың запастары біткеннен кейін сұрау салушы Тарап көрсетілген топтарды олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Көмек көрсету жөніндегі топтардың мемлекеттік шекараны кесіп өту шарттары және олардың сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болу режимі
Көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша Тараптар мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен кесіп өтеді.
Топ жетекшісінде көмек көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімі және ұсынушы Тараптың уәкілетті органы берген, оның өкілеттіктерін растайтын құжат болуға тиіс.
Көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болған кезде сол мемлекеттің заңмамасын сақтауға тиіс. Бұл ретте олар еңбек, қылмыстық және әкімшілік заңнама және онымен байланысты мәселелер саласында ұсынушы Тарап мемлекетінің юрисдикциясында болады.
Көмек көрсету жөніндегі топтың құрамына кіретін әскери персоналға ұсынушы Тарап мемлекетінің еңбек құқықтық қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер бөлігінде әскери қызметшінің мәртебесін реттейтін заңнамасы қолданылады.
Көмек көрсету жөніндегі топтардың орын ауыстыруы, олардың жарақтарын және қамтамасыз ету материалдарын тасымалдау автомобиль, теміржол немесе әуе көлігі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген көлік түрлерін көмек көрсету үшін пайдалану тәртібін тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша Тараптардың уәкілетті органдары айқындайды.
Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсетуге арналған жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын әкелу және әкету
Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету үшін сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына әкелінетін және ұсынушы Тарап мемлекетінің аумағынан әкетілетін жарақтар және қамтамасыз ету материалдары кедендік баждардан, салықтар мен алымдардан босатылады.
Жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын кедендік ресімдеу көмек көрсету жөніндегі топтардың құрамы, әкелінетін немесе әкетілетін жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарының тізбесі көрсетілетін, Тараптардың уәкілетті органдары беретін хабарламалар негізінде оңайлатылған түрде және басым тәртіппен жүргізіледі.
Көмек көрсету жөніндегі топтарға сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына осы баптың екінші абзацында айтылған тізбелерде көрсетілген жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын ғана әкелуге рұқсат етіледі.
Зардап шеккендерге сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында жедел медициналық жәрдем көрсету қажет болған жағдайда онымен келісу бойынша және сұрау салушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар медициналық препараттардың қажетті саны әкелінуі мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі ұсынушы және сұрау салушы Тараптардың кеден органдарына құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар медициналық препараттардың бар-жоғы туралы декларацияны олардың номенклатурасы мен санын көрсете отырып, ұсынады.
Құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар медициналық препараттарды ұсынушы Тараптың білікті медициналық персоналының ғана пайдалануға құқығы бар. Сұрау салушы Тараптың тиісті лауазымды адамдары құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар көрсетілген медициналық препараттардың пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар пайдаланылмаған медициналық препараттар сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағынан осы препараттардың номенклатурасы мен санын растайтын құжаттар негізінде әкетілуге тиіс.
Құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар жұмсалған медициналық препараттарға сұрау салушы Тараптың кеден органдарына көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі мен дәрігері қол қойған және сұрау салушы Тараптың уәкілетті органының өкілі куәландырған олардың пайдаланылғандығы туралы акт ұсынылады.
Көмек көрсету жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына әкелінген жарақ (толық колданылын болғанын немесе жойылғанын қоспағанда) ұсынушы Тарап мемлекетінің аумағына әкетілуге тиіс. Егер айрықша мән-жайларға орай жарақты әкету мүмкін болмаса, ол келісілген шарттармен сұрау салушы Тараптың уәкілетті органына көмек ретінде өтеусіз берілуі мүмкін. Бұл жағдайда берілетін жарақтың түрлерін, санын және орналасқан жерін көрсете отырып, сұрау салушы Тараптың құзыретті және кеден органдарын хабардар ету қажет.
Жарақтардың жойылу немесе толық жұмсалу және қамтамасыз ету материалдарының зардап шеккен халық арасында бөліну фактісі құжат жүзінде расталуға тиіс.
Әуе кемелерін пайдалану
Ұсынушы Тараптың уәкілетті органы сұрау салушы Тараптың уәкілетті органына әуе кемелерінің типі мен таным белгілерін, маршрутын, экипаж мүшелерінің санын, жүктің сипатын, ұшу және қону орны мен уақытын көрсете отырып, оларды көмек көрсету үшін пайдалану шешімі туралы хабарлайды.
Сұрау салушы Тарап өз мемлекетінің аумағындағы белгілі бір пунктке ұшуға рұқсат береді.
ІІІұғыл көмек көрсету және күштер мен құралдарды уәкілетті органның әуе кемесімен бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағындағы белгілі бір пунктке жедел жеткізу мақсатында Тараптардың уәкілетті органдары әуе кемелерін пайдалану мүмкіндігі туралы қосымша нұсқаулықты және төтенше жағдайларды жою кезінде әуе кемелерінің шекараны басым тәртіппен кесіп өту рәсімін оңайлату мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің (шекаралық, кедендік, фитосанитарлық, карантиндік қызметтер) өзара іс-қимыл жасасу тетігін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен әзірлейді және келіседі.
Ұшулар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы және Тараптар мемлекеттері белгілеген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыстарды өтеу
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, сұрау салушы Тарап ұсынушы Тарапқа көмек көрсетумен байланысты шығыстарды өтейді.
Сұрау салушы Тарап кез келген сәтте өзіне көмек көрсету туралы сұрау салуын қайтарып алуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсынушы Тарап өзіне келтірілген шығыстарға өтем алуға құқылы.
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, шығыстарды өтеу ұсынушы Тараптан бұл туралы талап түскеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ұсынушы Тарап көмек көрсету жөніндегі топтар мүшелерінің сақтандырылуын қамтамасыз етеді. Сақтандыруды ресімдеу бойынша шығыстар көмек көрсету жөніндегі жалпы шығыстарға енгізіледі.
Ұсынушы Тарап әуе кемелерінің ұшып өткені, қонғаны, әуеайлақта тұрғаны және одан ұшқаны үшін ақы төлеуден, сондай-ақ аэронавигациялық көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуден босатылады.
Ұсынушы Тараптың әуе кемелерінің отыны және оларға техникалық қызмет көрсету үшін шығыстарды өтеу туралы мәселе әрбір нақты жағдайда жеке шешілетін болады.
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Келісімді өздерінің орындауы барысында туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
Залалды өтеу
Сұрау салушы Тарап көмек көрсету жөніндегі топтың мүшелері қаза тапқан немесе жарақат алған, сондай-ақ осы Тараптың жабдығы немесе басқа да меншігі жойылған немесе оған залал келтірілген жағдайларда, егер мұндай залал осы Келісімді іске асырумен байланысты міндеттерді орындау барысында келтірілсе, ұсынушы Тарапқа өтемақы төлейді. Өтемақы мөлшері әрбір нақты жағдайда жеке ескертіледі.
Ұсынушы Тарап сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында жеке немесе заңды тұлғаға ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі тобының мүшесі көмек көрсетумен тікелей байланысты емес іс-қимылдар салдарынан келтірген залалды сұрау салушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес өтейді.
Егер ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі тобының мүшесі сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында осы Келісімді іске асырумен байланысты міндеттерді орындау кезінде жеке немесе заңды тұлғаға залал келтірсе, онда сұрау салушы Тарап залалды өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес өтеуге тиіс.
Ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі тобының мүшесі әдейі немесе өрескел ұқыпсыздықтан келтірген зиянды ұсынушы Тарап өтеуге тиіс.
Ақпаратты пайдалану
Егер Тараптардың уәкілетті органдары жазбаша нысанда өзгеше келіспесе, Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес жариялауға жатпайтын ақпаратты қоспағанда, осы Келісімнің шеңберінде жүргізілетін қызметтің нәтижесінде алынған Тараптардың әрқайсысының әдеттегі практикасы мен ұйғарымдарының негізінде ақпарат жарияланады және пайдаланылады.
Дауларды шешу
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға қатысты туындайтын даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешілетін болады.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 16-бабында айқындалған тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Қорытынды ережелер
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданылуын өзінің тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданылуын тоқтату оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін басталып, бірақ аяқталмаған, оған сәйкес жүзеге асырылатын қызметті қозғамайды.
2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің заңды күші бірдей.
Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |