"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 441 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық аппараты" деген тармақ:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Р" департаменті:

      облыс, қала бойынша департамент, басқарма:

      департамент бастығы;

      департамент бастығының орынбасары;

      басқарма бастығы;

      басқарма бастығының орынбасары;

      аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

      аға жедел уәкіл;

      жедел уәкіл;

      кіші жедел уәкіл.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тіл саясатын;

      халықаралық ынтымақтастық;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;

      құқықтық қамтамасыз етуді;

      құжаттамалық қамтамасыз етуді;

      қаржымен қамтамасыз етуді;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;

      кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру мәселесі болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 22 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады