Республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын кеңейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 470 қаулысы.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы Ұлытау облысының Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және Жезқазған қаласы мен Қарағанды облысының Шет ауданы шегінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2 415 806,40 гектарға кеңейтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2022 жылғы 1 желтоқсанға дейін осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

55

Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)

3 415 806,40

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы; Ұлытау облысының
Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және Жезқазған қаласы;
Қарағанды облысының Шет ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады