"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "GPC Investment" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |