Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шiлдедегi № 490 қаулысы

      Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 31 тамызға дейін осы екінші деңгейдегі банктердің кассаларында 2022 жылғы 1 шілдедегі сағат 23:59-да жинақталған көлем шегінде Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады