"МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университеті" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің филиалын және "И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ұлттық зерттеу университеті)" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің филиалын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 539 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында "МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университеті" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің филиалы және "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында "И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ұлттық зерттеу университет)" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің филиалы (бұдан әрі филиалдар) құрылсын.

      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметтерін көрсету және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысу филиалдар қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалсын.

      3. Филиалдар білім беру қызметін "МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университеті" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесі мен "И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ (ұлттық зерттеу университет) университеті" федералдық дербес мемлекеттік жоғары білім беру мекемесінің (бұдан әрі – бас жоғары оқу орындары) білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырады.

      Филиалдар бас жоғары оқу орындарының, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында оқытылатын, "Қазақ тілі" мен "Қазақстан тарихы" пәндері міндетті түрде енгізілген пәндер тізбесін, кәсіптік практикалардың түрлерін айқындайды.

      4. Білім беру процесі бас жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын тарта отырып ұйымдастырылсын, олардың әрбір филиалдағы үлесі кемінде 50 %-ды құрайды.

      5. Филиалдарды лицензиялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Филиалдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде алынған қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдік филиалдардың бағдарламалары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеудің жеке алгоритмін айқындау бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізсін.

      7. Филиалдарды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғам мен "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасы есебінен жүзеге асырылады.

      8. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады