Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 550 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Орман кодексі 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

      1) "Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жоңғар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 2000 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;

      2) "Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Үйгентас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 16808 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері;

      3) "Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жасыл Аймақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауданы 2527 гектар мемлекеттік орман қорының учаскелері мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, мемлекеттік орман қорының кешенді пайдаланылуын ұйымдастыру үшін орман иелену құқығымен берілсін.

      2. Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 10 тамыздағы
№ 550 қаулысына
қосымша

Орман иелену құқығымен берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің экспликациясы

  ауданы гектармен

Орман иеленушінің атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман көмкерген

орман көмкермеген
 

барлығы

жайылымдар

егістіктер

басқа жерлер

1

2

3

4

5

6

7

"Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жоңғар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2000

190

1810

1050

-

760

"Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Үйгентас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16808

4 596

12212

7686

-

4526

"Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жасыл Аймақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2527

-

2527

2158

369

-

Жиыны:

21335

4786

16549

10894

369

5286


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады