"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 572 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің өкілеттіктерінен босатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Мақашұлы Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады