"Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 583 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:

      2-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін ішкі істер органдары басшысының шешімімен құрылатын комиссия.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға оларды Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда алып жүрген қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) сол қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.

      Тұрғын үй төлемдерін пайдалану жолымен тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу құқығын қызметкерлер бір рет жүзеге асырады.

      Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкерлер және (немесе) әскери қызметшілер болса, онда тұрғын үй төлемдері жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтаманы ұсына отырып, баянаттың негізінде ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың тек біреуіне жүргізіледі.";

      11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қаза табуына немесе қайтыс болуына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен алып тасталған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте осындай қызметкердің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.

      Тұрғын үй төлемдерін алушылардың жеке арнайы шотын жабу "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Қызметкер қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

      Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкердің қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен аз болмайды.

      Егер қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы):

      1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;

      3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;

      4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан;

      5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды.";

      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) немесе сырқаттануы қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерді) масаң күйді туындататын заттарды тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан басталғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайларда тұрғын үй төлемдері төленбейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      28, 29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына, ал ол болмаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы адамның атына өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат;

      2) атқарып отырған лауазымы көрсетілген, ішкі істер органдарының кадр бөлімшесі берген отбасы құрамы туралы анықтама;

      3) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балалардың туу туралы (қызметкерлердің отбасы мүшелері болған жағдайда), неке қию (некені бұзу) туралы куәліктердің көшірмелері;

      4) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің жоқ (бар) екені туралы баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алынған анықтама (анықтаманы қызметкерлер жыл сайын ұсынады);

      5) зайыбы (жұбайы) мемлекеттік мекеменің (кәсіпорынның) жұмыскері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мынадай:

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы;

      өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны немесе біржолғы төлемдерді алғаны немесе алмағаны туралы;

      өзіне тұрғын үй төлемдері тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы (ол бар болса);

      тұрғын үй төлемдерін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы (ол бар болса);

      қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгені немесе қамтамасыз етілмегені туралы (бар болса) мәліметтер қамтылған жұбайының (зайыбының) қызмет орнынан (жұмыс) анықтама;

      6) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасы құрамы бойынша алынған, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау шарттарының тізілімінен (қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайының бар немесе жоқ екені туралы) жалдаушы бойынша ақпарат;

      7) қызметкерге немесе оның жұбайына (зайыбына) бұрынғы қызмет (жұмыс) орны бойынша осындай тұрғынжай берілген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді тапсырғаны туралы (акт) анықтама;

      8) ипотекалық ұйымның алдында негізгі міндеттемесі орындалмаған несиелік берешегі туралы анықтама;

      9) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) қайда тұратындығы көрсетілген сот шешімінің көшірмесі (сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жойған кезде қызметкер он жұмыс күні ішінде ол туралы мекеменің құрылымдық бөлімшесін хабардар етеді);

      10) кейбір созылмалы аурулардың ("Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 тіркелген) бекітілген аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері бар болса, денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;

      11) мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;

      12) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдаланғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      13) Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;

      14) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайларда қызметкер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      15) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда қызметкер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшы берген техникалық қорытындының (тұрғын үйді техникалық тексеріп қарау нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.

      29. Құрылымдық бөлімше баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.

      Осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген қажетті құжаттар болмаған кезде құрылымдық бөлімше құжаттарды қызметкерге пысықтау үшін қайтарады. Қызметкер он жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жояды және құжаттарды құрылымдық бөлімшеге толық көлемде енгізеді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күні берілген болып есептеледі.

      Қызметкер құжаттарды пысықтауға қайтарылғаннан кейін уақтылы ұсынбаған немесе ұсынбаған жағдайда құрылымдық бөлімше баянаттарды тіркеу журналына белгі қоя отырып, ұсынылған құжаттарды қарамастан қызметкерге қайтарады. Бұл ретте қызметкер өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген тәртіппен қайта жүгінеді.

      30. Тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы (тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабын жасау үшін тұрғынжай алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғынжайға мұқтаж деп тануға негіз жоқ екендігі туралы шешім шығарады, ол тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      31. Қызметкер Заңның 101-3-бабы талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тарту туралы шешім шығарады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы дайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі және ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы құрылымдық бөлімше дайындайтын ішкі істер органының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды есептеу олардың отбасы құрамы өзгерген, бір елді мекеннен екінші елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орны ауысқан, сондай-ақ лауазымнан тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдар санатына жататын лауазымға тағайындалған кезде жүзеге асырылады.";

      37-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған;";

      39, 40 және 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Осы Қағидалардың 37-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиғаның нақты басталған кезінен бастап есептеледі. Бұл ретте тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеу күнінен бастап жүзеге асырылады.

      40. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша анықтаманы қоса бере отырып, дербес ашады.

      41. Ішкі істер органы, тұрғын үй төлемдерін алушы және банк арасында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үш жақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      Шартқа сәйкес ішкі істер органы қызметкердің жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аударады, ал банк қызметкерге Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдеріне билік ету құқығын береді.

      Қаржы бөлімшесі шартты және тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналында тіркейді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы бірінші басшысының бұйрығына сәйкес:

      1) қызметкер ішкі істер органынан шығарылған;

      2) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда, қызметкер тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған;

      3) қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен шығарылған;

      4) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алудан бас тартқан;

      5) қызметкер тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымнан босатылған;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.".

      мынадай мазмұндағы 54, 55-тармақтармен толықтырылсын:

      "54. Қызметкер орнын ауыстырған кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері мекеменің бірінші басшысының бұйрығы шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады және тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жағдайда қызметкер қызмет өткеру үшін келген ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі оларды қайта бастайды.";

      мынадай мазмұндағы 55-тармақпен толықтырылсын:

      "55. Қызметкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздемесін баяндап, хат жолдайды.";

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 2-қосымша алып тасталсын;

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 5-қосымшада:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және төлемдерді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін тұрғын үй төлемдерін алушылар өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;";

      4.3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) отбасы құрамы өзгерген кезде азаматтық хал актілері тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлік алған, сондай-ақ баланы (балаларды), мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде оның (олардың) жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, бала (балалар) кәмелеттік жасқа толған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етуге;";

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 583 қаулысына
1-қосымша
  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату,
тоқтата тұру және қайта
бастау қағидаларына
  1-қосымша

_______________________________________________________ бойынша (ішкі істер органы – бұдан әрі мемлекеттік мекеме) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп-қисабы

Р/с №

Бөлімшенің атауы

Т.А.Ә. (бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы

Төлемдер басталған күн

Тұрғынжай ауданы (3-қосымшаның 7-бағанынан)

Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен)

Ағымдағы тұрғын үй төлемінің айына сомасы (6-баған х 7-баған) (теңгемен)

Заңның 101-11-бабының 5-тармағында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемінің сомасы (7 баған – 50 % (теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қызметкер бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны







Мемлекеттік мекеменің басшысы (ІІМ Орталық аппаратын қоспағанда)

 
______________ __________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

Қаржы бөлімшесінің бастығы

_______________ _________________ (күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Ескертпе:

      1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есеп–қисабын қаржы бөлімшесі толтырады;

      2) 1 – 6-бағандардағы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімше ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 583 қаулысына
2-қосымша
  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
4-қосымша

__________________________________________ бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі

Р/с №

Бөлімшенің атауы

Т.А.Ә.
(бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың лауазымы

Отбасы құрамы

Ниет білдірілген тұрғынжайдың алаңы
(ш.м)

отбасы мүшелерінің
(бар болса)
Т.А.Ә.(туыстық дәрежесі)

адамдар саны, оның ішінде қызметкер

1

2

3

4

5

6

7








Қызметкер бойынша жиыны





Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны





      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Құрылымдық бөлімшенің бастығы ______________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеретін құрылымдық бөлімше толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 583 қаулысына
3-қосымша
  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін қызметтік
тұрғынжаймен қамтамасыз ету,
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
6-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналы

Р/с №

Тіркелген күні

Тұрғын үй төлемдерін алушының Т.А.Ә. (бар болса) (толық)

Тұрғын үй төлемдері туралы шарт

Банктің атауы

Қызметкердің жеке арнайы шотының нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7








      20 ____ жылғы "_____" _________ __________________________ (күні) (қала, ауыл )

      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын тіркеу журналын қаржы бөлімшесі толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады