Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне мына өзгерістер енгізілсін:
1) 52-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналарды:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарауды сот айыпталушының өтінішхаты бойынша құрамында бір судья және он алқабидің қатысуымен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот айыпталушының өтінішхаты бойынша құрамында бір судьяның және он алқабидің қатысуымен қарайды.";
2) 308-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген аса ауыр қылмыстар, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде, 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.";
3) 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар, мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген басқа да аса ауыр қылмыстар, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде) -баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.";
4) 321-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген аса ауыр қылмысты жасады деп, сондай-ақ 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмысты жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғын, егер осындай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды.
Мұндай өтінішхат:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.";
5) 631-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сот:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды да сот алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген, сондай-ақ:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негіздеріне және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін алқабилер қатысатын сотқа қаратуға құқығы бар.".
2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |