"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 622 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыскерлердің кәсіптік біліктілігін тануға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды кәсіптік стандартқа сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;";

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тану.";

      2) 16-бапта:

      16), 16-1), 16-2) тармақшалар алып тасталсын;

      17) тармақша алып тасталсын;

      3) 23-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Кодекске және "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың кәсіптік біліктілігін арттыруды және тануды қамтамасыз етуге;";

      4) 32-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі туралы құжат, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат (бар болса), арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының бар болуы туралы құжат;";

      5) 66-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "кезеңде тоқтатыла тұрады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану кезеңінде тоқтатыла тұрады.";

      6) 101-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді.";

      7) 116-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 117-бап алып тасталсын;

      9) 118-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілікті арттыру, тану";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың, кәсіптік біліктілікті арттырудың және танудың қажеттілігін және көлемін жұмыс беруші айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша кәсіптік біліктілікті тану аккретидетилген кәсіптік біліктілікті тану орталығында жүргізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жұмыскерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру және тану оқыту шарттарына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен немесе кәсіптік біліктілікті тану бойынша қызметтер көрсетуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, кәсіптік біліктілігін арттырудан және танудан өтетін жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.

      6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері және кәсіптік біліктілікті танумен байланысты кепілдіктер көзделуі мүмкін.";

      10) 157-бапта:

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) босатылатын жұмыскерлерді жұмыспен қамтамасыз ету, даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін тану және жұмысқа орналастыру туралы;

      4) даярлаудан, қайта даярлаудан, кәсіптік біліктілігін арттырудан және танудан өтіп жатқан жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;".

      2. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      7-баптың 72) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".

      3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-бапта:

      38-3) және 38-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-3) формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38-4) формалды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 46-28) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-28) педагогтер үшін кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді.".

      4. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуметтік жұмыскерлерге арналған кәсіптік стандарттарды;";

      2) 8-1-баптың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге арналған кәсіптік стандартты, оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      3) 10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік жұмыскерлерге арналған кәсіптік стандарт пен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;".

      5. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) дін саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".

      6. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-бап мынадай мазмұндағы 17-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-4) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 13-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тану мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кәсіптік біліктілікті тану бөлігіндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;".

      8. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-бап мынадай мазмұндағы 23-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-3) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".

      9. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      83-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Біліктілік комиссиясы кәсіптік стандартқа сәйкес оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлеріне кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.".

      10. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлеп, бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес бекітеді;".

      11. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 33-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушілер тартатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (өтілі) кәсіптік стандарттарға сай келуге тиiс.

      Шет мемлекет берген кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы халықаралық шарттар болған кезде жарамды деп танылады.

      Кәсіптік біліктілікті тану туралы қолданыстағы халықаралық шарттар болмаған кезде шетелдіктердің "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін растауға құқығы бар.";

      32) 34-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Шет мемлекет берген кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат қолданыстағы халықаралық шарттар болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады.

      Кәсіптік біліктілікті тану туралы қолданыстағы халықаралық шарттар болмаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін растауға құқығы бар.".

      12. "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;".

      2-бап.

      1. Осы Заң 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 6) тармақшасын, 11-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушілер тартатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.

      Шет мемлекет берген кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат қолданыстағы халықаралық шарттар болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады.

      Кәсіптік біліктіліктерді тану туралы қолданыстағы халықаралық шарттар болмаған кезде шетелдіктердің "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін растауға құқығы бар.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады