"Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 625 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      жүкті әйелдерді, жанында бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді тамақтандырудың № 2 заттай нормасында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тамақтандырудың № 2 заттай нормасы";

      Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың № 5 нормасында:

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)*

50 мг/адам/күн

      ";

      қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасы алып тасталсын.

      2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады