Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 2-бөлімі 7, 8-тарауларының және 3-бөлімі 10, 11, 13 және 14-тарауларының қолданысын тоқтата тұру және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 667 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-бөлімі 7, 8-тарауларының қолданылуы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тараулар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2-бөлім. Тендерді бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы жүзеге асыру тәртібі

      7-тарау. Бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы жүзеге асыратын тендер

      1-параграф. Тендерді жүзеге асыру тәртібі

      22. Тендерге осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      23. Тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады:

      1) тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және кворум негізінде өтінімдерді қабылдамау немесе бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындау және бәсекелес лоттар бойынша аукционға жіберу туралы шешімдер қабылдауы, сондай-ақ егер лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілетін болса, комиссия қабылдаудан бас тартпаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауы;

      2) комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукцион, веб-портал тендер жеңімпаздарын және екінші орын алған өнім берушілерді автоматты түрде айқындауы және қорытындылар шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелестік болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы.

      24. Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен комиссия құрамына, басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды қоса алғанда, саны тақ кемінде үш адамнан тұратын жұмыскерлері енгізіледі.

      Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

      25. Бірыңғай дистрибьютордың штаттық жұмыскері тендерлік комиссияның хатшысы болып айқындалады, ол:

      1) веб-порталда тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;

      2) тендерлік комиссия мүшесінің қандай да бір лот бойынша сараптамалық қорытынды беру туралы талабы бойынша тиісті сарапшыға сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жіберуді;

      3) тендерлік комиссияның дауыс беруінің қорытындысы бойынша танысу үшін дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастыруды, ал комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойынша веб-порталда дауыс беруді қайта бастауды;

      4) дауыс беру хаттамасын веб-порталда жариялауды;

      5) тендерді тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда, көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда оны тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша тоқтатуды;

      6) шарттар жасасу үшін тендердің қорытындысы туралы хабардар етуді уақтылы қамтамасыз етеді.

      26. Тендер өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады және веб-порталда тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарлама тартылады, онда:

      1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;

      3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, медициналық техниканың техникалық ерекшелігімен қоса, оның сипаттамасы, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;

      4) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету орны;

      5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметті жеткізу немесе көрсету мерзімдері;

      6) қалған уақыттың кері есептей отырып, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты;

      7) комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;

      8) комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы қамтылатын ақпарат болады.

      27. Өтінімдерді қабылдау тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:

      1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – жеті жұмыс күні;

      2) елу лоттан аз сатып алынған кезде – үштен беске дейін жұмыс күні;

      3) осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу өткізілген кезде – бірден беске дейін жұмыс күні;

      4) медициналық техника сатып алған кезде он жұмыс күні өткен соң бірыңғай оператордың өтінім қабылдау уақыты сағат 10.00-де аяқталады.

      Өтінімдер болмаған кезде веб-портал ашу және қорытынды хаттамаларын автоматты түрде және бір мезгілде жариялайды.

      28. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал оларды қарау үшін қолжетімді етеді және ашу хаттамасын оның нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды, онда:

      1) тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;

      4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдерді ұсыну уақыты мен күні;

      5) өтінімдері ұсынылмаған лоттар;

      6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар және өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.

      29. Комиссия әлеуетті өнім берушілердің елу лотқа дейінгі тендердегі өтінімдерін бес жұмыс күні ішінде, елу және одан көп лотты он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Медициналық техниканы сатып алу өткізілген кезде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия лоттардың санына қарамастан, он жұмыс күні ішінде қарайды.

      30. Өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын уақытқа қарай тендерлік комиссия хатшысы веб-порталда тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беруі негізінде дауыс беру хаттамасының жобасын қалыптастырады, тендерлік комиссия дәлелді себептермен дауыс бермегендерді қоспағанда, танысқаннан кейін оған қол қояды.

      31. Тендерлік комиссияның хатшысы веб-порталда нөмірін, жариялану уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, дауыс беру хаттамасын жариялайды, онда:

      1) тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;

      4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;

      5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетіле отырып, бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      7) тендерлік комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.

      32. Ескертулерді жою уақыты дауыс беру хаттамасы жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады және:

      1) елу және одан көп лот сатып алынған кезде – үш жұмыс күні;

      2) елуден кем лот сатып алынған кезде – екі жұмыс күні;

      3) медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан бес жұмыс күні өткеннен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де аяқталады.

      33. Тендерде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне толықтыруларды бірыңғай дистрибьютордың комиссиясы:

      елу лотқа дейін – үш жұмыс күні ішінде,

      елу және одан көп лотқа – бес жұмыс күні ішінде;

      медициналық техника сатып алынған кезде лоттардың санына қарамастан, бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      34. Осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу бойынша тендер өткізілген кезде өтінімдерге толықтырулар ұсынылмайды.

      35. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне тендерлік комиссияның ескертулері болмаған, сондай-ақ дауыс беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін осы Қағидалардың талаптарына толық сәйкес келтірілуі және ескертулердің жойылуы тұрғысынан қайта қараған жағдайда рұқсат беру хаттамасы жасалады, ол веб-порталда оның нөмірі, жариялану уақыты мен мәртебесі көрсетіле отырып, жарияланады, онда:

      1) тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдау немесе қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдері көрсетіле отырып, тендерлік комиссияның лоттар бойынша дауыс беру нәтижелері;

      4) тендерлік комиссия хабарландырудың шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтінімдерін қабылдамаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен лоттар;

      5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуіне байланысты өтінімдерін веб-портал автоматты түрде қабылдамаған лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      6) баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      7) комиссия өтінімдерін хабарландырудың шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған, баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген, бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      8) бәсекелес лоттар және аукционның бастапқы бағалары көрсетіле отырып, өтінімдерін тендерлік комиссия аукционға жіберген әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.

      36. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаларды төмендетуге аукцион өткізіледі.

      37. Өтінімдер болмаған, тендерлік комиссия барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукцион қорытындылары бойынша бәсеке болмаған кезде веб-портал автоматты түрде нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып, қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және жариялайды, онда:

      1) тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, беру уақыты мен аукцион қадамдарының мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;

      4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;

      6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;

      7) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.

      38. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор бұл туралы веб-порталдың тиісті бөлімінде дереу хабарландыру жариялайды, онда тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберіледі.

      Бұл ретте тендер мерзімдері техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа тең мерзімге жылжиды.

      Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған "жарамсыз" деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда "жарамды" деген мәртебемен жариялайды.

      Хаттама ауыстырылған жағдайда тендерге қатысушыларға веб-портал автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.

      39. Медициналық техниканы сатып алу жүзеге асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындыларының хаттамасын және жеңімпаздардың техникалық ерекшеліктерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендер жеңімпаздарымен сатып алу шарттарын жасасу үшін тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жібереді.

      2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуы

      40. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензияның және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмелерін;

      2) болса:

      объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелерін орналастырады.

      Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады.

      Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектілендірілгеннен кейін де алып тастауға мүмкіндік бермейді.

      41. Тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бір тендерлік өтінім береді, ол хабарландыру шарттарына сәйкес келуге және онда:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;

      2) банк кепілдігі немесе төлем тапсырмасы түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету;

      3) медициналық техника немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелік (фармацевтикалық қызмет көрсетуге бірлесіп орындаушыларды тарту туралы бүкіл ақпарат техникалық ерекшелікте көрсетіледі);

      4) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда – егер тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстанға әкелінсе немесе оның аумағында өндірілген болса, дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның хабарландыруға сәйкес көлемде әкелінгенін немесе өндірілгенін растайтын құжат;

      5) медициналық техниканы жеткізу жиынтығының құрамында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жиынтықтаушы болған жағдайда сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын хаты;

      6) өлшем құралдарына жататын медициналық техника берілген жағдайда техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесі, егер медициналық техника өлшем құралдарына жатпайтын болса, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиесілігі белгіленгенін растайтын құжат қамтылуға тиіс.

      42. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге баға ұсынысында:

      1) тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz "электрондық үкімет" ақпараттық жүйесінің деректерімен толық әрі дәл сәйкес келетін нөмірін;

      2) саудалық атауын;

      3) қысқаша сипаттамасын (медициналық техника сатып алынған жағдайда қысқаша сипаттаманың орнына "қоса беріліп отырған техникалық ерекшелікке сәйкес" деген жазба қойылады);

      4) өлшем бірлігін;

      5) өндірушіні;

      6) өндірілген елін;

      7) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.

      43. Жиынтықтағы дәрілік зат және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйым сатып алынған жағдайда әлеуетті өнім беруші қосымша дәрілік затқа және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымға баға ұсынысында:

      1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымның мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) www.elicense.kz "электрондық үкімет" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін нөмірін;

      2) саудалық атауын;

      3) қысқаша сипаттамасын;

      4) өлшем бірлігін;

      5) өндірушіні;

      6) өндірілген елін көрсетеді.

      44. Дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым оның белгілі бір мөлшері тегін негізде жеткізу шартымен сатып алынған жағдайда әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы деген жолда осындай жеткізу туралы қысқаша сипаттамасымен тиісті жазба жасайды.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызмет сатып алынған жағдайда оның құны дәрілік заттың бағасына қатысты пайызбен және теңгемен бөлек жолдарда көрсетіледі.

      45. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу қорытынды хаттамаларында және жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.

      46. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:

      1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;

      2) баға ұсынысында дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын өзгертуге;

      3) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға;

      4) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге мүмкіндік бермейді.

      47. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны әлеуетті өнім беруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету

      48. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын құрайды.

      49. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді мынадай нысандардың бірімен ұсынады:

      1) өтінімге төлем тапсырмасының көшірмесі қоса берілген және төлем мақсатында тиісті лоттың нөмірін көрсетілген бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі.

      50. Бұл ретте банк кепілдігінің көшірмесі веб-порталдағы өтінімге қоса тіркеледі.

      51. Осы Қағидалардың 19-тарауында көзделген сатып алу кезінде өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.

      52. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.

      53. Кепілдікті қамтамасыз ету:

      1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;

      2) жеңімпаз тендердің қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған;

      3) тендер немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылған;

      4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;

      5) кепілдік енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаған жағдайларда қайтарылады.

      54. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған жағдайда:

      1) веб-портал әлеуетті өнім берушіге және бірыңғай дистрибьюторға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша веб-портал арқылы ақшаны қайтару туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді, ал бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы бес жұмыс күні ішінде ақшалай жарнаны қайтаруды жүргізеді;

      2) веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.

      55. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің қабылданбауы себебінен кепілдікті қамтамасыз етуді қайтару мерзімі тиісті лот бойынша өтінімді қабылдамау туралы шешім көзделетін қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

      56. Тендер жеңімпазы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерді бұза отырып:

      1) шарт жасасудан бас тартқан немесе жалтарған;

      2) шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаған жағдайларда өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.

      57. Бірыңғай дистрибьютор:

      1) ақшалай жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалған жағдайда веб-портал арқылы тендер жеңімпазына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ақшаның ұсталғаны туралы хабарлама жібереді;

      2) электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді ұстап қалған жағдайда веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.

      58. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қойылады.

      4-параграф. Сараптама

      59. Бірыңғай дистрибьютор үшін жеке қаржы жылына арналған бейінді мамандықтар бойынша сарапшылардың тізімдерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Дәрілік заттарға берілетін өтінімдерді сараптау үшін қосымша клиникалық фармакология саласындағы сарапшылар тартылады.

      60. Сарапшылар өтінімдер ашылғанға дейін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі.

      61. Мыналар:

      1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі (бірыңғай дистрибьютордың, әлеуетті өнім берушінің өкілдері);

      2) бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшыларының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам сарапшы бола алмайды.

      62. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің хабарландырудағы сипаттамаға немесе техникалық ерекшелікке сәйкестігін анықтау үшін тендерлік комиссия мүшесі веб-портал арқылы хатшыға дауыс беру хаттамасын жариялау мерзімі өткенге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын тиісті лот бойынша сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      63. Тендерлік комиссияның хатшысы сараптамалық қорытынды алу қажеттігі туралы хабарламаны алғаннан кейін веб-портал арқылы дереу тиісті сарапшыға лот бойынша сараптамалық қорытынды беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Тендерлік комиссияның басқа мүшесінен сол бір лот бойынша сарапшы қорытындысының қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен жағдайда сарапшыға қайталап хабарлама жіберілмейді.

      64. Веб-портал сарапшы қол қойғаннан кейін ұсынымдық сипаттағы сараптамалық қорытындыны тендерлік комиссияның мүшелеріне автоматты түрде жібереді.

      65. Тендерлік комиссияның мүшесі сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда оны назарға алмайды.

      66. Егер сараптамалық қорытынды әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамауға негіз болса, оны тендерлік комиссияның хатшысы дауыс беру хаттамасымен бір мезгілде жариялайды.

      67. Тендерлік комиссия сараптамалық қорытындыны келесі тендерлерді өткізу кезінде күнтізбелік он екі ай ішінде пайдалануға құқылы.

      5-параграф. Тендерлік комиссияның дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі

      68. Тендерлік комиссияның мүшелері тендер жарияланған сәтте өтінімді қарау үшін веб-порталда оны пайдаланушылар ретінде тіркеледі, шешімді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдау немесе қабылдамау үшін дауыс береді, өтінім қабылданбаған жағдайда оны электрондық цифрлық қолтаңбалардың көмегімен осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.

      69. Тендерлік комиссия мүшелері отандық тауар өндірушілерді және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерін немесе кәсіпкерлік бастаманы қолдау туралы шешімдер қабылдаған кезде әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі құжаттарды, ал өтінімнің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім беруші өтінімде ұсынған құжаттарды қарайды.

      Веб-портал осы Қағидаларға сәйкес негіздемемен өтінімге берілетін ескертулерді таңдауды қамтиды.

      Қажет болған жағдайда тендерлік комиссияның мүшесі өзіне веб-портал ұсынатын нұсқаларды пайдаланбай, өтінімге өзінің ескертуін негіздейді.

      70. Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыстары өзара тең.

      Тендерлік комиссияның шешімі комиссияның дауыс берген мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      71. Дауыс беру хаттамасына қол қою дәлелді себептермен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшелері есепке алынбай жүргізіледі.

      Дәлелді себеппен дауыс бермеген тендерлік комиссия мүшесі комиссияның хатшысына дауыс беруге қатысудың мүмкін еместігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      72. Комиссия мүшелерінің бірі оның шешімімен келіспеген жағдайда, оның ерекше пікірі қорытындылар хаттамасына қоса тіркеледі.

      73. Веб-портал дауыс беру хаттамасында тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің әр лот бойынша дауыс беру нәтижелерін веб-порталдағы шешімге сәйкес себебін негіздей отырып, автоматты түрде:

      1) "дауыс берген жоқ";

      2) "қабылданды";

      3) "қабылданбады" деген мәртебелердің бірімен көрсетеді.

      74. Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары бар медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмаған кезде жеңімпаз деп танылады, ал өткізілмеген лоттар бойынша медициналық техниканы сатып алу қайта жүргізілген жағдайда комиссия өтінімін хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      75. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) тендерлік өтінімдердің болмауы;

      2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы;

      3) Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, егер тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе, өткізілген жоқ деп танылады.

      6-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері

      76. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынса, әлеуетті өнім берушінің өтінімі толық қайтарылады.

      77. Мына жағдайларда:

      1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда:

      баға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган саудалық атауға бекіткен, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасы қосылатынын ескергенде шекті бағадан асса;

      тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге, оның ішінде жиынтықтағы дәрілік затқа және (немесе) медициналық бұйымға рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе;

      тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе;

      дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаттың (қорытындының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе;

      саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына, оның ішінде сараптамалық қорытынды бойынша сәйкес келмесе;

      саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндірілген елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе;

      медициналық техниканың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі ұсынылмаса немесе хабарландырудағы техникалық ерекшелікке, оның ішінде сараптамалық қорытындыға сәйкес келмесе;

      Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ медициналық техниканы сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігі әлеуетті өнім берушілер лот бойынша ұсынғандардың ішінен бір өндірушінің бір моделіне ғана сәйкес келсе;

      фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің құны пайызбен немесе теңгемен көрсетілмесе;

      2) өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса немесе:

      егер төлем тапсырмасында сома лот сомасының бір пайызынан кем болса немесе төлем мақсатында лоттың нөмірі көрсетілмесе;

      төлем тапсырмасы бойынша ақшалай жарна дауыс беру хаттамасы қалыптастырылатын кезде бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына түспесе;

      электрондық банктік кепілдік денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілмесе.";

      7-параграф. Аукцион

      78. Аукционға рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      79. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.

      80. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты "Аукцион" бөлімінде көрсетеді.

      81. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендетуі жолымен өткізіледі.

      Ең төмен өтінімінен әлеуетті өнім берушінің бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде – басқаларынан бұрын берілген өтінімнен алынған баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады.

      Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болып табылады.

      82. Аукцион қадамының уақытын есептеу бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады.

      Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минуттармен және секундтармен санауды көрсетеді.

      83. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап ең төменгі бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайтын төмендету жолымен өткізіледі. Аукционда лот бойынша қадамдар саны шектелмейді.

      Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді.

      Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.

      84. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.

      Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімі веб-портал арқылы бұрын берілген өнім беруші жеңімпаз болып айқындалады.

      Веб-портал аукционның қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.

      Аукцион жеңімпазы тендер жеңімпазы болып табылады.

      85. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.

      86. Егер жеңімпаздың бағасынан кейінгі баға лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасына сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.

      8-параграф. Тендерді өтпеді деп тану

      87. Тендер немесе оның қандай да бір лоты өтпеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертуге және сатып алуды осы Қағидалардың 7, 8 және 17-тарауларына сәйкес өткізуге құқылы.

      8-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың веб-портал арқылы автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі

      1-параграф. Автоматтандырылған тендерді жүзеге асыру тәртібі

      88. Автоматтандырылған тендерге осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      89. Автоматтандырылған тендер мынадай жүйелі кезеңдерден тұрады, олар:

      1) сатып алуды өткізу және хатшыны айқындау туралы шешім;

      2) веб-порталда автоматтандырылған тендер өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;

      3) әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуді;

      4) тендерлік өтінімдерді автоматты түрде ашу және веб-порталда тиісті ашу хаттамасын орналастыруды;

      5) әлеуетті өнім берушілердің хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін тендерлік өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде іріктеу;

      6) бәсекелес емес лоттар бойынша тендер жеңімпаздарын айқындауды және бәсекелес лоттар бойынша аукционға автоматты түрде рұқсат беру, сондай-ақ егер әлеуетті өнім берушілердің лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілердің және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушілерінің немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдауы көрсетіліп жатса, олардың өтінімдерін веб-порталдың автоматты түрде қабылдамау;

      7) веб-портал аукционға рұқсат берген әлеуетті өнім берушілер арасындағы аукционды және тендер жеңімпаздары мен екінші орын алған өнім берушілерді веб-порталдың автоматты түрде айқындауы, қорытынды шығаруы, ал барлық өтінімдер қабылданбаған немесе лоттар бойынша бәсекелес болмаған жағдайда веб-порталдың автоматты түрде қорытынды шығаруы;

      8) веб-портал арқылы өнім беру шартының бағасын төмендету жөнінде келіссөздер жүргізуі;

      9) автоматтандырылған тендердің қорытындысы туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен өнім беру шартын жасасу кезеңдерінен тұрады.

      90. Бірыңғай дистрибьютордың:

      1) веб-порталда автоматтандырылған тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;

      2) тоқтату немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда оның көшірмесін қоса тіркей отырып, веб-порталда тендерді тұтастай немесе қандай да бір лоты бойынша тоқтатуды уақтылы қамтамасыз ететін штаттық жұмыскері Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілі болып айқындалады.

      91. Автоматтандырылған тендерді өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютор шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімдер ашылатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын веб-порталда мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жарияланады, онда:

      1) хабарландырудың атауы, нөмірі және орналастыру уақыты;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру коды, банктік шоты;

      3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның нөмірі, атауы, оның сипаттамалары, өлшем бірлігі, саны, бөлінген бағасы және жалпы сомасы көрсетілген лоттар;

      4) жеткізу орны;

      5) жеткізу мерзімдері;

      6) бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны мен электрондық поштасы қамтылған ақпарат болады.

      92. Өтінімдерді қабылдау автоматтандырылған тендер туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 9.00-де басталады.

      Өтінімдер болмаған кезде веб-портал автоматты түрде және бір мезгілде ашу және қорытынды хаттамаларын жариялайды.

      93. Өтінімдер қабылдау мерзімі өткеннен кейін веб-портал нөмірін, жарияланған уақытын және мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде ашу хаттамасын жариялайды, онда:

      1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) хабарландырудағы лоттардың тізбесі;

      4) әлеуетті өнім берушілердің атауы, БСН (ЖСН), ССН, ТЕН, заңды мекенжайлары, өтінімдер берген уақыты мен күні;

      5) өтінімдер ұсынылмаған лоттар;

      6) баға ұсыныстарының деректері көрсетілген лоттар мен өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.

      94. Веб-портал хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде іріктеуді жүргізеді.

      95. Веб-портал шешімдерді веб-порталға қою арқылы әлеуетті өнім берушінің өтінімдерін автоматты түрде қабылдайды немесе қабылдамайды Өтінімдер қабылданбаған жағдайда оны осы Қағидалардың нормаларымен негіздейді.

      96. Өтінімін веб-портал хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған әлеуетті өнім беруші лот бойынша бәсекелестік болмаған кезде жеңімпаз болып танылады.

      97. Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің сәйкестігін анықтауды веб-портал әлеуетті өнім берушінің веб-порталдағы парақшасындағы, сондай-ақ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы" ақпараттық жүйесінен және www.elicense.kz алынған деректерді пайдалана отырып, мына параметрлер бойынша автоматты түрде жүргізеді:

      1) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды тіркеудің болуы;

      2) егер дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым тіркелмеген болса, оны хабарландыруға сәйкес келетін мөлшерде Қазақстан Республикасына әкелуге уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) болуы;

      3) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның сипаттамалары, өлшем бірліктері;

      4) бірыңғай дистрибьютордың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген үстеме бағасын ескергенде (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда) халықаралық патенттелмеген атаудың шекті бағасынан және саудалық атаудың шекті бағасынан асырмау;

      5) объектінің тиісті өндірістік практиканың (GMP), тиісті дистрибьюторлық практиканың (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың болуы;

      6) отандық тауар өндірушілер және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері мәртебесінің болуы.

      98. Веб-портал рұқсат беру хаттамасын оның нөмірін, жарияланған уақытын, мәртебесін көрсете отырып, автоматты түрде жариялайды және онда:

      1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) өтінімге рұқсат беру немесе оны тұтас немесе лот бойынша қабылдамау, отандық тауар өндірушілерге және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілеріне немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету туралы шешімдерді көрсете отырып, лоттар бойынша автоматты іріктеудің нәтижесі;

      4) хабарландыру шарттарына немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты веб-портал өтінімдерін қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) лот бойынша бәсекелестеріне отандық тауар өндірушілердің және (немесе) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өндірушілерінің немесе кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетілуге байланысты веб-портал өтінімдерін автоматты түрде қабылдамаған лоттар мен әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      6) баға ұсыныстарының деректерін егжей-тегжейлі көрсете отырып, бәсекелесі жоқ лоттар және отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      7) баға ұсыныстарының деректерін егжей-тегжейлі көрсете отырып, веб-портал өтінімдері хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп таныған бәсекелесі жоқ лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      8) аукционның бастапқы бағасын көрсете отырып, веб-портал өтінімдерін аукционға қабылдаған бәсекелес лоттар және әлеуетті өнім берушілердің атаулары қамтылады.

      99. Рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтінімдерде ұсынылған бағаны төмендетуге аукцион өткізіледі.

      100. Өтінімдер болмаған, веб-портал барлық өтінімдерді қабылдамаған, лоттар бойынша немесе аукционның қорытындысы бойынша бәсекелес болмаған кезде веб-портал автоматты түрде қорытындылар хаттамасын қалыптастырады және оның нөмірін, жарияланған уақыты мен мәртебесін көрсете отырып жариялайды, онда:

      1) автоматтандырылған тендердің нөмірі мен атауы;

      2) бірыңғай дистрибьютордың атауы, БСН және заңды мекенжайы;

      3) лоттар, аукционға қатысушылардың атаулары, аукцион беру уақыты мен қадамдардың мөлшері көрсетілген аукцион нәтижелері;

      4) бәсекелес лоттар және аукцион нәтижесінде веб-порталда өтінімдері автоматты түрде қабылданбаған екінші орын алғандарды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің атаулары;

      5) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукциондағы тендер жеңімпаздары;

      6) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген аукционда екінші орын алған әлеуетті өнім берушілер;

      7) бәсекелес лоттар және баға ұсыныстарының деректері егжей-тегжейлі көрсетілген отандық тауар өндірушілер немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын тендер жеңімпаздарының атаулары қамтылады.

      101. Веб-порталды пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе хаттамаларды дұрыс қалыптастырмайтын техникалық ақаулар туындаған кезде бірыңғай оператор тендерге қатысушылардың бәріне автоматты түрде тиісті хабарламалар жіберетін веб-порталдың тиісті бөлімінде бұл туралы дереу хабарландыру жариялайды.

      Бұл ретте автоматтандырылған тендер мерзімі техникалық ақауларды жою үшін қажетті уақытқа жылжиды.

      Жарияланған қате хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталдан алып тастамай, оған "жарамсыз" деген мәртебе береді. Жаңадан қалыптастырылған дұрыс хаттаманы бірыңғай оператор веб-порталда "жарамды" деген мәртебемен жариялайды.

      102. Хаттама ауыстырылған жағдайда веб-портал тендерге қатысушыларға автоматты түрде тиісті хабарлама жібереді.

      103. Автоматтандырылған тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:

      1) тендерлік өтінімдердің болмауы;

      2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдерінің қабылданбауы.

      2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің автоматтандырылған тендерге қатысуы

      104. Әлеуетті өнім беруші автоматтандырылған тендерге қатысу үшін веб-порталда оның пайдаланушысы ретінде тіркеледі және мынадай құжаттарды орналастырады:

      1) веб-порталда көзделген нысан бойынша қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы туралы ақпарат;

      2) болса:

      объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттардың көшірмелері.

      Осы тармақта көзделген құжаттар қажетіне қарай өзектілендіріліп тұрады.

      Веб-портал әлеуетті өнім берушінің осы тармақта көзделген құжаттарды орналастырған уақыты мен күнін хронологиялық тәртіппен көрсетеді және оларды, оның ішінде өзектілендірілгеннен кейін алып тастауға мүмкіндік бермейді.

      105. Автоматтандырылған тендер шеңберінде әлеуетті өнім беруші хабарландыру шарттарына сәйкес келетін және:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;

      2) банк кепілдігі түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету қамтылуы тиіс бір тендерлік өтінім береді.

      106. Әлеуетті өнім беруші дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды жеткізуге арналған баға ұсынысында:

      1) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы" ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес келетін тіркеу куәлігінің нөмірін;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсатының (қорытындысының) нөмірін;

      3) саудалық атауын;

      4) қысқаша сипаттамасын;

      5) өлшем бірлігін;

      6) өндірушіні;

      7) өндірілген елін;

      8) бірлігі үшін бағаны көрсетеді.

      107. Баға ұсынысының деректері веб-порталда ашу және қорытындылар хаттамаларында, жасалатын шарттарда автоматты түрде көрсетіледі.

      108. Веб-портал әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде:

      1) дәрілік заттың және (немесе) медициналық бұйымның бір бірлігі үшін хабарландырудағы лоттың бағасынан жоғары баға ұсынуға;

      2) дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың баға ұсынысындағы санын өзгертуге;

      3) хабарландыруда көзделген мерзім өткеннен кейін өтінім беруге;

      4) өтінім ашылғаннан кейін оны қайтарып алуға мүмкіндік бермейді.

      109. Өтінім әлеуетті өнім берушіге веб-портал хабарлама жіберген кезде берілді деп есептеледі және оны әлеуетті өнім беруші ол ашылған сәтке дейін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      3-параграф. Кепілдікті қамтамасыз ету

      110. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету әрбір лотқа жеке енгізіледі және хабарландырудағы лот сомасының кемінде бір пайызын құрайды.

      111. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банктің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен тікелей веб-порталда банк беретін электрондық банк кепілдігі нысанында ұсынады.

      112. Әлеуетті өнім берушінің өтінімін кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі қорытындылар хаттамасына сәйкес ол қабылданбаған не сатып алу жеңімпазы жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған кезде аяқталады.

      113. Кепілдікті қамтамасыз ету:

      1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;

      2) жеңімпаз тендер қорытындысы бойынша жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған;

      3) тендер немесе жеке лотты сатып алу қабылданған;

      4) тендер немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;

      5) енгізілген, бірақ тұлға тендерге қатыспаған жағдайларда қайтарылады.

      114. Әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған жағдайда веб-портал электрондық банк кепілдігін берген банкке және әлеуетті өнім берушіге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.

      115. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің қабылданбауы себебінен кепілдікті қамтамасыз етуді қайтару мерзімі тиісті лот бойынша өтінімді қабылдамау туралы шешім көзделетін қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

      116. Осы Қағидаларда көзделген мерзімдер бұзылып:

      1) тендер жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан немесе жалтарған;

      2) тендер жеңімпазы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаған жағдайларда өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсталады.

      117. Электрондық банктік кепілдік түріндегі кепілдікті қамтамасыз ету ұсталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор веб-портал арқылы банкке және тендер жеңімпазына (мәлімет үшін) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша оны төлеу туралы талап жібереді.

      118. Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке оны төлеу үшін негіз басталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қойылады.

      4-параграф. Өтінімді қабылдамау негіздері

      119. Мына жағдайларда:

      1) баға ұсынысы ұсынылмаса немесе онда:

      баға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен саудалық атауға, ал бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда әлеуетті өнім берушінің бағасына бірыңғай дистрибьютордың бекітілген үстеме бағасы қосылатынын ескере отырып, шекті бағадан асса;

      тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге берген рұқсатының (қорытындысының) нөмірі көрсетілмесе;

      тіркеу куәлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) хабарландыру шарттарына сәйкес келмейтін нөмірі көрсетілсе;

      дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес келмейтін немесе онда жоқ тіркеу куәлігінің нөмірі көрсетілсе;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әкелуге немесе өндіруге берген рұқсатының (қорытындысының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жоқ нөмірі көрсетілсе;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарландырудағы санға жеткіліксіз көлемде әкелуге немесе өндіруге берген рұқсаты (қорытындысы) көрсетілсе;

      саудалық атауы, сипаттамасы немесе өлшем бірлігі хабарландыру шарттарына сәйкес келмесе;

      саудалық атауы, қысқаша сипаттамасы, өлшем бірлігі, өндірушісі немесе өндірілген елі көрсетілмесе немесе дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес келмесе;

      2) тендерлік өтінімнің кепілдікті қамтамасыз етуі ұсынылмаса.";

      5-параграф. Аукцион

      120. Аукционға тендерлік өтінімдерді іріктеудің қорытындысы бойынша рұқсат беру хаттамасына сәйкес оған жіберілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      121. Аукцион рұқсат беру хаттамасы жарияланғаннан кейін бір жұмыс күнінен кейін бірыңғай оператордың жұмысы күні сағат 10.00-де басталады және веб-порталда нақты уақыт режимінде қашықтан өткізіледі.

      122. Веб-портал аукционға қатысушыларға, комиссияның мүшелері мен хатшысына аукционның басталғаны туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді және веб-порталда әрбір лот бойынша аукцион уақытының басталғаны туралы ақпаратты "Аукцион" бөлімінде көрсетеді.

      123. Аукцион оған қатысушылардың лот бойынша бағаны әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбаларының көмегімен бастапқы бағадан бастап біртіндеп төмендету жолымен өткізіледі.

      Әлеуетті өнім берушінің ең төмен өтініміндегі бағасы, ал аукционға жіберілген бірнеше бәсекелестің ең төмен бағасы сәйкес келген кезде басқаларынан бұрын берілген өтінімдегі баға ұсынысы аукционның бастапқы бағасы болып табылады.

      Лот бойынша бәсекелестің аукцион уақыты басталған немесе бәсекелесі кезекті баға ұсынысын берген сәттен бастап отыз минут ішінде бастапқы немесе ең төменгі бағаны бір рет төмендету мүмкіндігі аукцион қадамы болады.

      124. Аукцион қадамының уақытын кері сонау бір лот бойынша аукционға рұқсат берілген бәсекелестердің біреуі баға ұсынысын берген сәттен басталады.

      Веб-портал аукцион қадамы аяқталғанға дейін қалған отыз минуттық уақытты минутпен және секундпен кері санауды көрсетеді.

      125. Аукцион баға туралы ағымдағы ұсынысты ең төменгі бастапқы бағадан бастап ең төменгі бастапқы бағаның жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайтын аукцион қадамына төмендету арқылы өткізіледі. Аукциондағы лот бойынша қадамдар саны шектелмейді.

      Веб-портал аукционға қатысушыларға бағаны сәйкес келмейтін шамаға төмендетуге автоматты түрде мүмкіндік бермейді және бағаны төмендету үшін аукцион қадамының мөлшерін пайызбен немесе теңгемен таңдауды көздейді.

      Аукционға қатысушы лот бойынша бәсекелестердің бірі баға ұсынысын бермес бұрын кезекті баға ұсынысын бере алмайды.

      126. Аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны төмендетуге баға ұсынысын бермесе, осы лот бойынша аукцион аяқталады және баға ұсынысы лот бойынша аукционның бастапқы бағасы ретінде қабылданған әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.

      Егер бірнеше әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бастапқы баға үшін бірдей болса, өтінімді веб-портал арқылы бұрын бергені жеңімпаз болып айқындалады.

      Веб-портал аукцион қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынысын берген аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.

      Аукцион жеңімпазы тендер жеңімпазы болып табылады.

      127. Веб-портал екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаздың аукционға қатысқан бәсекелестерінің арасынан ғана жеңімпаздың бағасынан кейінгі ең төмен баға бойынша автоматты түрде айқындайды.

      128. Егер жеңімпаздың бағасынан кейін лот бойынша бірнеше бәсекелестің бағасы сәйкес келсе, бағаны бәсекелестерінен бұрын төмендеткен әлеуетті өнім беруші екінші орын алған болып айқындалады.".

      2. Қағидалардың 3-бөлімінің 10, 11, 13 және 14-тарауларының қолданылуы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезінде осы тараулар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3-бөлім. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу

      131. Егер біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі баға тұрғысынан заңнамада тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, сондай-ақ осы Қағидалардың 133-тармағында көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды (бұдан әрі – бағалық сатып алу) қолдануға жол беріледі.

      132. Бағалық сатып алуды қолдану мақсатында бірыңғай дистрибьюторда дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың болмауы жағдайын қоспағанда, қаржы жылы ішінде біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге жол берілмейді.

      133. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) алпыс күндік қажеттілікке дейін, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді тоқсан күндік қажеттілікке дейін сатып алуға:

      1) бірыңғай дистрибьютордан:

      бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған сатып алу шарты бойынша жеткізу мерзімінің бұзылуына;

      Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларда айқындалған тәсілдермен жүргізетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алудың болмауына байланысты алынған хабарлама негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушіде немесе денсаулық сақтау субъектілерінде (амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдығы болмаған;

      2) бірыңғай дистрибьютор медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілім бар дәрілік затты сатып алған;

      3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдері негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған;

      4) тендер өткізілмеді деп танылған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қажет болған жағдайда жол беріледі.

      134. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жеткізу көлемін, орнын және графигін көрсетіп, кемінде екі үлестес емес әлеуетті өнім берушіден баға ұсынысына сұратуды жүзеге асырады.

      135. Сұрату баға ұсынысын қабылдаудың соңғы күніне дейін күнтізбелік жеті күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берушіде интернет-ресурс болмаған жағдайда хабарландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының интернет-ресурсына орналастырылады. Баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыру:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайын;

      2) сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауын (жеке көтере алмау жағдайында саудалық атауы), медициналық бұйымның тауарлық маркасы мен өндірушіні көрсетпей, олардың қысқаша сипаттамасын, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сипаттамасын, сатып алу көлемін, жеткізу орнын, әрбір дәрілік зат пен медициналық бұйым бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы;

      3) жеткізу мерзімдері мен шарттарын;

      4) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен баға ұсынысын берудің соңғы мерзімін;

      5) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу күнін, уақыты мен орнын қамтиды.

      136. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін жабық күйде тек бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.

      137. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сұрату мен үлгілік сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының талаптары сақталып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.

      138. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсынысын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытынды хаттамасын жасайды, оған:

      1) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;

      2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;

      3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

      4) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі.

      Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады.

      139. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Бірдей баға ұсынысы берілген жағдайда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 141-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

      140. Баға ұсынысы болмаған жағдайда баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.

      141. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

      4) заңды тұлға жарғысының көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, онда акция ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі де ұсынылады);

      5) "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы арқылы алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, олар есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі;

      6) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушыға осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.

      Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсынысы тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.

      142. Сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қорытынды шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қорытындылау хаттамасын жібереді.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеңімпаз айқындалған немесе қорытындылау хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.

      143. Жеңімпаз сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты оларға алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды не тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты көрсетілген мерзімде ұсынбау оны жасасудан бас тарту (шарт жасасудан жалтару) болып саналады. Бас тартуды қарау мерзімі екі жұмыс күнінен аспайды.

      11-тарау. Бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      144. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алуды осы тараудың нормаларына сәйкес бір көзден алу тәсілімен немесе осы Қағидалардың 18-тарауының 2-параграфына сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      Бір көзден алу тәсілімен сатып алу:

      1) баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылғанда;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың жариялануы салдарынан тендер өткізу мүмкіндігін болдырмайтын осы дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға жедел қажеттілік туындағанда;

      3) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысын шығарғанға дейінгі кезеңде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;

      4) сол қаржы жылы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлеміне қажеттілік болғанда.

      Бұл ретте дәрілік заттың, медициналық бұйымның немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасы сол қаржы жылы сатып алынған дәрілік заттың, медициналық бұйымның не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасынан аспайды. Сол қаржы жылы сатып алу немесе фармацевтикалық қызметті көрсетуге шарт жасасқан сол бір өнім берушіден сатып алу жүзеге асырылған жағдайда жасалған шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі және осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау талап етілмейді.

      Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемі деп фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартта көзделген фармацевтикалық қызмет қосымша көрсетілетін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың санын ұлғайту түсініледі (бағасы, саудалық атауы, дозасы және сапасы өзгермеген кезде);

      5) халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендер бірыңғай дистрибьютордан алынған хабарлама негізінде өткізілген жоқ деп танылғанда;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде:

      медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімі бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда балаларды қамтамасыз ету мақсатында;

      дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі негізінде пациент ерекшелігіне байланысты жеке көтере алмаған жағдайда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болғанда;

      7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын баға бойынша алпыс күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша қызметті (осы тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда) сатып алуды жүзеге асыру қажет болғанда, сондай-ақ дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды есепке алу мен өткізу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда, сондай-ақ тоқсан күнге дейін қажет дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі;

      8) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерде толық өндірілген немесе өңделген, тұтынуға (қолдануға) дайын дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіретін өнім берушінің немесе оның үлестес тұлғаларының дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуі көзделіп, жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты болғанда қолданылады.

      145. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіден:

      1) баға ұсынысын;

      2) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

      3) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауының ережелеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды сұратады.

      146. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде хаттама жасалады, оған:

      1) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі;

      2) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, олардың саудалық атауының немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;

      3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанып отырған өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;

      4) осы Қағидалардың 3 және 4-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігі енгізіледі.

      147. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шарты осы Қағидалардың 13-тарауы негізінде жасалады.

      148. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іc-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының осы тәсілді қолдануын негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу өткізу туралы шешім қабылдауы;

      2) тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау және бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу рәсімін өткізу;

      3) әлеуетті өнім берушіге сатып алуға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін көрсетіп, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақырту жіберу;

      4) әлеуетті өнім берушінің шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, бір көзден алуға қатысу туралы келісімді жіберуі;

      5) әлеуетті өнім беруші ұсынған осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау;

      6) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастыру;

      7) әлеуетті өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу.

      149. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      150. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттама жасайды және интернет-ресурста орналастырады.

      151. Осы тарауға сәйкес жіберілген тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының шақыртуына әлеуетті өнім беруші оны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға шақыртуда көзделген құжаттарды қоса беріп, сатып алуға қатысатыны туралы өзінің келісімін жібереді. Бұл ретте осы тармақта белгіленген мерзімде жауаптың болмауы сатып алуға қатысудан бас тарту ретінде бағаланады.";

      "13-тарау. Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету шартын жасасу

      163. Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді.

      164. Шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

      165. Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып саналады. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.

      166. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      167. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады.

      168. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді.

      169. Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа:

      1) тараптардың өзара келісімі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;

      2) тараптардың өзара келісімі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      170. Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

      14-тарау. Шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз ету

      171. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс.

      172. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:

      1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

      Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.

      173. Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді.

      174. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер өзі өзгешені көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      175. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге:

      1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;

      2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);

      3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген жағдайда қайтармайды.".

      3. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру құралдарын сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағамен сатып алынады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сатып алуды веб-порталды қолданбай дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) тендер;

      2) баға ұсынысын сұрату;

      3) бір көзден алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

      Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуына жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте көрсетеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

      1) веб-портал арқылы тендер;

      2) веб-портал арқылы автоматтандырылған тендер;

      3) веб-портал арқылы бір көзден алу;

      4) бір көзден алу;

      5) веб-портал арқылы ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген сатып алуды өткізу тәсілі сараптамалық қорытынды алу қажет болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Сараптамалық қорытынды сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамалары "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай сыныптауышы" ақпараттық жүйесінде тіркелген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сипаттамасына сәйкес келген жағдайда талап етілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:

      1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен орфандық препараттардың тізбесіне енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Кодекстің ережелеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған жағдайда – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы.

      Жиынтықтаушы медициналық техниканы (өнім беру жиынтығын) тіркеудің қажет болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

      2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.

      Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асып кетуіне жол беріледі;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болса) бойынша шекті бағадан аспауы;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;

      5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкестігі;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      7) өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға берген күні сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде елу пайызды;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың қараша, желтоқсан және басталған қаржы жылының қаңтар кезеңінде жеткізілген кезде қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он төрт айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) және қаржы жылы ішінде келесі жеткізілген кездерде кемінде он екі айды құрайды;

      8) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде сегіз айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      9) бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушіге берген күні вакциналардың жарамдылық мерзімі:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде қырық пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

      10) бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушіге жарамдылық мерзімі өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін берілетін дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының ауыспалы қалдықтары үшін осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жарамдылық мерзімінен аз;

      11) медициналық техниканың жаңалығы, оның пайдаланылмауы және жеткізу сәтінің алдындағы жиырма төрт ай кезеңінде өндірілуі;

      12) өлшеу құралдарына жататын медициналық техниканың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі.

      Медициналық техниканы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізудің қажет болмауы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес расталады;

      13) шарт талаптары бойынша өнім беру немесе фармацевтикалық қызмет көрсету санын, сапасын және мерзімдерін сақтау;

      14) өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесі бар әлеуетті өнім берушінің бергенін растайтын құжаттың болуы.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Медициналық техниканы сатып алу жүзеге асырылған кезде бірыңғай дистрибьютор тендер қорытындысының хаттамасын және жеңімпаздардың техникалық ерекшелігін тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендер жеңімпаздарымен сатып алу шарттарын жасасу үшін тапсырыс берушілерге (өтініш берушілерге) жібереді.";

      102-тармақ алып тасталсын;

      "9-1-тарау. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      1-параграф. Тендерді ұйымдастыру

      130-1. Тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар тендерді осы Қағидалардың осы тарауының нормаларына сәйкес өткізеді.

      Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік өтінімдерді қабылдау аяқталатын күннен кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын, қайталама тендер кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына хабарландыру орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      130-2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалған тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыру тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы;

      2) сатып алынатын фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атаулары, саудалық атауы – пациент ерекшелігіне байланысты жеке көтере алмаған жағдайда сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сома;

      3) жеткізу мерзімі мен талаптары;

      4) тендерлік құжаттаманы беру тәртібі мен көзі;

      5) құжаттарды ұсыну (қабылдау) орны мен тендерлік өтінімдерді соңғы беру мерзімі;

      6) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны.

      130-3. Тендер өткізу үшін тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссия құрады. Әрбір тендерге бөлек комиссия құрамы бекітіледі.

      130-4. Тендерлік комиссия құрамына тендерлік комиссия төрағасы, төраға орынбасары мен мүшелері кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды және кемінде үш адамды құрайды.

      130-5. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін сатып алу шарты жасалған не тендер өткізілмеген деп танылған күні не сатып алу шарты жасалғанға дейін сатып алу өткізу кезінде бұзушылық анықталған жағдайда қорытындыларының күші жойылғанда тоқтатады.

      130-6. Тендерлік комиссия құрамына тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ бейінді құрылымдық бөлімшелер басшылары мен мамандары кіреді.

      130-7. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшының орынбасары комиссия қызметіне басшылық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерін іске асыру үшін жалпы бақылауды жүзеге асыратын тендерлік комиссияның төрағасы болып айқындалады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.

      130-8. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы басшысының бұйрығымен тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері қатарынан тендерлік комиссия хатшысы тағайындалады, ол комиссия құрамына кірмейді және дауыс беру құқығы болмайды.

      130-9. Тендерлік комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы ұсынады, олардан тендерлік өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, тендерлік комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды және басқа да қажетті материалдарды дайындайды, тендерлік комиссия отырысының хаттамасын жасайды, тендерлік өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда оларды ұсыну күні мен уақыты, тендерлік өтінім салынған конвертті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі. Журнал тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы беті тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті адамының қолтаңбасымен куәландырылады.

      130-10. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы арнайы білімді және (немесе) техникалық танымды талап ететін мәселелер бойынша бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.

      Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жеке қаржы жылына дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың хабарландырудағы сипаттамаларға немесе техникалық ерекшеліктерге сәйкестігі тұрғысынан өтінімдерді сараптау үшін бейінді мамандықтар бойынша сарапшыларды айқындайды.

      130-11. Сарапшы комиссия шешім қабылдағанға дейін әлеуетті өнім берушілер ұсынып отырған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға, тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкестігіне дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың техникалық ерекшелігі (сипаттамасы) бойынша сараптамалық қорытынды береді.

      130-12. Сарапшы тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге қатыспайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      130-13. Сараптамалық қорытындыны комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстырып тексеру, жеңімпазды айқындау кезінде қарайды.

      130-14. Тендерлік комиссия отырысы оның жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде тендерлік комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      130-15. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда отырыс хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын актіге сілтеме көрсетіледі.

      130-16. Егер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы кворумның болмауы себебінен белгіленген күні және уақытта өткізілмесе, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде белгіленетін конверттерді ашудың жаңа күні мен уақыты туралы хабарлайды.

      Бұл ретте қайта берілген тендерлік өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды.

      130-17. Егер белгіленген уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны қамтамасыз етілмесе, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның өткізілмеген отырысы күнінен кейінгі үш жұмыс күні ішінде тендерлік комиссия құрамына өзгерістер енгізеді.

      130-18. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері, тендерлік комиссия төрағасы, оның орынбасары мен комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына қолбелгі қояды.

      130-19. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманы бекітеді, ол оның интернет-ресурсына орналастырылады және мыналарды (сатып алу нысанасына қарай):

      1) әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарына және сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкестігін растау үшін ұсынуға тиіс тендерлік құжаттаманың құрамын, құжаттар тізбесін;

      2) техникалық ерекшелікті қоса алғанда, сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамаларын;

      3) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемі және әрбір лот бойынша оларды сатып алу үшін бөлінген соманы;

      4) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жеткізу немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсету орны, мерзімі мен басқа да шарттарын;

      5) төлем шарттарын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жобасын;

      6) тендерлік өтінімнің, сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың тіліне қойылатын талаптарды;

      7) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптарды;

      8) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу тәртібін, нысаны мен мерзімдерін;

      9) тендерлік өтінімді кері қайтарып алу мүмкіндігі мен тәртібіне нұсқауды;

      10) тендерлік өтінімдерді қабылдау орны мен соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімін;

      11) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың мазмұны, қажет болған кезде олармен кездесу өткізу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін жүгіну нысандарын;

      12) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні, уақыты мен рәсімін;

      13) тендерлік өтінімдерді қарау рәсімін;

      14) әлеуетті өнім берушілерге – отандық тауар өндірушілерге Қағидаларда айқындалған қолдау көрсету шарттарын;

      15) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу шарттарын, нысанын, көлемі мен тәсілін;

      16) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамалары және халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесі және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде).

      Пациенттің жеке өзіне жақпауы жағдайда тапсырыс берушінің дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы негізінде саудалық атауы, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық сипаттамасы мен халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасы және (немесе) саудалық атауының шекті бағасы көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті негізде босатылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесін және санын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде);

      17) медициналық техниканың тізбесі мен санын;

      18) әрбір лот бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындаған фармацевтикалық қызмет көрсетілуге тиіс елді мекендер тізбесін (фармацевтикалық көрсетілетін қызметті сатып алу кезінде);

      19) осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне, сондай-ақ олардың бірлесіп орындаушыларына қойылатын біліктілік талаптарын (фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде) қамтиды.

      130-20. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының біртекті дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға, ал біртекті дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бірнеше түрін сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізу орны бойынша лоттарға бөлуіне жол беріледі.

      Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сатып алуды оларды көрсету орны бойынша лоттарға бөледі.

      130-21. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктеме беруге жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салу авторын көрсетпей түсініктеме береді, ол сұрату келіп түскен күнде тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

      130-22. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік бес күнге ұзартылады.

      130-23. Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттамада айқындалған жерде және уақытта тендер шарттарын түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізеді, бұл туралы кездесудің барысы және мазмұны туралы мәліметтер қамтылатын хаттама жасалады, ол тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттама алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

      2-параграф. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну және кері қайтарып алу

      130-24. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді жабық күйінде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

      130-25. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

      130-26. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады.

      Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге, сондай-ақ осы Қағидалардың 130-27-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

      130-27. Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді. Электрондық жеткізгіште денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімдемесі ұсынылады;

      2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);

      3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі;

      4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      5) мыналар:

      объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;

      объектінің тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатының көшірмелерін;

      6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын;

      7) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.

      130-28. Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі:

      1) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелікті (медициналық техниканы, сондай-ақ "docх" форматында электрондық жеткізгіште мәлімдеген кезде);

      2) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың немесе Қазақстан Республикасына әкелуге және қолдануға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсатының) көшірмесін.

      Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оны әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; отандық тауар өндірушінің өндіруі, "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызметін көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады;

      3) егер әлеуетті өнім беруші тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) немесе тиісті өндірістік практика (GMP) немесе тиісті дәріханалық практика (GPP) сертификатын ұсынбаса, өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір және одан аз жыл бұрын берілген "салқындату тізбегінің" бар болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін қамтиды.

      130-29. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

      130-30. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету):

      1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

      130-31. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге бес жұмыс күні ішінде:

      1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім беруші оны кері қайтарып алған;

      2) тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес келмеу негіздемесі бойынша тендерлік өтінім қабылданбаған;

      3) басқа әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған;

      4) сатып алу рәсімі тендер жеңімпазын айқындамай тоқтатылған;

      5) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартын орындауды кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайда қайтарылады.

      130-32. Кепілдікті қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге, егер:

      1) ол тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;

      2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасаудан жалтарса;

      3) жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе, қайтарылмайды.

      130-33. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны жазбаша нысанда кері қайтарып алады.

      130-34. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      130-35. Тендерлік өтінім басылып шығарылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі.

      Грамматикалық немесе арифметикалық қатені түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасына қосымша жазулар жазуға, сөздерді өшіруге немесе толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолтаңбасымен бекітіледі.

      Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге бөлек қоса беріледі және тендерлік өтініммен бір конвертке салынып жабылады.

      Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайы қамтылады, ол тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жіберілуге тиіс және "_______ (тендердің атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі тендер" және "_______ (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз" деген сөздер қамтылады.

      3-параграф. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу

      130-36. Тендерлік өтінімдерді қабылдауды аяқтау мен тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашудың басталуы арасындағы уақыттың ұзақтығы екі сағаттан аспайды.

      130-37. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада айқындалған уақытта және орында аудио және видео тіркеуді қолданып ашады.

      Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатыса алады.

      Тендерлік комиссия хатшысы конверттерді ашып, тендерлік өтінімдер келіп түскен әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекенжайын, әрбір лот бойынша мәлімделген бағаны, жеткізу мен ақы төлеу шарттарын, тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу тәртібін, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттар туралы ақпаратты хабарлайды және осы мәліметтерді конверттерді ашу хаттамасына енгізеді.

      4-параграф. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру

      130-38. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жүзеге асырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық немесе тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.

      130-39. Тендерлік комиссия:

      1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;

      2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;

      3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;

      4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;

      6) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;

      7) әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған;

      8) біліктілік талаптары және осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

      9) банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы болған;

      10) ұсынылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;

      11) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші – тиісті дистрибьюторлық практика сертификатын (GDP), отандық тауар өндіруші – объектінің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты, тиісті дәріханалық практика сертификатын (GPP) ұсынған жағдайды қоспағанда, қажет болған кезде "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің көшірмесі ұсынылмаған;

      12) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу деректерінде айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;

      13) осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      14) осы Қағидалардың 15, 21-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      15) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттама шарттарында көрсетілгеннен неғұрлым қысқа болған;

      16) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылмаған;

      17) әлеуетті өнім беруші дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасынан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары ұсынған;

      18) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;

      19) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      20) осы Қағидалардың талаптарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.

      130-40. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өткен жоқ деп танылса, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендердің мазмұны мен шарттарын өзгертеді және осы Қағидалардың 9-1-тарауына сәйкес қайта тендер өткізеді.

      130-41. Егер тендер тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін бір ғана өтінімнің берілуі негізінде тұтастай немесе оның қандай да бір лоты бойынша өткізілмеген деп танылса, онда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осы өтінімді берген әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады.

      130-42. Тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты мынадай негіздемелердің бірі бойынша:

      1) тендерлік өтінімдер болмаса;

      2) әлеуетті өнім берушілердің барлық тендерлік өтінімдері қабылданбаса, өткізілмеді деп танылады.

      130-43. Тендер жеңімпазы тендерлік өтінімдері тендерлік комиссия ең төмен баға ұсынысы негізінде хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес деп танылған әлеуетті өнім берушілер арасынан айқындалады.

      Лот бойынша бәсекелестік болмаған немесе лот бойынша бәсекелестің тендерлік өтінімдері қабылданбаған кезде тендерлік өтінімін тендерлік комиссия хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жалғыз өтінім деп таныған әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы болып танылады.

      5-параграф. Тендердің қорытындысын шығару

      130-44. Тендер қорытындысы тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шығарылады, ол туралы хаттама жасалады, оған:

      1) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттамасы;

      2) сатып алу сомасы;

      3) тендерлік өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атауы, орналасқан жері және біліктілік деректері;

      4) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа да шарттары;

      5) бағалауды жазу және тендерлік өтінімдерді салыстыру;

      6) тендерлік өтінімдерді қабылдамау негіздемесі;

      7) саудалық атауын көрсетіп, тендердің әрбір лоты бойынша жеңімпаз(дар)дың атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз айқындалған талаптар;

      8) саудалық атауын көрсетіп, әрбір тендер лотының ұсынысы жеңімпаз ұсынысынан кейінгі екінші болып табылатын қатысушының атауы мен орналасқан жері;

      9) егер тендер жеңімпазы айқындалмаса, негіздемесі;

      10) сатып алу шарты жасалуға тиіс мерзім;

      11) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат енгізіледі.

      130-45. Тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына қорытынды хаттамасын орналастыру арқылы тендердің нәтижесі туралы хабарлайды.

      130-46. Тендердің қорытындысы туралы хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады. Сатып алуды ұйымдастырушы қорытынды шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тапсырыс берушіге сатып алу қорытындысы хаттамасының куәландырылған көшірмесін және жеңімпаздың дәрілік заттарының және (немесе) медициналық бұйымдарының техникалық ерекшелігін жібереді.

      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды:

      1) отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік тауар өндірушіден сатып алу:

      халықаралық патенттелмеген атауы (құрамы) және (немесе) сипаттамасы бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар сатып алынған;

      дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында сатып алынған;

      дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар төтенше жағдайларды болғызбау және олардың салдарын жою мақсатында сатып алынған жағдайларда;

      Кодекстің 246-бабының 1-тармағына сәйкес саудалық атауы бойынша дәрілік заттар сатып алынған;

      тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеген жағдайларда;

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алу:

      егер дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды отандық тауар өндірушіден немесе шетелдік тауар өндірушіден сатып алынған;

      дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды орфандық ауруларды емдеу үшін сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.";

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Бірыңғай дистрибьютор шетелдік және (немесе) отандық дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар өндірушісінен ұсынылған құжаттарды хабарландыру шарттары мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін комиссия құрады және сатып алу рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.

      Бірыңғай дистрибьютордың шешімімен бекітілген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімін өткізу туралы хабарландыру бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастырылады және мынадай мәліметтерден тұрады:

      бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы және банктік деректемелері;

      халықаралық патенттелмеген атауы және (немесе) саудалық атауы, дәрілік нысаны (сипаттамасы), өлшем бірлігі, өлшем бірлігі үшін сатып алу бағасы, сатып алудың көлемі, жалпы сомасы, өндірушінің тіркеу куәлігінің немесе рұқсат беру құжатының нөмірі, беру графигі көрсетілген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдар тізбесі;

      сатып алуға қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен орны.";

      219-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "219. Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды беру шарты (келісімі) шетелдік валютада жасалған жағдайда жеткізу шартының осы валютамен бағасы жоспарланатын қаржы жылына соңғы келіссөздер күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша бекітіледі.

      Бұл ретте шарттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша есептелген ұлттық валютадағы бағасы тиісті лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан және халықаралық патенттелмеген атау және саудалық атау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті бағадан аспайды.";

      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Бірыңғай дистрибьютор Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды осы Қағидалардың 206-тармағының 2) тармақшасында айқындалған жағдайда жүзеге асырады.";

      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін тараптар өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама және өнім беру шартына немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тиісті қаржы жылына жасалған қосымша келісімге қосымша келісімнің жобасы жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аяқтайды.";

      380-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "380. Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдерді біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.".

      4. Осы қаулының 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және елуінші – бір жүз тоқсан сегізінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады