"Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 627 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 683 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 627 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

"Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 627 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізудің міндетті шарттары туралы келісімге және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 627 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа "Pfizer" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу шартына қосымша келісімдерге Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады