Павлодар облысының кейбір білім беру ұйымдарына есімдер беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 685 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның;

      2) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 1 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Малайсары батырдың;

      3) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рафика Нұртазинаның;

      4) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аманжол Шәмкеновтің;

      5) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шапық Шөкиннің;

      6) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың;

      7) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің;

      8) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының;

      9) Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің;

      10) Павлодар облысының білім беру басқармасы Ақсу қаласы білім беру бөлімінің "Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің;

      11) Павлодар облысының білім беру басқармасы Ақсу қаласы білім беру бөлімінің "Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың;

      12) Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімдері берілсін.

      2. Павлодар облысының білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "Комсомол жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Павлодар облысының білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады