Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
"5. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:
"5.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты" деген кіші бөлімде:
"ҚРҰҚ қаражатын пайдалану" деген тарауда:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстандық қамту үлесінің кемінде 85 % болуын көздейтін елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін ұлғайту жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін эмиссияланатын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ борыштық бағалы қағаздарын сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын, акциялар пакеттерін, қазақстандық компаниялардың қатысу үлестерін сатып алуға, екінші деңгейдегі банктерді қорландыруға, ҚРҰҚ-дан заңды және жеке тұлғаларға тікелей кредит беруге, активтерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға тыйым салынады.";
"ҚРҰҚ пайдалану бойынша шектеулер" деген тарауда:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстандық қамту үлесінің кемінде 85 % болуын көздейтін елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін ұлғайту жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін эмиссияланатын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ борыштық бағалы қағаздарын сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ қаражатын қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржы құралдарына инвестициялауды қоса алғанда, сондай-ақ ҚРҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға/бірлесіп қаржыландыруға ҚРҰҚ қаражатын кез келген өзгеше пайдалануға тыйым салынады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |