Қостанай облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 714 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 27 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың;

      2) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың;

      3) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың;

      4) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 18 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың;

      5) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 29 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның;

      6) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 19 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының;

      7) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімдері берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдарының атауы өзгертілсін:

      1) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Н. Крупская атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Родина жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 2 Қашар жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады