"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 715 қаулысы.

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 715 қаулысымен
бекітілген

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нұр-Сұлтан қ., 2022 жыл

Мазмұны

      1-бөлім. Бағдарламаның паспорты

      2-бөлім. Кіріспе

      3-бөлім. Университет бүгін: ағымдағы жағдайды талдау

      4-бөлім. Мақсат, міндеттер және оларға қол жеткізу жолдары

      1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

      2-міндет. Елдің инновациялық экономикасын қалыптастыру міндеттеріне сай келетін кадрларды даярлау сапасын арттыру

      3-міндет. Ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту

      4-міндет. Адами және әлеуметтік капиталды дамытуға үлесті арттыру

      5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін тиімділік пен нәтиже

      6-бөлім. Қажетті ресурстар

      "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      1-бөлім. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
6. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 – 2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҒЖБМ)

Мақсаты

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын зерттеу университетіне трансформациялау

Міндеттері

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау.
2. Елдің инновациялық экономикасын қалыптастыру міндеттеріне сай келетін кадрларды даярлау сапасын арттыру.
3. Ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту.
4. Адами және әлеуметтік капиталды дамытуға үлесті арттыру.

Іске асыру мерзімі

2022 – 2026 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1. Халықаралық аккредиттеуден және сертификаттаудан өткен білім беру бағдарламаларының үлесі – 98 %.
2. Университеттің QS WUR халықаралық рейтингіндегі позициясы – 200.
3. Жұмыс берушілердің кадрларды даярлау сапасына қанағаттану дәрежесі – 90 %.
4. Зерттеу қызметімен айналысатын оқытушы-профессор құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) үлесі – 60 %.
5. Жарияланымдардың жалпы санына қатысты рейтингтік басылымдардағы жарияланымдардың өсімі – 71 %.
6. Өндіріске енгізу актілерінің/лицензиялық келісімдердің/сатылған патенттердің саны (жыл сайын) – 17 %.
7. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүзеге асыратын зерттеушілердің жалпы санынан жас ғалымдардың үлесі – 15 %.
8. Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылатын жобалардың үлесі – 30 %.
9. Ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған жобалардан түсетін кірістердің үлесі (жалпы бюджеттен) – 21 %.

Қаржыландыру көздері мен көлемі*

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ (бұдан әрі – ЕҰУ) 2022 – 2026 жылдарға арналған жалпы кірісі 117261348,93 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
білім беру қызметінен түсетін қаражат – 91419109,93 мың теңге (жалпы кірістің 78 %-ы);
ғылыми қызметтен – 22436689,0 мың теңге (жалпы кірістің 19 %-ы);
басқа қызметтен – 3405550,0 мың теңге (жалпы кірістің 3 %-ы).
Оның ішінде қызмет түрлері бөлінісінде:
2022 жылы – білім беру қызметі:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 14516003,24 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың қаражаты – 169513,04 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2404840,49 мың теңге.
Ғылыми қызмет:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 2977843,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша
шарттар) – 612486,0 мың теңге;
Өзге де жарғылық қызмет:
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 505550,0 мың теңге.
2023 жылы – білім беру қызметі:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 14631177,4 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2770000,0 мың теңге.
Ғылыми қызмет:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 3275000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша
шарттар) – 605000,0 мың теңге.
Өзге де жарғылық қызмет:
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 630000,0 мың теңге.
2024 жылы – білім беру қызметі:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 15979311,92 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалар шарттары) – 2780000,0 мың теңге.
Ғылыми қызмет:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 3725000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.
Өзге де жарғылық қызмет:
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 690000,0 мың теңге.
2025 жылы – білім беру қызметі:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) 15904311,92 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалар шарттары) – 2780000,0 мың теңге.
Ғылыми қызмет:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 4550000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.
Өзге де жарғылық қызмет:
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 790000,0 мың теңге.
2026 жылы – білім беру қызметі:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 15904311,92 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдар қаражаты 200000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2780000,0 мың теңге.
Ғылыми қызмет:
республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 5005000,0 мың теңге;
бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.
Өзге де жарғылық қызмет:
бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 790000,0 мың теңге.
2022 – 2026 жылдарға арналған бюджеттен тыс қажетті қаржыландыру 10000000,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде: бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 10000000,0 мың теңге.
Оның ішінде 2022 – 2026 жылдар бөлінісінде:
2023 жылы – 2644234,0 мың теңге;
2024 жылы – 5179650,0 мың теңге;
2025 жылы – 1663402,0 мың теңге;
2026 жылы – 512714,0 мың теңге.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат талап етілмейді.

      * "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.

      2-бөлім. Кіріспе

      Елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыртудың стратегиялық басымдығы білім беру сапасын арттыру және ғылымды дамыту арқылы адами капиталды жан-жақты дамыту болып табылады. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, "еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз".

      Қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін ұлғайту Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының "Сапалы білім беру" 3-жалпыұлттық басымдығының 6-міндетінде айқындалған.

      Оны іске асыру үшін "Білімді ұлт" сапалы білім беру", "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобалары, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бағдарламалық құжаттарда қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖКБҰ) және ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосар үлесін арттыру, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайту жөніндегі және басқа да жүйелі шаралар көзделген. Осы шаралардың бірі – ұлттық екі университетті зерттеу университеттеріне трансформациялау.

      Университеттердегі ғылым елдің инновациялық әлеуетінің басты элементтерінің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, зерттеу университетінің моделі білім берудің, ғылыми қызметтің нәтижелі өзара іс-қимылына және оның нәтижелерін коммерцияландыруға негізделеді. Зерттеу университеттері еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті кадрларды даярлауды және ең жаңа білімді қолдануға негізделген өндірістегі технологиялық өзгерістерді қамтамасыз ете отырып, елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді.

      Зерттеу университетіндегі зерттеу, білім беру және инновациялық қызметтің өзара іс-қимылының жоғары дәрежесі оларды ОПҚ-ның сәтті біріктіруімен, білім алушылардың ҒЗТКЖ-ға кеңінен тартылуымен, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін білім беру бағдарламаларына енгізумен, ғылымның өндіріспен және бизнеспен өнімді ынтымақтастығымен, инновациялық белсенділікті қолдау институттарының тармақталған желісімен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың жоғары деңгейімен, олардан түсетін кірістермен және басқа факторлармен сипатталады.

      Жаңа білім мен инновацияларды генерациялаумен қатар қазіргі әлемде университеттердің "үшінші миссиясы" – білімнің қоғамға трансфері және әлеуметтік прогресс үлкен маңызға ие.

      Еліміздің ірі және серпінді дамып келе жатқан университеттерінің бірі болып табылатын ЕҰУ зерттеу университеті ретінде айтарлықтай даму әлеуетіне ие.

      "Ұлттық зерттеу университеті" мәртебесін алу экономика үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға, ғылыми және ғылыми-технологиялық инновациялар трансферін жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес қазақстандықтардың азаматтық тұрғыда белсенді және әлеуметтік жауапты ұрпағын одан әрі қалыптастыруға ықпал етеді.

      3-бөлім. Университет бүгін: ағымдағы жағдайды талдау

      1996 жылы құрылған ЕҰУ бүгінде білім берудің үш деңгейі бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, бірқатар бағыттар бойынша дамыған ғылыми мектептері бар әрі әлемнің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ауқымды халықаралық байланыстарды нығайтып отырған елдің жетекші білім беру және ғылыми орталығы болып табылады.

      Қарқынды даму нәтижесінде ЕҰУ соңғы үш жылда 141 позицияға көтеріліп, QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 277-ші орынға ие болды.

      QS World University Rankings by Subject 2022 нәтижелері бойынша 9 пән: "Қонақ үй бизнесі және бос уақытты басқару" (топ 51-100), "Өнер және дизайн" (топ 101-150), "Лингвистика" (топ 101-150), "Тарих" (топ 151-200), "Құқық" (топ 151-200), "Саясат және халықаралық зерттеулер" (топ 151-200), "Экономика және эконометрика" (топ 351-400), "Физика және астрономия" (топ 451-500), "Бизнес және менеджмент" (топ 501-550), сондай-ақ екі пән саласы "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" (257-орын) және "Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент" (323-орын) атап өтілді.

      Times Higher Education World University Ranking by Subject 2021 пәндік рейтингінде үш пән саласы атап өтілді: "Инжиниринг" (топ 401-500), "Әлеуметтік ғылымдар" (топ 601+), "Физикалық ғылымдар" (топ 1001+), білім беру бағдарламаларының 95 %-ында халықаралық аккредиттеу бар. Жыл сайын "Жаңа кәсіптер атласын" ескере отырып, жаңа және инновациялық бағдарламалар ашылуда.

      2021 – 2022 оқу жылында бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылар саны 19288 адамды құрады. Білім беру процесі 13 факультет, 67 кафедра базасында бакалавриаттың 106, магистратураның 105 және докторантураның 51 білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Соңғы онжылдықта студенттер контингенті 1,4 есеге, магистранттар 2 есеге, докторанттар 5 есеге өсті. 2020 жылдан бастап меншікті қаражат есебінен постдокторантура бағдарламасы енгізілді.

      ЕҰУ ОПҚ 1319 адамды құрайды және оның құрамына Ұлттық ғылым академиясының 9 академигі мен 5 корреспондент-мүшесі, бейіні бойынша 172 ғылым докторы, 484 ғылым кандидаты, 220 философия докторы (PhD), "Болашақ" халықаралық бағдарламасының 139 түлегі кіреді. Ғылыми дәрежесі бар ОПҚ үлесі 67 %-ды құрайды (Қазақстан Республикасында дәрежесі бар ғылыми кадрлардың орташа көрсеткіші – 35 %). 39 жасқа дейінгі ОПҚ үлесі 36 %-ды құрайды.

      Академиялық және ғылыми кадрларының жоғары сапасы жыл сайын олардың арасындағы "ЖЖКБҰ-ның үздік оқытушысы" (2021 ж. – 150-ден 13 адам), "Үздік ғылыми қызметкер" (2021 ж. – 50-ден 9 адам) атағының иегерлері, әлемдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге жіберілген "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары (2021 ж. – 416 адамнан 25 адам), атаулы сыйлықтардың және ғылыми стипендиялардың иегерлері үлесінің жоғары болуымен расталады.

      Оқыту және ғылыми жұмысқа жетекшілік ету үшін жыл сайын университетке QS World University Ranking ТОП-400 кіретін университеттерден үш жүзден астам шетелдік профессор шақырылады.

      ЕҰУ-ның халықаралық ынтымақтастығы таяу және қиыр шетелдің жетекші ЖЖКБҰ-мен, оның ішінде бірлескен және қос дипломды (double degree) бағдарламалар бойынша кадр даярлау, академиялық ұтқырлық, оқытушылармен алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша 400-ден астам шарт негізінде жүзеге асырылады.

      ЕҰУ 8 халықаралық ұйымның (Еуразиялық университеттер қауымдастығы, Азия университеттері қауымдастығы, Академиялық саралау жөніндегі халықаралық обсерватория, "Сібір ашық университеті" қауымдастығы, Turkic University Union, IСRАNеt, Техникалық университеттер қауымдастығы, UMAP), сондай-ақ 9 консорциумның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Желілік университеті, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Университеті, Еуропа елдері университеттерінің консорциумы, United Nations Academic Impact UNAI, Университеттер Ұлы Хартиясының STAR-NET обсерваториясы, Ресей мен Қазақстанның университетаралық техникалық білім беру консорциумы, SILKWAY) қатысушысы болып табылады.

      2019 жылы Эразмус+ "Welcome" жобасын жалғастыру шеңберінде "Welcome to ENU" кіріс ұтқырлық бағдарламасы іске қосылды.

      2001 жылы Университет базасында М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы ашылды. Шетелде ЕҰУ 12 мәдени-білім беру орталығы, оның ішінде MERI институты базасында Еуразиялық одақтағы ЕҰУ-дың өкілдігі жұмыс істейді.

      Шетелдік білім алушылардың үлесі ұдайы өсуде және ол білім алушылардың жалпы санының 5,5 %-ын құрайды. Елдер географиясына Америка Құрама Штаттары, Түркия, Италия, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина, Өзбекстан, Моңғолия, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және тағы басқалары кіреді.

      COVID-19 пандемиясы кезеңінде қашықтан оқыту айтарлықтай дамыды. Жалпы білім беретін барлық пәндер бойынша үш тілде жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК) дайындалды, Еуразиялық онлайн-курстар платформасы mooc.enu.kz құрылды, онда қазіргі уақытта 14510 тыңдаушы тіркелген. ЖАОК оқу процесіне толығымен енгізілген. Бұл тәжірибе базалық және бейіндік пәндер циклдеріне таратылуда. Меншікті ЖАОК-мен қатар Coursera, Udacity және басқа да әлемдік озық ЖАОК, сондай-ақ OpenU қазақстандық платформасы кеңінен қолданылады. ЕҰУ-ның ЖАОК Uninettuno (Италия) Халықаралық Телематика университетімен коллаборацияда құрылған, ол қашықтық форматында 100 % жұмыс істейді.

      ЕҰУ айтарлықтай ғылыми әлеуетке ие. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ғылыми мектеп және 31 ғылыми бөлімше (институттар, орталықтар, зертханалар) базасында жүргізіледі.

      Ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы өсуінің нәтижесінде университеттің ғылыми зерттеулерін қаржыландыру көлемі соңғы үш жылда шамамен екі есеге өсті. 2020 – 2022 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды. Ғылымнан түсетін табыс үлесі жыл сайын ЕҰУ жалпы кірісінің орта есеппен 10-11 %-ын құрайды.

      2022 жылы ЕҰУ ғалымдары гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ҒЖБМ-ның мемлекеттік тапсырмалары, халықаралық ұйымдар (UNIСEF, DAAD, ХҒТО, CREOTALENTS және т.б.), шетелдік әріптес университеттермен (Кембридж университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Берлин техникалық университеті, Дублин университеті) бірлескен жұмыс, шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарттар шеңберінде жүзден астам іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеуді іске асыруда.

      ЕҰУ-да биология және биотехнология, ядролық физика, математика және ақпараттық технологиялар, химия және жер туралы ғылымдар, инжиниринг және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші ғылыми мектептер жұмыс істейді. Бұл бағыттар Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы бекіткен ғылымды дамыту басымдықтарына сәйкес келеді.

      Осыған байланысты Ғылыми кеңестің 2020 жылғы 27 қазандағы шешімімен 6 ғылыми-білім беру кластері құрылды:

      1) "Физикалық ғылымдар және ядролық технология" (физика-техникалық факультет, Инженерлік бейіндегі зертхана, Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы);

      2) "Математика және ақпараттық технологиялар" (ақпараттық технология факультеті, механика-математика факультеті, Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты, Еуразиялық математикалық институт, Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ҒЗИ, Жасанды интеллект ҒЗИ, IKCEICT орталығы (India-Kazakhstan Centre of Excellence in Information Communication Technology);

      3) "Биология, биомедицина және биотехнология" (жаратылыстану ғылымдары факультеті: биотехнология және микробиология кафедрасы, жалпы биология және геномика кафедрасы, Жасушалық биология және биотехнология институты);

      4) "Химия және жер туралы ғылымдар" (жаратылыстану ғылымдары факультеті: химия кафедрасы, физикалық және экономикалық география кафедрасы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасы, Биоорганикалық химия ҒЗИ, Жаңа химиялық технология ҒЗИ, Физикалық және кванттық химия зертханасы);

      5) "Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар" (тарих факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, экономика факультеті, заң факультеті, филология факультеті, Түркітану және алтаистика ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар және толеранттылық орталығы, К. Ақышев атындағы археология ҒЗИ, Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Заманауи зерттеулер ҒЗИ, "Абай академиясы" ҒЗИ, "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы, "Алаш" мәдениет және рухани даму институты, Конфуций институты);

      6) "Инжиниринг" (сәулет-құрылыс факультеті, көлік-энергетика факультеті, "ENU LAB" ғылыми-өндірістік орталығы, "Құрылыс материалдары мен технологиялары" ғылыми-зерттеу орталығы, Геотехникалық институт, Еуразиялық технологиялық институты, "Құрылыс және көлік процестерінің технологиясы, оларды механикаландыру және автоматтандыру" ғылыми-зерттеу жобалау-конструкторлық зертхана, "Көліктегі логистикалық және зияткерлік технологиялар" ғылыми-зерттеу орталығы, Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажетсінетін технологиялар институты (Энергетика және функционалдық материалдар зертханасы), "Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар" ҒЗИ).

      Ядролық физика саласындағы инженерлік бейіндегі зертхана және "ENU-Lab" құрылыс материалдары мен қоспаларын сынау зертханасы жұмыс істейді. Бұл зертханалардың бірегейлігі ядролық физика, материалтану, құрылыс материалдарын зерттеу салаларында зерттеудің толық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін өзіндік жабдықтың кең спектрімен жарақтандырылуына сайып келеді.

      2015 жылдан бері PARAM суперкомпьютері базасында жұмыс істейтін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Үндістан-Қазақстан орталығы IKCEICT (India-Kazakhstan Center of Excellence in Information Communication Technology) жұмыс істейді. Осы орталықтың қызметкерлері отандық және халықаралық ҒЗТКЖ жүргізуге қатысады.

      2021 – 2022 жылдары ЕҰУ құрамына "Қаржы академиясы" және "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамдары кірді.

      Университетте 17 ғылыми журнал шығарылады, олардың 3-еуі ("Eurasian Mathematical Journal", "Eurasian Journal of Mathematical and Computer Applications", "Journal of Physics and Functional Materials") Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорына, 14-і ҒЖБМ ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген.

      ЕҰУ-да Web of Science базасына кіретін ғылыми басылымдардағы жарияланымдар нәтижесі бойынша ОПҚ-ның жарияланымдық белсенділігін материалдық ынталандыру жүйесі жұмыс істейді.

      Соңғы бес жылда ЕҰУ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігі екі есе өсті. Мақалалардың жартысынан көбі Web of Science базасының Q1, Q2 журналдарында жарияланады. Соңғы бес жылда бір мақаладан орташа дәйексөз алу Web of Science базасы бойынша – 3,89, Scopus базасы бойынша – 3,7. Университеттің бірқатар жетекші ғалымдарының жарияланымы жыл сайын өздерінің пәндік саласында әлемдегі ең көп дәйексөз алынатын 1 %-ға кіреді.

      2017 жылдан бері университет ғалымдары 483 қорғау құжатын, оның ішінде 439 авторлық куәлік, 40 патент, 2 халықаралық патент және 2 тауар белгісін алды.

      ЕҰУ-да 35 мамандық бойынша (жаратылыстану-техникалық мамандықтар бойынша – 13, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша – 23) 26 диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Соңғы бес жылда университетте 238 докторлық диссертация қорғалды.

      Студент жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін 2017 жылдан бастап Жастар бизнес-инкубаторы жұмыс істейді, онда жүзден астам жоба акселерациядан өтті.

      ОПҚ-ның және студенттердің білім беру және ғылыми қызметінің интеграциясын ынталандыру жүйесі құрылып дамытылуда. 2020 жылдан бастап академиялық жүктемесі төмен және еңбекақысы жоғары "оқытушы-зерттеуші" деген санат енгізілді.

      ЕҰУ-да жергілікті атқарушы органдармен, қала тұрғындарымен ауқымды өзара іс-қимыл орнатылған. Университет республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени өміріне белсенді қатысады, астананың жергілікті мәселелерін (әлеуметтік-мәдени аспектілер, білім беру, саламатты өмір салты, көлік, дене шынықтыру және спорт және т.б.) шешуге өз үлесін қосады.

      ЕҰУ студенттерінің үштен бір бөлігінен астамы әлеуметтік маңызы бар республикалық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Бір жарым мыңнан астам жас адам "Нұрлы ақыл" (патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықты нығайту, құқықтық және саяси жоғары мәдениетті қалыптастыру), "Ыстық қайрат" (дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын дамыту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу) және "Жылы жүрек" (волонтерлер қозғалысын дамыту) жобаларына жұмылдырылған.

      Волонтерлер қозғалысы табысты дамытылуда: мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарды, мигранттарды және т.б. қолдауға бағытталған "ENUvolunteers" клубы жұмыс істейді.

      Студенттердің шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 79 жастар клубы мен бірлестігі жұмыс істейді.

      ЕҰУ-да оқу-материалдық активтері мен 23 инфрақұрылым объектісі, оның ішінде 6 оқу корпусы, 8 жатақхана, "Еуразия" спорт кешені, "Тұмар" оқу-сауықтыру орталығы, "Отырар" ғылыми кітапханасы бар.

      Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (АРТА) және Білім беру сапасын бағалау тәуелсіз агенттігінің (БСБТА) жыл сайынғы рейтингтерінде ЕҰУ-дың білім беру бағдарламалары алдыңғы орындарды иеленеді. Оның дәлелі – еңбек нарығында түлектерге деген жоғары сұраныс. Түлектердің жұмысқа орналасуы: 2018 жылы – 85 %; 2019 жылы – 90 %, 2020 жылы – 90 %. Бакалавриатта жұмысқа орналасқан түлектер үлесі – 79 %, магистратурада – 86 % және докторантурада – 96 %.

      Сонымен қатар кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары, оның ішінде "ақсамай" жастағы адамдарға арналған Күміс университет бағдарламасы тұрғындардың, мемлекеттік басқару органдарының, бизнес-құрылымдардың жоғары сұранысына ие.

      Сонымен бірге университеттің қазіргі моделінде оның әлеуетін толық ауқымда іске асыруға мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемалар бар.

      Ең алдымен, бұл – ғылыми инфрақұрылымды дамытудың жеткіліксіз деңгейі, негізгі қордың физикалық және моральдық ескіруі, оқу алаңдары мен зертханалар, сертификатталған жабдықпен жарақтандырылған ғылыми зертханалар тапшылығы. Бұл фактор университет ғылымының сапасы мен нәтижелілігіне және оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің артуына теріс әсер етеді.

      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері білім беру процесіне нашар интеграцияланған, отандық индустрия және бизнес қажет етпейді немесе аз қажет етеді. Оларды коммерцияландыру үлесі төмен күйінде қалуда.

      Нәтижесінде кіріс құрылымында мемлекеттік қаржыландыру басым.

      Іске асырылатын білім беру бағдарламалары мен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің практикаға бағдарлануы жеткіліксіз.

      Осыған байланысты ЕҰУ-ды трансформациялау қазақстандық экономиканы кадрлық және ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету сапасын арттыруға, әлемдік деңгейдегі білім базасы мен ғылыми зерттеудің артуын қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті, азамат ретінде белсенді және әлеуметтік жауапты қазақстандықтар шоғырын қалыптастыруға университет үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

      Осы Бағдарлама шеңберінде технологияны генерациялау мен жетілдіру және кадрлар даярлау үшін қажетті университеттік ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды құруға бизнестің ірі секторы мен ұлттық компаниялардың өкілдерін тарту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады. Сонымен қатар ЕҰУ ғылыми мектептерінің қазіргі инновациялық кластерлер мен озық ғылыми орталықтар қызметіне қатысуы қамтамасыз етіледі.

      4-бөлім. Мақсат, міндеттер және оларға қол жеткізу жолдары

      ЕҰУ-ды дамыту мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасының, "Цифрландыру, ғылым және технологиялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасының "Ғылым" бөлімінің, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының және басқа да бағдарламалық құжаттардың басымдықтарына сәйкес әзірленіп, іске асырылатын болады.

      Мақсат: "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын зерттеу университеті етіп трансформациялау.

      1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

      Ғылымды қажетсінетін технологиялардың даму деңгейі қазіргі уақытта елдің экономикалық жай-күйі мен ғылыми-өндірістік әлеуетінің негізі болып табылады. Білім беруді ғылыммен және өндіріспен интеграциялау – бұл көп компонентті серпінді жүйе, ЖЖКБҰ-ның, ғылым мен өндірістің біртұтас білім беру кеңістігі.

      Университет ғылым, білім беру және өндіріс саласындағы интеграциялық процестің орталық буыны ретінде әрекет етеді. Зерттеу университетінің нысаны – бұл білімді, ғылым мен бизнесті интеграциялаудың табысты нысаны. Зерттеу бағдарламаларын іске асырған кезде Университет өндірістік саланың тапсырысы бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамытып, сонымен қатар білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын инновациялық инфрақұрылымды дамыту жөнінде жұмыс жүргізетін болады.

      Осы міндет тұрғысынан университеттің қызметі "зерттеу арқылы оқыту" (Learning through Research), практикаға бағдарланған оқыту (learning by doing); үздіксіз оқыту немесе өмір бойы оқыту (Lifelong Learning); көп функционалдық (оқыту, зерттеу, инновациялық өндіріс); жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықтың басым болуы; ғылым мен экономиканы дамытудың ұлттық және әлемдік басымдықтарына бағдарлану; адами ресурстарды басқарудың қазіргі заманғы жүйесі (new HR-managment), қаржыландыру көздерінің көп болуы және басқа қағидаттарындағы озық білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталатын болады.

      Университет Smart.Learning.ENU зияткерлік оқыту жүйесін құрады және Learning Management System (LMS), зияткерлік ЖАОК, цифрлық кітапхананы (digital library) және оқыту нәтижелерін зияткерлік бағалауды (smart assessment) пайдалана отырып, барлық деңгейдегі білім алушыларға жеке білім беру траекториясы үшін жағдай жасайды.

      Университеттің ғылыми-білім беру және өндірістік базасын дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін зертханалар құрылады, сондай-ақ "Физикалық ғылымдар және ядролық технологиялар", "Биология, биомедицина және биотехнология" сияқты ғылыми-білім беру кластерлері бойынша білім алушыларға практикалық машықтарды үйрету үшін алаңдар ашылады.

      2-міндет. Елдің инновациялық экономикасын қалыптастыру міндеттеріне сай келетін кадрларды даярлау сапасын арттыру

      Университет 2025 жылға қарай QS WUR рейтингінде әлемнің Топ-200 ЖЖКБҰ-ға кіруге ниетті. Халықаралық агенттіктер аккредиттеген білім беру бағдарламаларының саны кеңейеді. Ағылшын тіліндегі бағдарламалар, әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен және қос дипломды бағдарламалар (joint program, double degree program), бірегей minor бағдарламалар басым дамитын болады, MBA және DBA бизнес-білімі кеңейтілетін болады.

      Барлық білім беру деңгейлерінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде жұмыс берушінің рөлі күшейтіледі.

      Шетелдік оқытушылар мен шетелдік білім алушылардың үлесі, оның ішінде шетелдік филиалдар ашу есебінен артады.

      Университет ОПҚ-ның ғылыми және инновациялық қызметке, ал жетекші ғалымдардың – білім беру процесіне қатысуының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін болады.

      ОПҚ-ны қабылдау жоғары стандарттар (ғылыми жетістіктердің болуы, қандай да бір саладағы талант және т.б.) негізінде жүзеге асырылады.

      Академиялық дербестікті кеңейту процесі жалғасады. Басқаруды дербестендіру және орталықсыздандыру қағидаттары негізінде жекелеген факультеттер жоғары мектептер мен институттар болып қайта құрылатын болады.

      Жалпы, үздік оқытушыдан білім алу, талап етілетін модульдерді, ынталы білім алушылар үшін ғалымдардан тәлім алу бағдарламаларын таңдау құқығы үшін бәсекелестікті дамыту; жұмыс берушілермен және ғылыми ұйымдармен әріптестік бағдарламалары; ғылым мен инновация үздіктерінің жаңа буындарын тәрбиелеу арқылы ғылыми-білім беру экожүйесі жақсартылатын болады.

      ОПҚ-ның оқытушылық және ғылыми қызметі арасында теңгерім қамтамасыз етіледі.

      ОПҚ еңбегіне ақы төлеу ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасынан түсетін табыс үлесі есебінен арттырылады. Ол үшін ОПҚ ғылыми қызметін ынталандыру және ғылыми кадрларды молайту жөніндегі арнайы шаралар (еңбекке ақы төлеудің грейдингтік жүйесі, KPI және т.б.) іске асырылатын болады.

      Шетелдік жетекші зерттеу университеттерінде, ғылыми орталықтар мен ұйымдарда тағылымдамадан өткен оқытушылар үлесі артады.

      Университеттің мәдени-тіл орталықтарының қызметін, Welcome to ENU бағдарламасын ілгерілету, халықаралық рекрутингтік компаниялармен коллаборация, дарынды шетелдік талапкерлер үшін стипендиялық бағдарламаларды енгізу, ЖЖКБҰ әлемдік рейтингінің Топ-300 кіретін әріптес ЖЖКБҰ санын ұлғайту арқылы білім беру қызметіндегі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларындағы халықаралық әріптестік кеңейтіледі.

      Адами ресурстарды басқарудың тиімді ұйымдық құрылымы (new HR-managment) қалыптастырылады: университетті басқаруда ОПҚ-ға маңызды рөл беріледі.

      Халықаралық университеттердің тәжірибесі бойынша институционалдық және академиялық деңгейлерде академиялық адалдық және зерттеу этикасы қағидаттары орнатылады.

      Инновациялық бағдарламаларды, ғылыми жетістіктерді пайдалану, талант-менеджментті ілгерілету, шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды кеңінен тарту ЕҰУ-дың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Университет QS WUR халықаралық рейтингінде Топ-200 кіруге, халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының үлесін арттыруға тиіс, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадрларды даярлау сапасына қанағаттану дәрежесі артады.

      3-міндет. Ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту

      Университет отандық ғылымды дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарда көзделген барлық ресурс пен мүмкіндікті толық көлемде пайдаланатын болады.

      ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың өсуі

      2025 жылға қарай Қазақстан Республикасында ғылымды қаржыландырудың ЖІӨ-нің 1 %-ына дейін жалпы өсуі және университеттің қаржыландыру көздері мен жаңа құралдарын жүйелі түрде кеңейтуі нәтижесінде шығыстардың жалпы құрылымында ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемі өседі деп күтілуде.

      Университеттік ғылым мемлекеттік тапсырмалар, республикалық бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ҒЖБМ, салалық мемлекеттік органдар қаржыландыратын ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру арқылы ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешуге араласатын болады.

      Сонымен қатар қолданбалы зерттеулерді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қоса қаржыландыруды ынталандыру үшін салалардың, аумақтардың, өндірістердің, индустрияның және т.б. ғылыми-техникалық міндеттерін шешу бойынша ЕҰУ-дың ғылыми бөлімшелері мен жетекші ғалымдарының нақты сектор кәсіпорындарымен, жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен, венчурлік қорлармен, шағын және орта бизнес субъектілерімен әріптестігі құрылады.

      Университеттік ғылымның үкіметаралық келісімдер шеңберінде қаржыландырылатын, халықаралық қорлар және ұйымдар қаржыландыратын шетелдік ғалымдармен коллаборацияда жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қатысуы кеңейеді.

      Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары медициналық-биологиялық, ядролық физика, энергия тиімділігі және "жасыл" технологиялар, ақпараттық технологиялар, инжиниринг, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар және т.б. салаларда болады.

      ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру көздерін кеңейту жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жобалау бюросы құрылады.

      Кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайту

      Кадрлық және ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ЕҰУ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нақты сектордың қажет етуін және оның инвестициялық тартымдылығын арттырудың қажетті шарты болып табылады.

      Университеттік ғылымның кадрлық әлеуеті бакалаврлар мен магистранттар, докторанттар даярлау арасындағы арақатынасты өзгерту, ғылыми дәрежесі бар ОПҚ және докторантураны қорғап шыққан түлектердің үлесін арттыру, ҒЖБМ арнайы бағдарламасы шеңберінде елдің ғылыми-зерттеу институттарымен нәтижелі интеграция (ҒЗИ қызметкерлерін оқытушылыққа тарту, бірлескен диссертациялық кеңестер, ҒЗТКЖ, олардың нәтижелерін білім беру процесіне интеграциялау және т.б.) арқылы нығайтылатын болады.

      "Жас ғалым" мемлекеттік гранттық жобасына жыл сайын қатысу, сондай-ақ өз қаражаты есебінен оқу нәтижесінде университеттің кафедраларында және ғылыми бөлімшелерінде ғылыми зерттеулерді іске асыратын (оның ішінде шетелдік мамандар қатарынан) постдокторанттар саны артады.

      Ғылыми әлеует ЕҰУ ғалымдарын бес жүз қазақстандық ғалымның мемлекеттік тағылымдама бағдарламасы шеңберінде, шетелдік жетекші ғалымдармен және ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер мен әріптестік, халықаралық компаниялардың (Elsevier, Clarivate және басқалар) семинарлары, тренингтері, Дүниежүзілік Банктің өнімді инновацияларды ынталандыру жөніндегі бағдарламасы және басқа да халықаралық донор ұйымдар шеңберінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жыл сайын тағылымдамаға жіберу арқылы күшейтіледі.

      Жас ғалымдар үлесін ұлғайтуға және қолдауға, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың жүргізіліп жатқан ҒЗТКЖ-ға қатысуын кеңейтуге, ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларға шетелде жұмыс істейтін талантты қазақстандық зерттеушілерді тартуға көп көңіл бөлінетін болады. Университеттің ғылыми мектептерінің орнықты дамуы үшін құрылған эндаумент-қор ресурсы тартылады.

      Ғылыми кадрларды тұрақты молайту мақсатында ЕҰУ оқушылардың ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жобаларына, STEM-зертханаларға, шағын академияларға, ғылыми жобалар мен идеялар конкурстарына, ғылымды танымал етуге қолдау көрсететін болады.

      Ғалымдардың жариялау белсенділігін ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ технологияларды коммерцияландыру саласындағы ірі жетістік үшін материалдық көтермелеудің жаңа жүйесі енгізіледі.

      Цифрландыру шеңберінде Big Data-ны пайдаланып, ғылыми-метрикалық ақпаратты мониторингтеу, жинақтау және талдау жүйесін құру, ғалымдардың ғылыми нәтижесінің бірыңғай репозиторийін қалыптастыру, ғылыми жетекшілік етудің, консультация берудің, рецензиялаудың және сараптаманың электрондық сервисін енгізу жоспарлануда.

      Web of Science және Scopus базасына кіретін журналдар саны көбейеді, патенттік белсенділікті ынталандыру және олардың өміршеңдігін қолдау жөнінде шаралар қабылданады.

      Нәтижесінде зерттеу қызметімен айналысатын ОПҚ үлесінің, жас ғалымдар үлесінің, жарияланымдық және патенттік белсенділіктің, халықаралық жобаларға қатысудың өсуі болуға тиіс.

      ЕҰУ-ның ғылыми-өндірістік экожүйесін дамыту

      ЕҰУ-ның зерттеу университеті ретінде қалыптасуының және оның инновациялық экономиканы дамытуға қосатын үлесін арттырудың негізгі шарты білім беру мен ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту болып табылады.

      Жаңа "ЕNU-TECH" кампусы базасында "Еуразиялық зертханалық орталық" және "ENU Enterprise" ғылыми-технологиялық паркін құру жоспарлануда. Көпфункционалды ғылыми-зертханалық кешенді халықаралық ғылыми-білім беру кластерлері базасында қалыптастырған жөн.

      "Биология, биомедицина және биотехнология" кластері бойынша мынадай зертханалар құру ұсынылады: жасушалық және молекулалық биология зертханасы; инновациялық биомедициналық технологиялар зертханасы; биохимия және иммунология зертханасы; регенеративті медицинаға арналған инновациялық материалдар зертханасы; талдау мен сынама дайындаудың физика-химиялық әдістері зертханасы; биофизикалық зерттеулер зертханасы; виварий және ботаникалық бақ.

      "Физикалық ғылымдар және ядролық физика" кластері бойынша мынадай зертханалар құру ұсынылады: электрондық-парамагниттік резонанстық зерттеулер зертханасы; ядролық-физикалық зерттеулер зертханасы; Раман спектроскопиясы зертханасы; электронды микроскопия зертханасы; рентген-құрылымдық талдау зертханасы; қатты денелердің механикалық қасиеттерін зерттеу зертханасы.

      Зертханалық базаны аккредиттеу коммерциялық қызметтен түсетін кірісті ұлғайтуға, R&D-орталықтары мен шағын инновациялық кәсіпорындар желісін құруға мүмкіндік береді.

      Ғылыми-білім беру кластерлері бірлескен консорциумдар құру арқылы өндірістік сектормен интеграцияланатын болады. Қазіргі консорциумдар: Еуразиялық технология орталығы, PARAM-BILIM, АКТ саласындағы білім беру экожүйесі жоғары әлеуетке ие. Өндірістік сектормен өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында университеттің ғылыми-білім беру кластерінің қатысуымен жаңа консорциумдар құрылатын болады.

      Сонымен қатар радиациялық технологиялар кешені бар "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғам базасында ЭЛВ-4 және ИЛУ-10 электрондық үдеткіштері негізінде ЕҰУ ғалымдарының ғылыми әзірлемелері негізінде инновациялық өнімдердің пилоттық үлгілерін, тәжірибелік партияларын өндіру жолға қойылады.

      Инновациялық белсенділік бизнес-акселератор құру, университеттік гранттар беру, стартап-жобаларды іске қосу арқылы ынталандырылатын болады. Осы мақсатта Инновацияларды қолдау қоры құрылады.

      ҒЗТКЖ-ға инвестициялар тарту мақсатында "Ғылым қоры" акционерлік қоғамымен, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен, "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамымен, жергілікті атқарушы органдармен, нақты сектордың ірі кәсіпорындарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен және басқа да құрылымдармен меморандумдар жасалып, ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалатын болады.

      ЕҰУ инженерлік бейіндегі зертханасының, "ENU-Lab" ғылыми-өндірістік орталығының ҒЗТКЖ жүргізу жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын кеңейту арқылы олар одан әрі дамытылады.

      ЕҰУ барлық ғылыми зертханалары мен ғылыми мектептерінің қызметін үйлестіру үшін "Қазақстан ғылымы" бірыңғай ақпараттық жүйесіне интеграцияланған e-lab бірыңғай платформасы құрылатын болады.

      Университеттің ғылыми мектептерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен инновациялық жобаларын іске асыруға тиімді жәрдемдесу үшін Коммерцияландыру офисі менеджерлерін халықаралық стандарттарға сәйкес қайта даярлау жүргізіледі, факультеттер базасында коворкинг-орталықтар желісі кеңейтіледі.

      Коммерцияландыруға дайын зияткерлік меншік объектілерін таныстыру бойынша зерттеулер бойынша әртүрлі форматтағы іс-шаралар, бизнестің ҒЗТКЖ-ны қажет етуін анықтау жүйелі негізде жүргізілетін болады. Бірлескен конструкторлық бюролар, инжинирингтік және инновациялық орталықтар, стартап-компаниялар құру жөнінде шаралар қабылданады.

      Жоғарыда межеленген шаралар нәтижесінде аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылатын жобалардың үлесін ұлғайту, ғылым мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландырудан түсетін кіріс үлесін арттыру жоспарлануда.

      4-міндет. Адами және әлеуметтік капиталды дамытуға үлесті арттыру

      ЕҰУ-да ұжымдық пайдалану орындарын (open-spaces, co-working алаңдары, creative spaces, individual spaces, relax spaces және т.б.) ұлғайту арқылы жеке тұлғаның дамуы, инклюзивті білім беру, бос уақытты өткізу қызметі, спортпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

      Әлеуметтік міндеттемелер оқытудың академиялық деңгейлері бойынша студенттердің одан әрі өсуі және жастарды ғылымға тарту үшін (қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл, волонтерлік қызмет, әлеуметтік дамуға жәрдемдесуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу және т.б.) міндетті өлшемшарт ретінде қызмет ететін болады.

      ЕҰУ "талант-менеджментке", оның ішінде шетелден оқытушылар тартуға баса назар аударып, ашық кадр саясатын қамтамасыз етеді. Халықаралық тәжірибе ескеріліп, еңбекақы төлеудің грейдингтік жүйесі мен KPI енгізіліп, ОПҚ-ны ынталандыру және көтермелеу жүйесі жетілдіріледі.

      ЕҰУ білікті оқытушылар құрамы мен әкімшілік персоналдың жеткілікті болуын қамтамасыз етеді, оқытушылар мен студенттер шешім қабылдау процесіне белсенді тартылатын болады.

      ЕҰУ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбейтін корпоративтік мәдениетті дамытады, басқарудың тік және көлденең деңгейлерінде өзара іс-қимылдың пәрменді құралдарын жасайды.

      ЕҰУ бірыңғай ақпараттық жүйе құру және барлық бизнес-процесті цифрландыруды қамтамасыз ету арқылы цифрлық инфрақұрылымды дамытуды жалғастырады. Smart ENU сервисінің цифрлық экожүйесі құрылады, ұйымдық-әкімшілік құрылымның редизайны жүзеге асырылады және инновациялық менеджмент енгізіледі.

      ЕҰУ астананың дамуына белсенді жәрдемдесетін болады. Ғалымдардың ғылыми және инновациялық жобалары "Smart-сity" жобасын іске асыруға, саламатты өмір салтын дәріптеуге, "шекарасыз аумақ" құруға, қала тұрғындарын университеттің инфрақұрылымдық объектілерін пайдалануға тартуға бағытталады.

      Университет жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және елді жаңғыртуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға белсенді қатысатын болады. Мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жаңа серпін алады.

      Осылайша, ЕҰУ зерттеу университеті мәртебесін алып, үздік білім беру, нәтижелі ғылым, өнімді инновациялар және тұлғаны үйлесімді дамыту орталығы ретінде дамитын болады.

      5-бөлім. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін тиімділік пен нәтиже

      Қойылған міндеттерді шешу мынадай нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

      халықаралық аккредиттеуден және сертификаттаудан өткен білім беру бағдарламаларының үлесі – 98 %;

      университеттің QS WUR халықаралық рейтингіндегі позициясы – 200;

      жұмыс берушілердің кадрларды даярлау сапасына қанағаттану дәрежесі – 90 %;

      зерттеу қызметімен айналысатын ОПҚ-ның үлесі – 60 %;

      жарияланымдардың жалпы санына қатысты рейтингтік басылымдардағы жарияланымдардың өсімі – 71 %;

      өндіріске енгізу актілерінің/лицензиялық келісімдердің/сатылған патенттердің саны (жыл сайын) – 17 %;

      ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын зерттеушілердің жалпы санынан жас ғалымдардың үлесі – 15 %;

      аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылатын жобалардың үлесі – 30 %;

      ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған жобалардан түсетін кірістердің үлесі (жалпы бюджеттен) – 21 %.

      6-бөлім. Қажетті ресурстар

      ЕҰУ-дың 2022 – 2026 жылдарға арналған жалпы кірісі 117261348,93 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

      білім беру қызметінен түсетін қаражат – 91419109,93 мың теңге (жалпы кірістің 78 %-ы);

      ғылыми қызметтен – 22436689,0 мың теңге (жалпы кірістің 19 %-ы);

      басқа қызметтен – 3405550,0 мың теңге (жалпы кірістің 3 %-ы).

      Оның ішінде қызмет түрлері бөлінісінде:

      2022 жылы – білім беру қызметі:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 14516003,24 мың теңге;

      жергілікті атқарушы органдардың қаражаты – 169513,04 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2404840,49 мың теңге.

      Ғылыми қызмет:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 2977843,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 612486,0 мың теңге;

      Өзге де жарғылық қызмет:

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 505550,0 мың теңге.

      2023 жылы – білім беру қызметі:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 14631177,4 мың теңге;

      жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2770000,0 мың теңге.

      Ғылыми қызмет:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 3275000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 605000,0 мың теңге.

      Өзге де жарғылық қызмет:

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 630000,0 мың теңге.

      2024 жылы – білім беру қызметі:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 15979311,92 мың теңге;

      жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалар шарттары) – 2780000,0 мың теңге.

      Ғылыми қызмет:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 3725000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.

      Өзге де жарғылық қызмет:

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 690000,0 мың теңге.

      2025 жылы – білім беру қызметі:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) 15904311,92 мың теңге;

      жергілікті атқарушы органдар қаражаты – 200000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалар шарттары) – 2780000,0 мың теңге.

      Ғылыми қызмет:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 4550000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.

      Өзге де жарғылық қызмет:

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 790000,0 мың теңге.

      2026 жылы – білім беру қызметі:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 15904311,92 мың теңге;

      жергілікті атқарушы органдар қаражаты 200000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 2780000,0 мың теңге.

      Ғылыми қызмет:

      республикалық бюджет қаражаты (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) – 5005000,0 мың теңге;

      бюджеттен тыс қаражат (заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор тапсырыстары бойынша шарттар) – 562000,0 мың теңге.

      Өзге де жарғылық қызмет:

      бюджеттен тыс қаражат (жеке және заңды тұлғалардың шарттары) – 790000,0 мың теңге.

      2022 – 2026 жылдарға арналған бюджеттен тыс қажетті қаржыландыру 10000000,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде: бюджеттен тыс тартылған инвестициялар – 10000000,0 мың теңге.

      Оның ішінде 2022 – 2026 жылдар бөлінісінде:

      2023 жылы – 2644234,0 мың теңге;

      2024 жылы – 5179650,0 мың теңге;

      2025 жылы – 1663402,0 мың теңге;

      2026 жылы – 512714,0 мың теңге.

      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат талап етілмейді.

      "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру үшін қажетті ресурстар мен шығыстар болжамы бойынша ақпарат "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасына 1-қосымшада көзделген.

      "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасына 2-қосымшада көзделген.

  "Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының 2022 – 2026
жылдарға арналған даму
бағдарламасына
1-қосымша

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру үшін қажетті ресурстар мен шығыстардың тиісті болжамы бойынша ақпарат

      Қажетті ресурстар, мың теңге

Р/с

Қаржыландыру көздері

Жылдар

2022

2023

2024

2025

2026

ЖИЫНЫ

1.

Бюджеттен тыс қаражат

-

2644234

5179650

1663402

512714

10000000


БАРЛЫҒЫ

-

2644234

5179650

1663402

512714

10000000


      2023 жылға арналған шығыстар болжамы, мың теңге

Р/с

Шығыстардың атауы

Жиыны, мың теңге

Бюджеттен тыс қаражат есебінен зертханалар құру

1.

Виварий және ботаникалық бақ

606532

2.

Талдау мен сынама дайындаудың физика-химиялық әдістері зертханасы

550895

3.

Раман спектроскопиясы зертханасы

243238

4.

Рентген-құрылымдық талдау зертханасы

1243569


ЖИЫНЫ

2644234

      2024 жылға арналған шығыстар болжамы, мың теңге

Р/с

Шығыстардың атауы

Жиыны, мың теңге

Бюджеттен тыс қаражат есебінен зертханалар құру

1.

Жасушалық және молекулалық биология зертханасы

1450242

2.

Биофизикалық зерттеулер зертханасы

1000000

3.

Электронды микроскопия зертханасы

2729408


ЖИЫНЫ

5179650

      2025 жылға арналған шығыстар болжамы, мың теңге

Р/с

Шығыстардың атауы

Жиыны, мың теңге

Бюджеттен тыс қаражат есебінен зертханалар құру

1.

Инновациялық биомедициналық технологиялар зертханасы

879617

2.

Электрондық-парамагниттік резонанстық зерттеулер зертханасы

156520

3.

Ядролық-физикалық зерттеулер зертханасы

216265

4.

Қатты денелердің механикалық қасиеттерін зерттеу зертханасы

411000


ЖИЫНЫ

1663402

      2026 жылға арналған шығыстар болжамы, мың теңге

Р/с

Шығыстардың атауы

Жиыны, мың теңге

Бюджеттен тыс қаражат есебінен зертханалар құру

1.

Биохимия және иммунология зертханасы

481322

2.

Регенеративті медицинаға арналған инновациялық материалдар зертханасы

31392


ЖИЫНЫ

512714

      * "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.

      Республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат талап етілмейді.

  "Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының 2022 – 2026
жылдарға арналған даму
бағдарламасына
2-қосымша

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

 

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы кезеңде

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

2026
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8


1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау

1.

Университеттің QS WUR халықаралық рейтингтеріндегі позициясы

орын

300

260

230

200

200

2.

Халықаралық аккредиттеуден және сертификаттаудан өткен білім беру бағдарламаларының үлесі

%

95

96

97

98

98

3.

ОПҚ пен түлектердің жалпы санынан халықаралық сертификаттаудан өткендері мен кәсіптік қауымдастықтарда біліктілік бағалауын алғандарының үлесі

%

7/8

9/10

13/15

18/20

20/22

4.

Есепті кезеңді қоса алғанда, соңғы бес жылдағы құжаттан дәйексөз алудың орташа саны (Web of Science және Scopus)

%

2,92

2,93

2,94

3

4,0

5.

2020 жылы зерттеушілердің жалпы санынан зерттеушілер санының өсуі (529 адам) (жыл сайын)

%

3,8

4,3

4,8

5,2

5,5


2. Елдің инновациялық экономикасын қалыптастыру міндеттеріне сай келетін кадрларды даярлау сапасын арттыру

1.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

81

82

83

84

85

2.

Жұмыс берушілердің кадрлар даярлау сапасына қанағаттану дәрежесі (ҒЖБМ пайдаланатын әлеуметтану зерттеулерінің нәтижелері бойынша)

%

88

88

89

90

90

3.

Шетелдік әріптес университеттермен, оның ішінде QS Топ-400-дегі ЖЖКБҰ-мен әзірленген және іске асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламаларының саны

бірл.

37/16

39/17

41/18

43/19

45/20

4.

Халықаралық пәндік рейтингтерде атап өтілген білім беру бағдарламаларының саны (QS WUR by Subjects Топ-600; Times Higher Education WUR by Subjects Топ-800)

бірл.

6

7

8

9

10

5.

ОПҚ-ның жалпы санынан бірлескен зерттеулер жүргізу және дәрістер оқу үшін шақырылған шетелдік ғалымдар мен оқытушылардың үлесі

%

15

17

19

20

20

6.

Студенттердің жалпы санынан университеттегі шетелдік студенттердің үлесі (білім алушылар саны 01.09.20-19433 адам)

%

7

8

9

10

10


3. Ғылымның, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту

1.

Ғылыми қызметтен, инновациялық әзірлемелерден және коммерцияландырылған жобалардан түсетін кірістердің үлесі (университеттің жалпы бюджетінен)

%

16,4

17,7

18,9

20,5

21,0

2.

Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландырылатын жобалардың үлесі

%

10

15

20

30

30

3.

2018 жылғы жарияланымдардың жалпы санынан рейтингтік басылымдардағы жарияланымдардың өсімі

%

47,1

52,9

61,8

70,6

71

4.

Зерттеу қызметімен айналысатын ОПҚ үлесі

%

40

50

52

55

60

5.

ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыратын зерттеушілердің жалпы санынан жас ғалымдардың үлесі

%

5,1

6,6

8,1

9,6

15

6.

Жергілікті атқарушы органдардың және бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың үлесі

%

12

14

16

18

20

7.

Өндіріске енгізу актілерінің/лицензиялық келісімдердің/сатылған патенттердің саны (жыл сайын)

бірл.

9

11

13

15

17

8.

Патенттердің өсімі

%

25

50

62,5

87,5

100


4. Адами және әлеуметтік капиталды дамытуға үлесті арттыру

1.

Білім бағдарламалары мен құрылымдық бөлімшелердің білім беру менеджменті саласында біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен басшыларының үлесі (жыл сайын)

%

10

10

10

10

10

2.

Іс-шараларға қатысатын және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметіне, оның ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша енгізілген білім алушылардың үлесі

%

63

64

66

70

70

3.

Бакалавриатта оқитындардың жалпы санынан волонтерлік қызметпен айналысатын студенттер үлесі

%

5

7

8

10

10

4.

Жетекші шетелдік ғылыми, білім беру ұйымдарымен және бизнес-компаниялармен бірлесіп, халықаралық ғылыми және білім беру бөлімшелерін (ғылыми институттар, ғылыми-білім беру орталықтары, халықаралық зертханалар, консорциумдар және басқалар) құру (жиынтық)

бірл.

3

4

5

6

7

5.

Өңірлік білім беру хабын құру шеңберінде университет базасындағы шетелдік жетекші ЖЖКБҰ кампустары (жиынтық)

бірл.

1

1

2

2

2

6.

ЕҰУ жалпы кірісінен университеттің инфрақұрылымын дамытуға тартылған инвестициялардың үлесі

%

41

42

18

18

18

7.

ЕҰУ ОПҚ жалақысы орташа деңгейінің Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақыға арақатынасы (stat.gov.kz ресми деректері бойынша)

%

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

8.

Зияткерлік жүйелерді автоматтандыру үлесі

%

70

80

85

90

95

9.

Педагог қызметкерлердің жалпы санынан дәрежесі бар оқытушылардың үлесі

%

73,5

73,5

73,5

73,5

73,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады