Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 713 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.09. 2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 713 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру туралы және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      "1. Кіріспе" деген бөлімде:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан озық халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша зерттеу университеттерін құруға ұмтылуда.

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізуге қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы болып табылады.".

      2. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 923 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасында:

      Бағдарламаның паспортында:

      мына:

      "

Әзірлеу үшін негіздеме

"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілген Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – НУ) 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиясы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әзірлеу үшін негіз

"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
"Назарбаев Университеті" дербес білім бері ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілген Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – НУ) 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиясы

      ".

      3. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 516 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      Бағдарламаның паспортында:

      мына:

      "

Әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген "Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 336 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген "2020 – 2024 жылдарға арналған "Жаңа Алматы" кешенді жоспары.
10. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021– 2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021– 2024 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 785 қаулысы.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.

      ".

      4. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 715 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      Бағдарламаның паспортында:

      мына:

      "

Әзірлеу үшін негіздеме

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 336 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
9. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 – 2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
6. "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2021 – 2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары.

      ".

      5. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2023 – 2027 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 401 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2023 – 2027 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      Даму бағдарламасының паспортында:

      "

Әзірлеу үшін негіздеме

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
5. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымда Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
8. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 маусымда Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзі.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
7. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      ".

      6. "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қарашадағы № 1042 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      Даму бағдарламасының паспортында:

      мына:

      "

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздер

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 23-01-46.1 хаттамалық тапсырмасы;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
5. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз

1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 23-01-46.1 хаттамалық тапсырмасы.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.
6. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      ";

      1-қосымшада:

      мына:

      "

университет қызметінің тиімділігін сырттан бағалау мүмкіндігі (ұлттық және халықаралық деңгей), осыған байланысты жоспарлау процесін жетілдіреді;
білім беру қызметтерін әлеуетті және нақты тұтынушылар арасындағы сенім мен имидж;
корпоративтік басқару бойынша оқу бағдарламаларына кең қолжетімділік;
оқу процесін ұйымдастыру мен жоспарлаудағы ЖЖОКБҰ академиялық еркіндігі;
жаңа кәсіп пен құзырет атласына сәйкес жұмыс берушілердің сұранысы, талапкерлердің сұранысы бойынша білім бағдарламаларын әзірлеу;
әріптес университеттермен білім алушылар мен оқытушылар алмасуды іске асыру, қос дипломды, бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және енгізу шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту;
университеттің білім беру қызметіне әлеуетті сұраныс;
ғылыми мектептердің, жеке ғалымдардың грант конкурсына, ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуын ынталандыру жүйесінде жаңа тәсілдемені әзірлеу;
бизнеспен және кәсіпорындармен әріптестік жасау;
іргелі зерттеулер мен инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
"Ғылым туралы" және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру туралы" ҚР жаңа заңдарына сәйкес ғылыми зерттеуді қаржыландыру көлемін ұлғайту және тетігін жетілдіру;
жаңа магистратура мен PhD докторантураның ББ-ны ашу;
университеттің ресми аккаунтында әлеуметтік желіні пайдаланушылар санының артуы;
ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық ресурсына қолжетімділіктің жоғары деңгейі;
жоғары білікті IT-мамандар ағыны

жаһандану және жұмыс күшінің көші-қоны нәтижесінде ғылыми-білім беру ортасындағы бәсекелестікті күшейту;
шетел университеттерінің Қазақстан нарығына шығуы;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік актілердің жылдам өзгеру қарқыны;
бәсекелес университеттердің ақпараттық қатысуын күшейту;
материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстың тұрақты қымбаттауына әкелетін инфляциялық процестер;
білікті оқытушылардың басқа салаға кетуі

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

университет қызметінің тиімділігін сырттан бағалау мүмкіндігі (ұлттық және халықаралық деңгей), осыған байланысты жоспарлау процесі жетілдіріледі;
білім беру қызметтерін әлеуетті және нақты тұтынушылар арасындағы сенім және имидж;
корпоративтік басқару бойынша оқу бағдарламаларына кең қолжетімділік;
оқу процесін ұйымдастыру мен жоспарлаудағы ЖЖОКБҰ академиялық еркіндігі;
жұмыс берушілердің сұранысы, талапкерлердің сұранысы бойынша жаңа кәсіп пен құзырет атласына сәйкес ББ әзірлеу;
білім алушылармен және оқытушылармен алмасуды іске асыру, қос дипломды, бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және енгізу шеңберінде әріптес университеттермен ынтымақтастықты кеңейту;
университеттің білім беру қызметіне әлеуетті сұраныс;
ғылыми мектептердің, жеке ғалымдардың грант конкурсына, ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуын ынталандыру жүйесінде жаңа тәсілдерін әзірлеу;
бизнеспен және кәсіпорындармен әріптестік жасау;
іргелі зерттеулер мен инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңына сәйкес ғылыми зерттеулер тетігін жетілдіріп, қаржыландыру көлемін ұлғайту;
магистратура мен PhD докторантурасы бойынша жаңа ББ ашу;
университеттің ресми аккаунтында әлеуметтік желіні пайдаланушылар санын арттыру;
ақпараттық ресурсқа жоғары деңгейдегі қолжетімділік;
біліктілігі жоғары IT-мамандарының көптеп келуі

жаһандану және жұмыс күшінің көші-қоны нәтижесінде ғылыми-білім беру ортасындағы бәсекелестікті күшейту;
шетел университеттерінің Қазақстан нарығына шығуы;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік актілердің қарқынды өзгеруі;
бәсекелес университеттердің ақпараттық қатысуын күшейту;
материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстың тұрақты қымбаттауына әкелетін инфляциялық процестер;
білікті оқытушылардың басқа салаға кетуі

      ".

      7. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 258 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2024 – 2028 жылдарға арналған даму бағдарламасында:

      Бағдарламаның паспортында:

      мына:

      "

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме

1) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 8) тармақшасы, 9-бабының 5-тармағы, 10-бабы.
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасы 5-3 бабының, 23) тармақшасы;
3) Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
4) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз

1) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасы, 12-бабының 5-тармағы, 13-бабы.
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 21-6) тармақшасы, 5-3-бабының 23) тармақшасы.
3) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары.
5) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы.

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады