Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының ережелерін іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1205 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін іске асырудың кейбір мәселелері";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін іске асыруды үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |