Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған 2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровқа 2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 738 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Еуразиялық өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделілікті негізге ала отырып,
2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Күшіне енуі" деген 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".
Осы Хаттама екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімнің осы Хаттамаға қайшы келмейтін барлық қалған ережелері күшінде қалады.
Әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін |
Әлібек Қуантыров, |
Андреас Шааль, |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін | |
Жозе Тушетт, |