Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 757 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2022 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 757 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүргізеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қорғаншылар немесе қамқоршылар жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қорғаншының немесе қамқоршының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініші;

      2) құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде сәйкестендіру үшін қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжат;

      3) баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

      4) қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі;

      6) баланың (балалардың) кірісі (жалақы, алимент пен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ балаға (балаларға) тиесілі мүлкі есебінен кіріс алатынын растайтын құжаттар) туралы мәліметтер.

      Өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы (қорғаншылар үшін), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын растайтын құжаттарды, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шартты Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе бөлімнің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      9, 10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бөлім қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады және тіркеу журналында белгілейді.

      Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мән-жайлар қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      10. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы бөлім барлық құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.

      11. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді бөлім қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-і күнінен кешіктірмей жүргізеді.";

      14 және 15 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған, қорғаншы немесе қамқоршы бөлімнің кінәсінен уақтылы алмаған жәрдемақы мерзімі шектелместен өткен кезең үшiн бір мезгілде төленедi.

      15. Қорғаншы немесе қамқоршы тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы бөлімді көшкен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етедi. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алатын қорғаншы немесе қамқоршы тұрғылықты жерін ауыстырған кезде бұрынғы тұрғылықты жеріндегі бөлім тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қамқорлыққа алынушының жеке iсін жаңа тұрғылықты жеріндегі бөлімге жібереді. Бұл ретте қамқорлыққа алынушының жеке ісінде жәрдемақы төлемі қай күнге дейін жүргізілгені көрсетіледі.

      Жаңа тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеуді қайта бастау бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлеу аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақыны пайдалануын бақылауды бөлім жүзеге асырады.";

      19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бөлімнің қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым жасауға болады.

      20. Қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу бөлімнің шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) қамқорлыққа алынушының кәмелеттік жасқа толуы;

      2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге орналасуы;

      3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;

      4) қорғаншының немесе қамқоршының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;

      5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;

      6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;

      7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) бөлімнің қорытындысы негізінде ата-анасына қайтарылуы;

      8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;

      9) баланың (балалардың) орташа айлық кірісі сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, елордадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артып кетуі.

      21. Жәрдемақы төлеудi тоқтату бөлімнің шешiмi бойынша төлемдi тоқтатуға әкелетін мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргiзiледi.

      22. Егер қорғаншыға немесе қамқоршыға іздеу нәтижесінде ата-аналарының табылғаны, олардың емделіп шығуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босауы, қамқорлыққа алушының кірісінің өзгергені және қорғаншыға (қамқоршыға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының төленуін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге де жағдайлар туралы белгілі болса, ол бөлімді бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      23. Жәрдемақы төлеудi тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бөлім бұл туралы қорғаншыларды немесе қамқоршыларды хабардар етеді.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері және жәрдемақының пайдаланылуын бақылау";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бөлім жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының пайдаланылуын бақылауды жарты жылда 1 реттен сиретпей жүргізеді.".

      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Тағайындауды және төлеуді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүргізеді.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі бөлімге мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін;

      3) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігін электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесін;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шартты бөлімнің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бөлім бала асырап алушының біржолғы ақшалай төлем алуға құқығын тексереді және өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем түрінде төленген ақша қаражатын қайтару";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістерге
қосымша
  Жетім баланы және (немесе)
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы асырап алуға
байланысты біржолғы ақшалай
төлемді тағайындау және
қайтару қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

  __________________________
  (бөлімнің атауы)

Өтініш

      ___________________________________________________________

      асырап (баланың (балалардың) Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

      алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.

      Тегі______________________________________________________________

      Аты_______________

      Әкесінің аты (бар болса) ______________________

      Мекенжайы ________________________________________________________

      Соттың атауы ______________________________________________________

      Соттың 20___ жылғы "_____"_____________ №_______ шешімі

      Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      __________________________________________________________________

      сериясы ____________ нөмірі _______________ кім берген

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________

      Жеке шотының № _______________________________

      Банктің атауы ________________________________

      Қосымшалар:

      1) баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;

      2) бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

      4) асырап алынған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда бала асырап алушылардың бірінің атына жеке шот ашу туралы шарттың көшірмесі.

      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық туралы ескертілді.

      20 ___ жылғы "_____" ______ Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________

      Құжаттар қабылданды:

      20___ жылғы "___" ___________

      __________________________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ (қию сызығы)

      Азамат _______________________ өтініші қоса берілген құжаттармен

      20 ___ ж. "_____" ___________ саны _____ данада қабылданды

      __________________________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады