Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-3-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды ұйымдастырушылық және әдіснамалық қолдап отыруды жүзеге асыратын заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |