Алматы облысының коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 787 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыжаз орта мектебі және Ақбейіт бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады